Диссертация «Қазіргі қазақ Әдебиетіндегі табиғат лирикасы»



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата30.12.2016
өлшемі376,17 Kb.
#760
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7

кешеміз.


Көк шатырлап, жел қарпып,

Жайлар түсті жайнақтап.

Қап-қара сұр мұнартып,

Бұлт аспанда ойнақтап. 

  Бұл өлеңнен ұлттық өрнекті анық аңғарамыз. Қазақ халқы

аспан әлемін көк дейді. Зеңгір көк деген сөз көпке түсінікті. Ақын

қазақтың   ұғымына   сай   синоним   сөзді   қолданып,   ұғынықты   етіп

береді.   Бұл   жерде   буын   санын   сақтауды   жетік   меңгерген   ақын

шеберлігін де айқын көреміз. Ол күннің күркірегенін көк шатырлап

деп алады. Егер күн күркіреп деп алар болса, солғындау болып кетер

еді. Ал көкті шатырлатып деу өлеңге әр береді.  Әсемдік әлеміне бой

38


ұрып қана қоймай, сурет секілді көз алдыңа елестетеді. Сол секілді

жауын алдында аласұрған желдің өткір келетіні белгілі. Жаңбыр жауар

бұрын самал немесе аңызақ жел соқпайды. Осыны негізге ала отырып,

қарпып деген сөзді қосқан. Осы бір сөз арқылы өткір деген эпитетті

қоспай-ақ, аз сөзге көп мағына сыйдыра білген.  Одан кейін өрістете

дамыта отырып қаһарына мінген қара аспанды мұнартып көрсетеді де,

бұлтты ойнақтатып қояды. Егер жел болмаса бұлт қозғалмайды.   Ал

бұлттың ойнақтауы үшін қандай жел керек екенін айтпаса да болар.

Міне,   Ілиястың   табиғат   лирикасында   осындай   шеберліктері   айқын

көрініп   отырады.   Ол   өзіндік   ерекшелік,   авторлық   айшық   болып

табылады.   Ілиястың   Абай,   Мәшһүр   Жүсіп   Көпеевпен   ұқсастығы

баршылық.   Ол   озық   дәстүрді   жалғастырған   ақын.   Ілияс   та   табиғат

құбылыстарын   суреттей   отырып,   елдегі   әлеуметтік   тұрғыдағы

халықтың   қилы   тағдырын,   күн   көрісін   негізгі   нысана   етіп   алады,

әлеуметтік жүк артады.  Біздің күзде  өлеңі осыған дәлел.  

От жақтырды жауратып,

Шыңылтыр күзгі тымырсық.

Маздаған от болмаса,

Кемпір мен шал бүрісіп. 

Бұл   Абайдың     «Күз»     өлеңімен   үндес.   Осы   тұста

Мұхаметжан   Қаратаевтың   айтқан   мына   пікірі   орынды:     Дәстүрге

сүйену   дегенді   дәстүрге   еліктеу   немесе   қайталау   деп   ұғынатындар

болады және де дәстүрдің әсерін қабылдап, одан үйрену жолын осы

ретпен іздеу жиі кездеседі. [28.25] Бірақ ақын мұндай қасиеттерге бой

алдырмай,   барын   салады,   бабын   тексереді.   Табиғат   құбылыстарын

жырлай   отырып,   қоғамдық   тепе-теңдіктің   жоқтығын   айшықтайды.

Ақын күздің шыңылтыр тымырсығы   от жақтырды дейді. Бұл жерде

назар аударарлық  тіркес  шыңылтыр тымырсық деген тіркеске көңіл

ауады.   Әсте   күздің   күні   ауа   тымырсық   болады.   Ал   қара   күздегі

тымырсық  ауаның   шыңылтыр   болғаны   суық  екенін     білдіреді.   Осы

арқылы   күз   мезгілінің   ерекшелігін,   өзіне   тән   сипатын   көрсетеді.

Оқырманды осы жағы қызықтырса керек.

Қазақтың   аса   талантты   эпик   әрі   лирик   ақыны   Ілияс

Жансүгіров   табиғатқа   арнаған   өлеңдерін   ерте   кезден   жаза   бастады.

Ілияс   табиғатты   суреттеуге   келгенде   Абайды   өнеге   тұтады,   бірақ

Абайға   жалаң   еліктемейді,   өзінше   өрнек   жасауға,   табиғатқа   өзгеше

тыныс   беруге   құлшынады.   Ілияс   табиғаттың   бейнесін   динамикалық

қозғалыс   үстінде   жырлайды.     Жансүгіровтың   ақындық   қолтаңбасы

мықты да шымыр, әрі суарылған болаттай серпімді, суреттері кесек-

кесек,   сом-сом   бұлшық   еттей   білеуленіп,   бұлт-бұлт   етіп   тұрғандай

әсер   қалдырады.   Адамды   бірден   баурап   алады.   Өйткені   ақынның

табиғат лирикалары таудан құлай аққан судай арынды, екпінді, ойнақы

келеді, кейде тұнған табиғат суреттеріне ұласады. Ондай кезде лирик

ойын үдемелете, желдірте түседі. Мұның бәрі кең тынысты ақынның

ерекшелігін сипаттайды. Мысалы: 

“Ағынды менің Ақсуым” өлеңінде:

Таймаңдаған тайпақ ай,

39


Желегі ме, туы ма?

Шүйке шарбы бұлтты,

Қалқалай   қалды   қылқия,   [29.43]   -   деп   айды   қылмыңдаған

қызға   теңесе,   енді   бірде   айдың   сәулесі   мен   қайыңды   сүйістіреді,

“құдиған   қоңыр   құрақты”  судағы  “саусағын”  саудыратады.   Бұл

Ілиястың табиғатты суреттеуінде басқаға ұқсамайтын, өзіне ғана тән

айнымас бір тәсілі тәрізді. 

Ал,  


“Бұлт”  деген   лирикасында   таудың   биік   шыңы   түнде

“қабағы   мұз,   суық   шал”  бейнесінде   тас   жастанып   жатады.   Бұлтты

ақын   жолаушылап   келген   керуен   бейнесінде   алады.   Енді   бірде

мынандай теңеу жасайды:

Бұлт 

— бөбек, тау — ана,



Ана төсін аймалай,

Ұйықтай тұрсын ол бала,

Шыққанынша жел қалай.

Ақын осындай бейнелі де соны образдар табуға өте шебер-

ақ.   Бұл   Ілияс   лирикасының   ерекшелігі   болып   табылады.     Ол

табиғаттың     сұлу   сырларын,   әдемілігін   жыр   жолдарына   мөлдіретіп

тұндыра қояды. Оның лирикасында табиғат көркі өзгеше бояу, өзгеше

ренк, өзгеше тыныс алып, адам назарын еріксіз баурайды. Ойы, қиялы

қанатты ақынның қаламынан туған гауһар жырлар шебер тігіншінің

қолынан   шыққан   бұйымдай   жұтынып   тұрады.   Ілиястың   табиғат

суреттері сырлы да сәулелі. 

Ілияс   мектепте   мұғалім   болады,   балаларға   арнап   жылдың

төрт   мезгілі   туралы  

“Жазғытұрым”,  “Жазғы   шілде”,  “Күз”,  “Қыс”

деген   циклді   өлеңдерін   жазады.   Табиғаттың   әр   алуан   мезгілдеріне

байланысты   қазақ   аулының   тіршілігін,   өмірін   бейнелейеді.   Өмір

тіршілігі баланың қабылдау мүмкіндігіне байланыстырыла беріледі де,

мұның өзі негізінде ел өмірі туралы жазылған шығармаға айналады.

Шағын-шағын   төрт   өлеңге   ақын   мол   көріністерді   сыйғыза   білген.

Ілиястың   осы   өлеңдеріне   талдау   бере   келіп   Ә.Тәжібаев:  

“Жаңағы

аталған   өлеңдер   жеті   буынды   егіз   ұйқаспен   шапшаң   да   шымыр



жазылған. Әрбір қос жолда тұжырымды ойлар мығым айтылады да,

сол   қалпында   суретке   айналады,   [30.124]   -   деп   жазады.   Осы   дәл

айтылған, әділ пікірді біз де қолдаймыз.

Күзді   адам   көңілінің   қамығу,  торығу   сәтіне   сәйкес   толғау

(суреттеу   емес)   халық   әдебиетінде   бар   тәсіл.   Ілияста   суреттеу,

астарлау  бар.   Табиғатпен   тілдесіп   өскен   қыр   баласының   көңіл-күйі

мен   гүл   кейпіндегі   көрініс   астасып   жатады.   Гүл  

—  ежелден

нәзіктіктің,   көркемділіктің,   әдеміліктің   символы.   Ақын   гүл   арқылы

табиғаттағы   өсіп-өну,  өзгеру   процестерін   лирикалық   кейіпкердің   ой

елегінен өткізеді.

І.Жансүгіров   туған   жердің   қайталанбас   сұлу   табиғатын

ақындық бар шеберлігімен алдыңа жайып тастайды.  

“Ағынды менің

Ақсуым

” осы бір тіркесте, бір-ақ ауыз сөзге өзеннің бүкіл болмысын,



бар   сипатын   сыйғыза   білген.   Ақын   жаздың   бір   кешінде   өзен

40


жағалауын жалғыз аралайды. Лирикалық кейіпкер назарынан торғын

түннің бар сұлулығы тыс қалмайды: 

“жылмиған жұлдыз”, “қылшиған

қалақай


”,  “таймаңдаған   тайпақ   ай”,  “сүйіскен   қайың   мен   сәуле”,

“судыраған құрақ”. Өлең бойында лирикалық кейіпкердің осынау сұлу

әлемге деген таңдануы, тамсануы жатыр.

Туған   жердің   сұлу   көріністерін   ақын   нәзік   тілмен,   жүрек

үнімен жеткізуге тырысады.  

“Туған жер  —  туған шежіре”  екендігін

Ілияс ақындай толғап сүйіспеншілікпен жырлай алған қаламгер кемде-

кем шығар.

І.Жансүгіровтың 

“Ынтықтар” өлеңі Сәкеннің “Жазғы түнде”

өлеңімен   өзектес.   Сәкен   жер   бетін   көз   жасындай   мөп-мөлдір   шық

басқан   тыныштыққа   тұнған   ауылдың   жазғы   тұнық   түнін   әсерлі

суреттейді. Аспан да, жер де меруеттей құлпырып, өзгеше бір өңге

енген. Ақ нұрға малынып, ақ торғын перде жамылған тылсым түннің

тыныштығын сылдырап аққан су әлде бір күйге бөлегендей. Осындай

маужыраған табиғат аясында сүйген жарын, ғашығын тосып ерке бала

—  жас жігіт тұр. Жігіт жанындағы арпалысты, үмітке толы сезімді

ақын:


Келуге әлде ерініп,

Маужырап, балқып керіліп.

Жатыр ма екен төсекте?

Үміт үзбей келер деп

Ал Ілияс Жансүгіров 

Серт байласып сөйлескен,



Ынтығын ынтық сағынар.

Көңілі жақсы, түн тапшы,

Бір жолықса не ғылар

деген   өлең   жолдарынан   ауыл   маңында   маужыраған   түн



құшағында сүйген сұлуын күткен жас жігіттің кескін-келбеті көрінеді.

Қос  ғашық  

“сыбырласып, сырласып”  ақ таңды қарсы алады. Сәкен

өлеңдеріндей ұзақ болмаса да, суретте, пейзаж табиғатында ұқсастық

бар.   Сәкендегі   жымыңдаған   жұлдыздар,   сүттей   жарық   ай   мұнда   да

бар. Бірақ бұл қайталау емес, қалам қарымындағы ақындық жарыстан

туған үндестік болса керек.

Табиғатты сезімге, сезімді табиғатқа бөлеп жырлаған мұндай

өлең   Мағжанда   да   бар.   Өлең   мазмұны   жағынан   өзгеше.   Жаздың

қараңғы бір түнінде жас жігіт қара көз сұлуын тағатсыздана алаңдап

күтіп тұрады. Ал сұлу қыз сіңілісін қимай, сүйген жігітіне кете алмай

тұр.  Лирикалық   кейіпкер   болса   оларды   асықтырады.   Өлең   соңында

жігіт   қызды   алып   қашады.   Бүкіл   әлем,   табиғат  олардың,   қосылуын

қалайды. Ақын да оларды кедергіге ұшырамай, алдарына жетсін деп

түнді   жарық,   айлы   етіп   алмай,   қараңғылыққа   тіреп   қояды.   Қос

ғашықтың   межелі   жеріне   жетуін   тілеген   көңілмен:  

“таң,   тұра   тұр,

білінбе!


’’ – деп, өлеңін аяқтайды.

Мағжанның   осы   тақырыптас   екінші   бір   өлеңі  

—  “Күміс

нұрлы   ай

’’.   Бұл   өлең  —  табиғат   бояуы   әсем   берілген,   көркемдік

41


тынысы   кең,   бейнелі   де   шымыр   суреттерге,   теңеулерге,лирикалық

кейіпкердің   әрекетіне   толы.   Ақын   суреткерлік   қарымымен

құбылыстарды   нәрлендірер   өзіне   тән   үнмен,   бейнелеу   тәсілдерімен

әрбір   штрихы   мен   деталына   дейін   нәзік   те   сұлу,   дәл   де   айқын

жеткізуге күш салады. Түнгі сурет ақын қаламынан судырай төгіледі:

Күміс нұрлы Ай. Жұлдыздар 

— алмас, жібек жел,

Сыбырласып, жас қайыңдар бұраң бел...

Қан қайнайды. Жас жүрегім ойнайды.

Бір сүйейін! Жақында, жаным, бері кел!

Сезім   мен   сурет   дегеніміз   осы.   Ілияс   лирикасының   бір

ерекшелігі табиғат құблыстарын адам сезім-күшімен жымдастырып,

үндестіріп   жеткізуінде.   Лирикалық   кейіпкер   көңіл-күйін   табиғат

болмысымен тығыз байланыста алып, кейде сол табиғат құбылыстары

керісінше   адам   бойындағы   нәзік   сезім,   көңіл-күйдің   өзгерісін

сездіргендей,   ишара   еткендей   болып   кетеді.   1924   жылы   жазылған

“Түн’’ өлеңі он тармақтан тұрады.

Қараңғы түнді жамылып,

Қайыққа міндік бір түні.

Аспаннан шашу шашылып,

Алтынға толды көл түбі.

Сылдырап, толқын сыбдырлап,

Жеңіл жел жұмсақ желпінді.

Сүйтсе де түнге ауырлық,

Аударғандай басып, дел-сал қып,

Жүдетті жан шіркінді.

Лирикалық   кейіпкер   көңіл-күйдің   жүдеу   тартып,   жаны

әлденеге мазасызданып қиналыс танытып тұрғаны өлеңнің алғашқы

жолдарынан-ақ аңғарылады.   Түннің қараңғылығы   - осыған  дәлел.

Алайда, ақын суреттеуінде табиғат өз сұлулығын паш етіп, лирикалық

кейіпкер   ойын  аша  түседі.  Ақын     аспаннан  шашу   шашып,  алтынға

толы көл түбі  деп жауынды шашылған шашуға, ал көлге сіңіп жатқан

тамшыларды алтынға теңейді, сөйтіп әдемі сурет түзеді.

Ілиястың табиғат лирикасына тән ерекшеліктің бірі  

–  оның

ақындық танымының кеңдігі, сондықтан да оның жырларынан ерекше



тыныспен   өзіндік үн, лирикалық леп есіп тұрады. Табиғаттың сұлу

сипатын,   көркін   қалай   жырласа   да,   ақын   ыстық,   албырт   жүрекпен,

сырлы да нұрлы сезіммен жырлайды.  Желді қарағай  өлеңінде табиғат

құбылысын төгіп-төгіп жіберген нөсер екпініндей екпінмен, толқынды

ойлар   қаумалағандай   үдемелете   отырып   жырлайды.     Ойды   ой

дамытып, ерекше үйлесімділік салтанат құрады, сурет үлкен ақындық

өнер   үлгісімен   бейнеленеді.     Желді   қарағай     өлеңі  

–  таза   табиғат

көріністерін   лирикалық   кейіпкер   тағдырымен   тамырлас   етіп

жырлауымен өзіндік өрнегін аңғартады:

Жайлауым желді қарағай,

Жайлауымда ем жарасқан.

Жанымда жайлау жағалай,

42


Жанса, қалай жақ ашпан. 

Жайлауды   жеңіл   желпіген   желмен   сипаттай   отырып,

Осындай жайлауда елім деп жарасқан, мұны көрген мен қалай тұрам

жақ ашпай  деп лирикалық кейіпкер ойын айшықты жеткізеді.

Табиғат лирикаларының ішінде Ілиястың басқа өлеңдерінен

оқшау тұратын, 1925 жылы жазылған  Жетісу суреттері  атты өлеңі Ол

жайында М.Әуезов:   Мен Ілиясты бұрын да білуші ем, өлеңдерін де

оқып жүретінмін. Бірақ оны шын мағынасында дарынды ақын екенін

мойындағаным сол  Жетісу суреттері  өлеңін оқығаннан кейін  деген. 

Бұл   пікір   Ілиястың   бұған   дейінгі   жазған   өлеңдеріндегі

ізденістерді,   жетістіктерді   жоққа   саймайды,   қайта   бұл   ''Жетісу

суреттерінде''   көрінген   зор   талантты   дарынды   ақынның   қалам

қарымын дұрыс аңғарып, зор баға беруімен құнды.  

Тарбиған   Тарбағатай   жердің   құты   болған,     Оранған   ақ

кебенек аруақты Алтай  үшін ерте заманнан бері талас-тартыс болып

келген жайды ақын:

Ертеде сол асқардың сәулетіне,

Қиыспай қырғындасқан талай жұрты, 

–  деп   кетсе,   жылысып   бір   мінезбен   жылжып   аққан   Іле



өзенінің жағалауы үшін талай шайқасулар болғанын ақын:  Ел шайқап

ердің қанын ішкен Іле  

– деп сездіріп отырады.

Бұл   І.Жансүгіровтың   ақындық   өнерінің   құдіретін   анық

танытқан,   осы   уақытқа   дейін   жазған   өлеңдерінің   бір   парасының

қорытындысы іспеттес. Ақын әрбір көріністі көркем бейнелеулермен

ғана   береді.   Көркем   теңеулерді   қиыстырып   шебер   қолданады,   тың

бейнелеулерді   оп-оңай   таба   біледі,   оны   ойната   барынша   мол

пайдаланып,   айшықты   бояуды   армансыз-ақ   құлпырта   қолданғанын

көреміз. Бір шумақтан екінші шумаққа көшкен сайын  бейнелеу, образ,

көрініс үдей құлпырып адам жанын баураған үстіне баурап, барынша

тарта түседі.

Жетісу кеудең асқар, аяғың көл,

Қоңың құм, мықыныңда бар сексеуіл,

немесе:

Шөгіскен шоғыр асқар қатпарланып,



Қия құз мұсатыр мұз жақпарланып,

Емес пе көк ала бас, ақ буралар

Оралған шудалары мақпалданып, 

– 

десе, енді бірде мұз көйлек киген, белін мұнара сағыммен



буынған,   бір-біріне   тұтаса   биікке   таласқан   таулар   түйе   бейнесінде

алынады. Ал, көкала бас ақ буралар оның қарлы шыңдарындай болып

елестейді.

  Жетісу   суреттері     Ілиястың   ақындық   талантының   зор

екендігін     танытқан,   оның   шығармашылығының   алғашқы   кезеңіне

түйін жасаған туындысы  болды.

Ілиястың     Жетісу   суреттері     деген   өлеңі  

–  жер   жанаты

саналған Жетісудың табиғатын, тауын, суын, жәндігін, жерінің түгіне

43


дейін   бөлек   тақырып   етіп   жырлауымен   құнды.   Табиғаттың   барлық

кескін келбетін, тіршілік-тынысын, жан-жануары, аң-құстарына дейін

толық   дерлік   кең   қамтып,   кең   тыныспен   жырлаған   ақынның   бұл

шығармасы шын мәнінде шоқтығы биік туындыға айналды. Табиғат

лирикаларының ішінде 

–  Жетісу суреттерінің  алатын орны да бөлек,

өйткені көркемдік деңгейі табиғат, жаратылысты суреттеу мәдениеті

де   жоғары.   Жерұйықты   іздеген   Асан   қайғы   бабамыз   шын   мәнінде

Жетісу өлкесінің сұлу көркіне көз тоқтатпай кете алмаған ғой. Іздеген

адамға   жердің   Жерұйығы   да,   жаннаты   да   осында   деген   ойды   ақын

поэзия   тілімен   тамылжытып,   еміреніп,   елітіп   отырып   жеткізеді.

Ілиястың   бұл   туындысын   Жетісу   табиғатын   өмірінде   көрмеген   жан

оқитын болса, сөзсіз бір көруге аңсары ауады

…  Ақын   Жалпы сын

бөлімінде   Жетісуды   құрайтын:   Күркілдек,   Көксу,   Лепсі,   Іле,   Шу,

Қаратал   өзендерін   санамалап   өтеді,   бұлтқа   оранған,   меңіреу   құз-

шатқалдарға,  тоғай,  құм, қоғалы  көлдеріне тоқталады,  малға,  жанға

жайлы   табиғатын   жалпы   сипаттағанымен,   нақты,   арнайы   тоқталып

суреттемейді.   Ал   енді     Тау   суреті     бөлімінде   Жоңғар   алатауы   деп

аталып   жүрген   өзіміздің   Алатаудың   Ақшұнақ,   Жабағалы,

Мыңшұңқыр, Таз деп аталатын сілемдерімен биік құздарына, сондай-

ақ   Аршалы,   Амантекше,   Қарасырық,   Қараүңгір,   Қалмақасу,

Қаражырық,   Салқынбел,   Сайымбөлекке,   Бүркітінің   Үшбүйен

шоқысына тоқталып қиял қанаты қыран көтерілер биіктен қарағандай

сүзіп   өтеді.   Бала   кезден   білетін   жыланы   көп   Қаратауды   сырт

қалдырмайды.   Талғар   тауы,   Үшқараш,   Қарқара,   Мыңжылқы,

Былшықсай,   Бесырғалаң,   Түп,   Үшқара,   Лабасы,   Хантәңірі   түгел

дерлік   бейне   бір   топографиялық   сипаттама   жасағандай   әсермен

берілген. Ілияс жердің бет-бедерін, ойысы мен сайын, тауларын, жота,

құздарын, шыңдарын, жайлауларына дейін жақсы білген, өзі сейілдеп,

елігін қуып, аралап көрген. Тау мен жота, шың құздардың отыздан аса

атауын тілге тиек етіп, жырда өлең жолдарына ұйқастыра, емін-еркін

төгілтіп баяндайды. Алатау тау сілемін құрайтын таудың бүге-шігесіне

дейін   географиялық   атауымен   жыр   жолдарына   өрнектейді,   бұл

оқырманды   жалықтырмайды,   қайта   ақынның   жерді,   тауды,   өзен-

суларды нақты сипаттап баяндауы қызықтырып отырады. Оның басты

бір   себебі,   ақын   Жетісудың   тауларын   зерттеп,   жақсы   танысып

шыққан, тау жүйесін терең білгені сонша география маманының өзі

Ілиястың   өлеңінде  айтылып  отырған  атаулардың   бәрін  біле  бермеуі

мүмкін. Тауды жырлаған ақындарымыздың жырларында бірер таудың

аты   аталғаны   болмаса,   дәл   Жансүгіровтей   тұтас   тұрғыда   алып

жүздеген   шақырымға   созылып   өркештеніп,   тізбектеліп   жатқан

табиғатымыздың сәні, өзен-суларымыздың бастау алар қоры тауларды

жырлаған ақын жоқ.  Жетісу суреттеріндегі  таудың суреті 

– тұтас бір

әлем.  Жетісуда су суреті  деп аталатын бөлімде Жетісудың өзендерін

атап суреттейді, Қараталға тоқталады.  Ілияс Жетісудың алтын өзенін

бөлек-бөлек   баяндайды,   елдің   шаруашылығына   жарап   жатқанына

тоқталады.  Жетісу жәндігі  бөлімінде: сілеусін, ілбіс, аю, бұғы, бұлан,

44


қасқыр, қарақұлақ, шүйебөрі, қарсақ, сусар, бұлғын, жанат, таутеке,

асқар,   құлжа,   қарақұйрық,   марал;   құстарынан:   тазқара,   құмай,   су

бүркіт, лашын, тұйғын,  тұнжыр,  тынар,  мықи,  ителгі,  бәрпі, қырғи,

құр,   тұрымтай,   бидайық,   тығанақ,   үкі,   ақсары,   құладын;   Алатауды

мекендейтін торғайлардан: қара, боз, суық, бұқбас, сипті, шымшық;

шапшақай,   майлық,   маубасбұқа,   шөже,   тоқылдақты,   жалпы   саны

елуден   аса   жәндіктерді   жырға   қосады,   бұл   санда   да   аз   емес,   бұл

келтірілген   жәндіктерден,   аң-құстардан   бүгінде   жойылып   кеткені

жетерлік, қызыл кітапқа енгені де бар. Ақын Алатауды мекендейтін,

қазақ   жерінің   жәндіктерін,   аң-құстарының   атын   атап,   түсін   түстеп,

есепке, тізімге алғандай тізбелеп отыруында қандай себеп салдар бар

дейсіз.   Ақын   аң-құстарды,   жәндіктерді,   жабайы   аңдарды

табиғатымыздың сыйы, Жетісудың көркі, тіршілігіміздің ажырағысыз

бір   бөлігі   ретінде,   біртұтас   жан-жануарлар   әлемін   құрайтын   дүние

ретінде, бүгінгі тілмен айтқанда биосферамызды суреттеп отыр. Атам

қазақ   иттің иесі болса, бәрінің тәңірісі бар   деп ұққан. Иесіз, басы

артық   нәрсе   жоқ,   дүниеде,   табиғатта   бәрінің   де   орны   бар.   Ақын

табиғатты оның фаунасы мен флорасын сақтау деген мәселені де жыр

тілімен жеткізіп тұрған жоқ па,   Жер түгі  бөлімінде ағаштан: қарағай,

тал, долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша, қызыл қайың, барша, шынар,

шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен, үйеңкі, шырғай, тораңғы, сары

ағаш, қойқарақат, жиде, тобылғы, түйеқұйрық, бауырқұрттар, қараған,

бозқараған,   шеңгел,   шілік   т.б.   түрлері   барын,   бір   ғана   ағаш   пен

бұтаның 30-ға жуық түріне тоқталады. Осы ағаштардың ішінен барша,

қойқарақат, түйеқұйрық, бауырқұрттарды біле бермейміз. Шөптерінен:

сарыкүйік,   тауқонақ,   шәйшөп,   маңқа,   құлынембес,   сүттіген,   еңлік,

мыңтамыр,   жуа,   рауаш,   жаужапырақ,   балауса,   раң,   жапырақтеңге,

балдырған,   у   қорғасын,   атқұлақ,   жүлкеуір,   бәрпі,   шырыш,   шытыр,

сорғыш, селдір, ермен, бақбақ, сыбызғы, жалбыз, құлмаң, қарақияқ,

шоқайна,   меңдуана,   сора,   шақпақ,   шырмауық,   кендір,   қылша,

жыланқияқ,   қанжыға,   қоға,   сасық,   аққой,   таусарымсақ,   қымыздық,

қызсаумалдық,   қалақай,   атқұлақ,   құстаңдай   және   т.б.   ақын   50-дей

шөптің түрін жырға қосады. Әрине мұның өзі де толық бола қоймас,

ғалымдар Ақсу-Жабағылы қорығында (Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан

облысы   аймағында   таулы   аймақты   қамтиды)   300-ден   астам   өсімдік

түрлерінің өсетіндігін мысалға келтіреді. Ілияс та небір поэтикалық

атауларды   да   кезіктіріп,   тау   елі     шын   сүйіп   ат   қойғанына     разы

болғандай. Шын мәнінде төрт құбыласы, төрт тарапы сай келген сұлы

табиғат,   сөзбен   баяндап,   жеткізе   алмайтын   Жетісу   жерінің

тамашалығын   Ілияс   екпінмен,   төгіп-төгіп   жырлайды.   Табиғат

көріністеріне,   жеріне,   өзен-сулары   мен   жан-жануарларына   деген

еміреніс,   сүйіспеншілік,   сондай-ақ   ата-мекенге   деген   мөп-мөлдір

азаматтық   сезімі     Жетісу   суреттерінде     соншама   шынайы   пәктік

қалыпта берілген. Табиғат көркін оның табиғи сұлулығын бейнелеуге

келгенде Ілиястың қалам қарымы домбыра шанағынан төгілген күйдей

күшейіп, ойлары түйдек-түйдегімен үсті-үстіне үдете түседі, суреттеп

отырған объектісі, нысанасы жанданып, оқырманды табиғат тылсымы

45


әлеміне елтіп алып кетеді. Ақынның тілі өте бай, айтайын деген ойын

еркін көсілте  баяндап, суреттеп жеткізе білуге шебер. Жыр жолдары

хас   шебердің   қолынан   қашалып   түсіп   жатқандай   әсер   қалдырады.

Жетісу   суреттері     қазақ   табиғат   лирикалары   ішіндегі   классикалық

туынды  деп  санауға  әбден   болатын  шығарма.   Па  шіркін,  табиғатты

жырласаң Ілиястай  жырла дегізетін сәуле шашқан гауһар жыр.

Рас,   Ілиястың   ертеректе   жазылған   лирикалық   өлеңдерінде

көрінетін табиғат суреттері ептеп мұнда да ұшырасып отырады. Бірақ

ақын өзін-өзі қайталамайды.

Көк орман, көркем тоғай маужыраған,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет