Диссертация «Қазіргі қазақ Әдебиетіндегі табиғат лирикасы»



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата30.12.2016
өлшемі376,17 Kb.
#760
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

МАГИСТРАТУРА

«Журналистика және қазақ филологиясы» кафедрасы

 

Магистрлік диссертация

«ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ»

6N0205 «Филология: қазақ филологиясы»

Орындаушы _____________________________ Р.М. Қазыбек

(қолы, күні)

Ғылыми жетекшісі

Профессор _____________________________    Г.Қ. Жусупова

(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді:

«ЖжҚФ» кафедрасының

меңгерушісі, профессор ___________________ Г.Қ. Резуанова

(қолы, күні)

Павлодар, 2006 жыл

Мазмұны

Кіріспе


………………………………………………………………… 7-8

1. Жыраулар поэзиясындағы табиғат көріністері

………………......9-15

2. Дәстүр сабақтастығы, идея төркіндестігі

………………………..16-77

Қорытынды

………………………………………………………......78-80

Қолданылған деректер тізімі

……………………………………......81-82

2


Аннотация

This research paper deals with the development of Kazakh literature. 

It is written in detail natural verses of Asan Kaigy, Dospambet, Abai and 

other poets and also problems of advanced ideas and traditions are 

analysed. 

Бұл   магистрлік   зерттеу   жұмысында   қазақ   поэзиясындағы

табиғат   лирикасы   қарастырылады,   ең   алдымен   ауыз   әдебиетінің

көрнекті   ақын  

–  жырауларының   жырларындағы   табиғаттың   көркі,

келбеті сүреті қалай сипатталынғанына тоқталынады. Қазақ ақындары

поэзиясында табиғат лирикасы қалай жырланған, оның тақырыптық

аясы, даму ерекшелігі арнайы сөз болады.

3


Жұмыстың жалпы сипаттамасы 

1.  Зерттеу  жұмысының   өзектілігі.  Жыраулар   поэзиясының

бастап, Абай, Шәкірім, М.Ж. Көпеев, Сәкен, Ілияс, Мағжан, Мүқағали

сынды   классик  ақындар   шығармаларындагы  табиғат   лирикасын

зерттеуімізге   нысана   еттік.   Тақырып   өзінің     ауқымдылығымен,

дәстурлік   сипатымен   ерекшелінеді,   әрі   әр   кезең   ерекшелігіне   орай

табиғат көріністері ақындар шығармашылығында әр алуан қырынан

жырланып   отырады.   Жырланып   отырған   тақырып   нысанасы   бір

болғанымен   шешім   де,   баяндау,  суреттеу,  бояу   нақыш   та   әр   алуан

келеді.   Әдебиетіміздегі табиғат лирикасының даму үрдістері, дәстүр

сабақтастығы айқын сезіліп отырады. Айтылып отырған мәселелерді

ашып көрсету тақырыптың ғылыми өзектілігін көрсетеді. 

2.   Зерттеу   нысаны.  Табиғат   лирикасын   арнайы   қарастырып,

ақың-жыраулар   поэзиясында   табиғат   көріністерінің   қалай

сүреттелінгені,   сондай-ақ   қазақ   классик   ақындарының

шығармаларындағы табиғат бейнесінің жырлануы зерделінді.



3.   Зерттеу   жұмысының   мақсаты   мен   міндеттері.  Зертеу

еңбегіміздің   басты   мақсат-міндеті   қазақ   әдебиетіндегі   табиғат

лирикасының табиғатына талдау жасау, яғни 15-18 ғасырдағы ақын-

жыраулар   поэзиясы   мен   қазақ   әдебиетінің   атасы   Абай,    

Шәкәрім,

М.Көпеев   және   т.б.   классик   ақындардың   табиғат   лирикаларына

талдау жасай отырып, табиғат лирикасының даму тенденциясын ашу,

олардың поэтикалық  ізденістерін  шығармаларындағы  жаңашылдық

пен дәстүр жалғастығын зерттеп саралап көрсету.

4.  Зерттеу жүмысының дереккөздері.  Лирикалық шығармаларға

қатысты арнайы қалам тартып, жалпы лирикалық туындының көркем

табиғатына   көңіл   аударған  Ю.Борев,   Л.Гинзбург,   В.К.Контор,

В.А.Лось,   А.А.Потебня,   А.Бармин,   М.Н.Эпштейн,  О.Н.Яницкий,

С.А.Липин,   Ю.В.Бондарев   (Борев   Ю.   Эстетика.  Москва:   „Наука,,,

1969.   —   318   с;   Гинзбург   Л.   О   Лирике.   Ленинград,   „Советский

писатель,,, 1974. — 217  с; Контор В.К. Русская эстетика и критика

40-50 годов 19 века. Москва, „Наука,,,  1979. — 224 с; Потебня А.А.

Эстетика и поэтика. Москва, „Искуства,,, 1976. — 333 с.  Бармин   А.

Своеобразие пейзажа в эпопеии XX века. Москва, „Наука,,, 1970, —

182   с;   Эпштейн   М.Н.   Природа,   мир,   тайник   вселенной.   Москва,

„Высшая школа,,, 1990, - 410 с; Яницкий О.Н. Экология перспектива

города: Москва, „Наука,,, 1987. - 167. с; Липин С.А. Человек глазами

природы. Москва, „Советский писатель,,, 1983. —  290 с. Бондарев

Ю.В. Человек несет в себе мир. Москва, „Молодая гвардия,,, 1980.

256   с.)   еңбектерін   атап   өтуге   болады.   Лирика   жанрына   қатысты

талдаулар   қазақ  өдебиеті   ғылымында   Е.   Ысмайылов   (Әдебиет

жайлы   ойлар,   Алматы,   „Жазушы,,,  1968.   —   320   б),   С.Қирабаев

(Революция   және   әдебиет.   Алматы,   „Жазушы,,,   1977.   —  376   б),

М.Дүйсенов (Ғасырлар сыры, Алматы, „Жазушы,,, 1965), Ә.Тәжібаев

(Өмір  және   поэзия.   Алматы,   ҚМКӘБ,   1960)   Т.Әбдірахманованың

(Қ.Аманжоловтың

 поэтикасы.   Алматы,   „Жазушы,,,   1988)

зерттеулерінде   зерттеу   тақырыбының  нысанасы   болып   отырған

ақындар жөнінде, олардың шығармашылық қырлары туралы жақсы

пікірлер айтылады. Сондай-ақ баспасөз беттерінде көптеген әдеби-

сын мақалалар жарық көрді. Солардың ішінен З.Ахметов (Өлеңнің

өрен жүйрік Қүлагері // Қазақ әдебиеті. — 1994, 14 маусым), Айтов

4


Н.   (Талант   тегеуріні   //  Қазақстан   мүғалімі   —   1985,   11   қаңтар)

Абдуллин X. Мағжан жене Сәкен // Халық кеңесі. — 1994, 14 шідде),

Әбдрахманова   Т.  (Қазақ   поэзиясындағы   Ілияс   дәстүрі.   //  Ақиқат   —

1994,   66   —   68,   71-беттер),   Сүлейменов   Б.   (Табиғат   жыршысы.   //

Қазақ  тілі   мен   әдебиеті.   —   2002,   211)   т.б.   материалдарды   атап

өткен   жөн.   Қазақ  поэзиясындағы   лирика   жанры   жөніндегі

Ә.Жөмішев,   Т.Тоқбергенов,

 Б.Ибраимовтың   әдеби-сын

мақалаларын   да   атап   өткен   жен.   Біз   қазақ   әдебиетіндегі  табиғат

лирикасын   қарастырған   кезде   жоғарыда   тоқталған   авторлар

еңбектеріне  сүйене   отырып,   ақын-жыраулар,   сондай-ақ   Абай,

Ыбырай, басқа да көрнекті  ақындардың шығармашылықтарындағы

табиғат лирикаларына тоқталып, талдау жасауға үмтыламыз. Табиғат

көрінісі   алдымен   ауыз   әдебиеті   үлгілерінде,   әсіресе,  XV-XVIII

ғасырларда   ғүмыр   кешкен   ақын-жыраулар   шығармаларында

суреттелініп, адам  мен   оны  қоршаған   орта   табиғаты   жырға   арқау

болды.   Сондықтан   біз   ақын-жыраулар   поэзиясының   көрнекті

өкілдеріне   тоқталдық,   олардың   еңбектерін,

 жинақтарын

пайдаландық.



5. Зерттеу жүмысының теориялық және әдіснамалық негізі.

Бүгінгі   қазақ   әдебиетін   тану   ғылымының   зерттеу   мектебі   мен   әдісі

қалыптасқан   ғылым   саласына   айналған.  Бізде   өз   зерттеуіміздің

теориялық   және   өдіснамалық   негізіне   әдебиеттану  ғылымындағы

зерттеу   жүмыстарына,   солардың   әдіснамалық   негіздеріне,   өдебиет

теориясына,   әдіснамасына   қатысты   еңбектерге   сүйендік.   Бүл

Қ.Жүмалиевтің  „Әдебиет   теориясы,,,   З.Қабдоловтың   „Сөз   өнері,,,

З.Ахметовтың   „Қазақ   өлең  қүрылысы,,   атты   еңбектері,   сондай-ақ

басқа да ғылыми басылымдар мықты жетекші қүрал бола алады.

6.  Зерттеу   әдістері.  Зерттеу   жүмысымызда   әдебиеттану

ғылымында   қолданылып  келе   жатқан   едістерді   үнемі   басшылыққа

алып   отырдық.   Ең   алдымен   табиғат  лирикасының ерекшелігін ашу

үшін міндетті түрде салыстыру, топтау, талдау жасау, өткен   әдебиет

үлгілерімен   байланыста   алып   қарау   әдістерін   қолдандық.

Әдебиетіміздің жанрына бүгінгі күн түрғысынан, заман ағымы, өдеби

мүраларды, қүндылықтарды бағалау түрғысынан қарадық.

7.

  Зерттеудің   гылыми  жаңалығы.  Зерттеу   еңбегімізде   15-18

ғасырларда ғүмыр  кешкен  акын-жыраулар  поэзиясындағы   табиғат

көріністерінің  жырлану  ерекшелігі   накты  талданады.  Бүл

такырып  бүрын  арнайы,  жеке  қарастырылмаған.  М.Көпеев,

Шәкәрімнің 

де 


табигат 

лирикасы 

зерттелінбеген,

 біз


мүмкіндігімізше  мүны  ғылыми  түрғыда  қарастырып  зерделедік.

Табиғат  лирикасындағы лирикалық кейіпкерді, ақынның шеберлігін,

дүниетанымьш,

 жанрдың 

эстетикалық 

сипатын,


 дәстүр

сабактастығын  жүйелі  түрде  талдау  барысында  к.арастырдьіқ.

Табигат лирикасындағы жаңашылдық сараланды.

8. Қөрғауга ұсынылатьш түжырымдар. Бірінші, ақын-жыраулар

поэзиясындағы  табиғат  көріністерінің  берілуі,  оның  жазба  әдебиет

өкілдерінен  айырмашылығы.  Абай,  Ыбырай,  Шөкөрім,  М.Көпеев

жоме  т.б.  ақындардың  табиғат  лирикасы  несімен  ерекшеленеді,

үқсастықтары бар ма, тақырып қайталаушылық сезіле ме. Ақындардың

шеберліктсрі  калай  көрінеді,  бейнелеу,  теңеу  қүралдары,  ізденістері

ақындык  мәдениеті  қандай  деңгейде  корініс  тапқан.  Дәстүр  мен

жаңашылдық табиғат лирикаларында калай бейнеленгені сөз етіледі.



9.   Зерггеудің  теориялык  және   практикалық   мәні.  Еңбекте

табиғат  лирикасының  даму   тенденциясы   туралы   қорытындылар

жасалынады.   Зерттеу  табигат  лирикасын  зерттеушілерге,   жеке

5


ақындардың

 шығармаларын

 оқып-үйренушілерге  көмекші,

методикалық қүрал бола алады.



10.  Зерттеу  жумысынын  мақүлдануы  мсн  жариялануы.

Зерттеу жүмысының негізгі түжырымдары мына басылымдарда

жарияланды:  Павлодар  унинерситстіпіп  ғылыми  хабаршысы  №1,

2006.  Р.Қазыбек.  „Қазақ  поэзиясыңдағы  табиғат  коріністсрі.  0,4  б.т.

С.Торайғыров  атывдағы  Павлодар  мемлскеттік  университеті.

Халықаралық  ғылыми  тірактикалық  конференііия  материалдары.

Сәтпаев  оқулары.  Павлодар  .2006.  Р.Қазыбек  Ақын-жыраулар

поэзиясындағы  табиғат  корінісі.   0,4  б.т.  «Қазақ   батырлары»   2006

«Мұқағалидің табиғат лирикалары»

11.  Зерттеу  жүмысыньщ  күрылымы.  Зсрттеу  жүмысы

кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан түрады.

6


Кіріспе

Қазіргі таңда қазақ әдебиеттану ғылымында лирика жанры жан-

жақты   зерттеу   объектісіне   айналып,   оның   тарихына,   даму

процестеріне,   поэтикасына   байланысты   әр   түрлі   ғылыми   еңбектер

жарық көрді. Ал енді жан-жақты жеке қаралуға тиісті мәселелердің

бірі  


—  қазақ поэзиясындағы  табиғат лирикасы болса, бұл тақырып

арнайы қарастырылмай келеді.

Лирика көркем әдебиет тегінің бірі ретінде, ақынның дүниеге

қарым-қатынасын,   өмірге   көзқарасын,   толқынды   көңіл-күйін,   терең

тынысты сезімін, іңкәр жүрегін мөлдіретіп суреттеу, образды бейнелеу

арқылы жеткізеді десек те, кез-келген серілік пен әсер  лирикаға арқау

бола бермейтіндігін де ескергеніміз мақұл. Ақынның өзі өмір сүріп

отырған   әлеуметтік   болмысы   күрделі   адамгершілікке,   гуманизмге

толы қоғам, философиялық  толғаныстар мен қоғамдық көзқарастар,

халқына   деген   махаббатқа   толы   сезім  

–  лирикалық   шығармаға

қашанда өзек болып келеді.

  Лирика  әдебиеттану ғылымында ертеден қолданылып келе жатқан,

әбден қалыптасқан термин. Ертедегі Грекцияда   лира   деп аталатын

музыкалық   аспаппен   сүйемелденіп   айтылатын   өлеңдерді     лирика

деген.   Осы   ұғым   бертін   келе   адамның   көңіл-күйін   бейнелейтін

поэзиялық   шығармаларға   қолданылып,   термин   ретінде   қалыптасты.

Қазақ  тілінде бұл терминге балама  боларлық   өлең   деген  сөз  бар.

Лирика  деген ұғымды толық бере алатын осы сөз.

Дүние   жүзілік   поэзияның   қай-қай   ірі   өкілдерінің

творчествосына   көз   жіберсеңіз,   барлық   ақын   соқпай   өтпейтін   бір

межелі нысана бар екенін білеміз. Ол  

—  табиғат. Поэзия тарихында

табиғатты жырламаған ақын жоқ. Оны қай ақын да шама-шарқынша

жыр етуге ұмтылған. Олай болуы заңды да. Өйткені табиғат  

— адам


атаулының ежелден бергі анасы. Адам біткеннің бәрі де өзін қоршаған

табиғаттың   бай   әлемімен   ғұмыр   бойы   кіндіктес,   сырлас.   Адам

тіршілігі   өле-өлгенше   табиғатпен   байланысты.   Ендеше   тіршіліктің

тынысын   түптеп   тартып   жырлайтын   суреткер   назарының   үнемі

табиғатқа аууы  

—  табиғи құбылыс. Бүгінгі таңда қазақ әдебиеттану

ғылымында табиғат лирикасы дегенде жалпы ақындардың бірен-саран

өлеңдерін   көрсетіп   өткенімен   нақты   қазақ   поэзиясының   табиғат

лирикасына   тоқталған   ғалым   жоқ.   Қияхметова   Шара   Әсетқызының

“Қазақ   лирикасындағы   табиғат   пен   тағдыр”  атты   диссертациялық

еңбегі   және   Мүтиев   Зейнолла   Жақсылықұлының

 

“Фариза



Оңғарсынованың лирикасы

”  атты диссертациясы   сынды бірлі-екілі

ақындардың   поэзиясындағы   лирика   жайында   жазылған   зерттеу

еңбектер бар. Әрине, арнайы айтылып түбегейлі қарастырылмаса да,

кейбір   сын   мақалаларда,   зерттеу   жинақтарда,   монографиялық

еңбектерде жекелеген ақынның шығармасын, оның көркемдік қуатын,

поэтикасын,   шығарманың   стильдік-жанрлық   ерекшеліктерін   зерттеу

барысында   бұл   мәселенің   жалпылама   болса   да   сөз   арасында



айтылатынын байқаймыз. Лирикалық шығармаларға қатысты арнайы

қалам тартып, жалпы лирикалық туындының көркем табиғатына көңіл

аударған   Ю.Борев,   Л.Гинзбург,  В.К.Контор,   В.А.Лось,   А.А.Потебня,

А.Бармин,   М.Н.Эпштейн,   О.Н.Яницкий,   С.А.Липин,   Ю.В.Бондарев

(Борев Ю. Эстетика. Москва:   Наука , 1969.  

—  318 с; Гинзбург Л. О

Лирике. Ленинград, Советский писатель, 1974. 

— 217 с; Контор В.К.

Русская эстетика и критика   40-50 годов 19 века. Москва,    Наука ,

1979. 


— 224 с; Потебня А.А. Эстетика и поэтика. Москва,  Искуства ,

1976.  


—  333 с. Бармин А. Своеобразие пейзажа в эпопеии ХХ века.

Москва,  Наука , 1970, 

—  182 с; Эпштейн М.Н. Природа, мир, тайник

вселенной. Москва,    Высшая  школа , 1990, - 410 с.; Яницкий О.Н.

Экология перспектива города: Москва,  Наука , 1987. - 167. с; Липин

С.А. Человек глазами природы. Москва,   Советский писатель , 1983.

— 290 с. Бондарев Ю.В. Человек несет в себе мир. Москва,  Молодая

гвардия , 1980. 256 с.) еңбектерін атап өтуге болады. Лирика жанрына

қатысты талдаулар қазақ әдебиеті ғылымында Е. Ысмайылов (Әдебиет

жайлы   ойлар,   Алматы,     Жазушы   ,   1968.  

—  320   б),   С.Қирабаев

(Революция   және   әдебиет.   Алматы,     Жазушы   ,   1977.  

—  376   б),

М.Дүйсенов (Ғасырлар сыры,  Алматы,  Жазушы , 1965), Ә.Тәжібаев

(Өмір   және   поэзия.   Алматы,   ҚМКӘБ,   1960)   Т.Әбдірахманованың

(Қ.Аманжоловтың   поэтикасы.   Алматы,     Жазушы   ,   1988)

зерттеулерінде   зерттеу   тақырыбының   нысанасы   болып   отырған

ақындар   жөнінде,   олардың   шығармашылық   қырлары   туралы   жақсы

пікірлер айтылады. Сондай-ақ баспасөз беттерінде көптеген әдеби-сын

мақалалар  жарық көрді. Солардың ішінен З.Ахметов (Өлеңнің өрен

жүйрік   Құлагері   //   Қазақ   әдебиеті.  

—  1994,   14   маусым),   Айтов   Н.

(Талант тегеуріні // Қазақстан мұғалімі 

— 1985, 11 қаңтар)  Абдуллин

Х.   Мағжан   және   Сәкен   //   Халық   кеңесі.  

—  1994,   14   шілде),

Әбдрахманова   Т.  (Қазақ   поэзиясындағы   Ілияс   дәстүрі.   //   Ақиқат  

1994, 66 



— 68, 71-беттер), Сүлейменов Б. (Табиғат жыршысы. // Қазақ

тілі мен әдебиеті.  

—  2002, 211) т.б. материалдарды атап өткен жөн.

Қазақ   поэзиясындағы   лирика   жанры   жөніндегі   Ә.Жәмішев,

Т.Тоқбергенов, Б.Ибраимовтың әдеби-сын мақалаларын да атап өткен

жөн.   Біз   қазақ   әдебиетіндегі   табиғат   лирикасын   қарастырған   кезде

жоғарыда   тоқталған     авторлар   еңбектеріне   сүйене   отырып,   ақын-

жыраулар,   сондай-ақ   Абай,   Ыбырай,   басқа   да   көрнекті  ақындардың

шығармашылықтарындағы   табиғат   лирикаларына   тоқталып,   талдау

жасауға   ұмтыламыз.   Табиғат   көрінісі   алдымен   ауыз   әдебиеті

үлгілерінде,   әсіресе,   XV-XVІІІ   ғасырларда   ғұмыр   кешкен   ақын-

жыраулар шығармаларында суреттелініп, адам мен оны қоршаған орта

табиғаты   жырға   арқау   болды.   Сондықтан   біз   ақын-жыраулар

поэзиясының көрнекті өкілдеріне тоқталмақпыз.   

8


1.Жыраулар поэзиясындағы табиғат көріністері

Табиғаттың   сұлулығы   жыраулар   поэзиясында   да     белгілі   бір

деңгейде   жырланып,   көрініс   тапқан.   Доспамбеттің,   Шалкиіздің,

Жиембеттің, Марғасқаның, Ақтамбердінің, Тәтіқараның, Үмбетейдің,

Бұқардың толғауларында атажұрт, туған жер, кір жуып кіндік кескен

ата   қоныс,     қоғалы   көлдер,   қом   сулар     әр   қырынан   жырланады.

Көшпенділер   поэзиясындағы   туған   табиғатқа   деген   сүйіспеншілік,

елді,   жерді   қимаушылық,   туған   елдің   табиғатын   ардақтау   сезімі

ерекше   патриоттық   рухта   жырға   арқау   етіліп   отырады.   Жыраулар

бүкіл адам тіршілігін қоршаған ортамен, табиғатпен етене байланыста

алып,   туған   жер   көрінісін   айрықша   әспеттеді.   Жыраулар

поэзиясындағы   ата   қоныс,   кең   жайлаған   жайлау,  қыстау  мен   күзеу,

көктеу,   адам   жанын   елжіретер   сағынышпен,   қимастық   сезіммен

жырланады.   Атап,   айтқанда,   Еділ,   Жайық,   Сырдария,   Қара   Ертіс

өзендері, Азау (Азов) теңізі, Түркістан, Ташкент шаһарлары және т.б.

мекендер жырларына арқау болды.

Жыраулар   поэзиясы   ішінде   Асан   қайғы   Сәбитұлының   (1361-

1469   ж.ж.)   толғаулары   мен   халық   қамын   жеп,   желмаясына   мініп,

Жерұйық   іздеуі   ұрпақтан-ұрпаққа   аңыз   етіп   келеді.   Асан   қайғыны

Ш.Уәлиханов   ойшыл,   дала   философы   деп   бағалауында     үлкен   мән

жатыр. Кейбір деректерде Асан қайғыны қазақ хандығының   іргесін

қалаушы   Жәнібек,   Керей   хандармен     пікірлес,   оларға   ақылгөй,

кеңесшісі болған деген мәліметтер бар. Жалпы қазақ тарихында Асан

қайғы жақсы қоныс, құт мекен, жері шүйгін, суы мол, жеміс-жидегі

жайқалған,   жазы   жайлы,   қысы   жұмсақ,   Жиделі-Байсын   жерін,

Жерұйықты іздеген дана шешен, батагөй абыз, әділдіктің төрешісі  

би болған тарихи тұлға. Қазақтың сайын  даласын, Сібір мен батысты,



оңтүстікті,   шығысын,   орталығын   желмаясына   мініп   аралап,

табиғатына   арнайы   сипаттама   беріп,   жерінің   бағасын   айтқан   Асан

қайғы сынды бірде бір жырау қазақ әдебиетінде ұшыраспайды. Қазақ

жерінің табиғатын бағалауда  және де Асан қайғыдан асқан ешкім де

жоқ. Жердің ең бір керемет жұмағын  

–  Жерұйығын іздеп тынымсыз

шарқ ұрған дананың айтып кеткен ой-толғаулары 

– бүгінде біздің асыл

ой маржандарымызды құрайды.

Еділ,   Жайық,   Жем,   Ойылды   кейінге   қалдырып,   Оңтүстікке

Түркістанға   қарай   бет   алып   көшкен   Жәнібек   ханға   Асан   қайғының

мына бір айтқан толғауында көп сыр бар:

Қырында киік жайлаған,

Суында балық ойнаған.

Оймауыттай тоғай елінің,

Ойына келген асын жейтұғын,

Жемде кеңес қылмадың.

Жемнен де елді көшірдің,

9


Ойыл деген ойыңды,

Отын тапсаң тойыңды,

Ойыл көздің жасы еді,

Ойылда кеңес қылмадың,

Ойылдан елді көшірдің

Еділ деген қиянға,



Еңкейіп келдің тар жерге

Еділ менен Жайықтың,



Бірін жазға жайласаң,

Бірін қыста қыстасаң,

Ал, қолыңды маларсың,

Алтын менен күміске!

Асан   қайғы   қоныс   тепкен   Жем,   Ойыл,   Еділ,   Жайық   өңірін

тастап ақылға да тоқтам жасамай, кеңес шақыруға да құлқы болмай

елді үдере көшіріп бара жатқан ханның жөнсіз көшіне көңілі қалып,

нәлет   айтады.   Ақылды   белден   басқан   Жәнібектің   тірлігін,   әрекетін

жазғырады. Неге? Себебі табиғаты бай, сулы, нулы, құнарлы жерді,

атамекенді қимайды. Ата қонысы болған табиғаты әдемі жерден көшу

-   қоныстан   біржолата   айырылу,  жыраудың   жанына   осы   жай   қатты

батып   налытады.   Жәнібектің   құптарсыз   тірлігін   қош   көрмей,   шорт

кетіп   қатты   ызаланса,   бір   кезде   ата-бабасының   қонысы   болған

табиғаты ғажап жерді қимай күйініп қиналады, жер мен елге деген

сүйіспеншілік ішті жандырып, тұла бойды өртеп, өзекті өксік қысып

барады. Туған жердің табиғатына деген перзенттік махаббат, сағыныш

пен   құштарлық   сезімі   Асан   қайғы   жырларының   өн   бойына   арқау

болып,   өріліп   отырады.   Ал,   оның   еліміздің   теріскейі   мен   күнгейін,

шығысы мен батысын, яғни төрт тарапын тұтас аралап, желмаясын

шөктіріп, аунап-қунап, суын ішіп, көлігін отқа шалдырған жерлерінің

бәріне  берген  қадау-қадау  бағасы,  шоқтықты  сипаттамасының  орны

мүлдем биік деу керек. Асан қайғының айтқан нақыл-толғау, ғибратты

сөздері   жыр   үлгісінде   айтылған   болуы   керек.   Бірақ   оның   көп

толғаулары   бізге   қара   сөз   түрінде   жетіп   отыр.   Асан   қайғы   Ертісті

көргенде:  Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным

ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып

тұрған жер , - екен депті. Сондай-ақ Түндік өзенін, Қызылту, Баянауыл

тауын, Шу, Сарысу өзендерін, Қаратауды, Ащы жерін, Шідерті өзенін,

Өлеңті   өзенін,   Сіленті,   Жалаңаш,   Есіл,   Торғай,   Терісаққан   өзенін,

Сырды көргенде айтқан түйінді ойларын керемет-ақ демеске лажың

қалмайды. Ал   Келесті көргенде желмаясын іркіп, көзін қадап тұрып

қалыпты:


Сулы Келес, құр Келес,

Майлы құйқа көк белес.

Көргенде  көзге жас келді,

Көңілге салдың көп елес.

Бал татыған суың-ай,

Қалың қамыс нуың-ай,

10


Көзімді  қадап көп тұрдым,

Көңілдің жықтың туын-ай.

Желмаяға бөктеріп,

Ала кетсем деп едім,

Сырға құйған сағаңа,

Соға кетсем деп едім.

Бөктеріме сыймадың,

Сонда да сені қимадым,

Қапа, дүние қайран!  - деп

Желмаямды санға ұрғаным.[1.56]

Дала   ойшылының   бұл   толғау   жырында   Оңтүстік   өңіріндегі

Сырдың бар   сағасы болып саналатын Келес өзені суреттеледі. Суы

арнасынан толып ағатын Келестің жағалауы ну қамыс, сәмбі, жиде,

шілік,   тал   бітік   шығады,   белестері   де   көкпеңбек,   суы   бал   татиды.

Жырау суының дәміне дейін тоқталады. Табиғаттың ризығына разы

көңілін   білдіреді.   Өйткені   ел   судың,   өзеннің   бойын   қуалай

қоныстанып отырған ғой. Келестің бойы, оның Сырға құяр сағасы кең

жайлау, малға жайлы өріс болды. Келестің келбетін қимай, көзін ұзақ

қадап тұруы да соны меңзейді.   Толғау жанрын академик З.Ахметов:

халықтық лириканың бір түрі  ретінде талдап көрсетеді. [2.254] Демек

толғау  жырлар қазақ лирикасының бастау алар кәусар бұлағы, негізгі

арнасы деуіміз керек. Асан қайғыны еске алғанда   құлан қайтіп күн

көрер     деген   толғауының   бізге   жеткен   үзіндісі   ойға   оралады:   Асан

қайғы құйрығы жоқ, жалы жоқ, аяғы жоқ, қолы жоқ жыланның, жалаң

аяқ балапан, қаздардың   күнін қайтіп көрер деп күңіреніске түсуінің

мәні   жан-жануарларға   аяушылық   білдіріп   отырғандығы   ма   әлде

табиғаттағы   болып   жатқан,   бар   құбылыстың   кереғар   жайларын

тақпақтай   баяндап,   адам   өмір-тіршілігіндегі   көңілге   қонбас

қайшылықтарын баса көрсетуде ме? Әрине Асан қайғының айтайын

деп   отырғаны   елінің   мұңы.   Табиғат,   жан-жануарларды   суреттеу

арқылы адамның тіршілік кейпін суреттеу 

– ежелгі көркемдік тәсіл.   

Ақын толғауында да табиғаттың ғажап көріністері, өзі іздеген

Жерұйық   көкейде   ұялап   тұрып   қалады.   Табиғатына   тамсанып,

таңдайын   қаққан   жыраудың   мүддесі,   көздеген   мақсаты   халқының

тұрмыс-тіршілігі,   қой үстінде бозторғай  жұмыртқалайтын    мамыра

жай   тіршілік   кешуіне   қол   жеткізу,   дала   данасы   соны   армандап,

желмаямен желіп, жер кезіп Жерұйықты іздейді. Жерұйық табиғаты

ғажап, мол сулы, биік шалғынды, малға ыңғайлы, елге жау тимейтін,

жеміс-жидекті, қойын-қоншы кенішке толы, жердің ұжмағы дерлік ата

қоныс.   Жерұйық   -   бұл   адам   армандаған,   табиғат   ғажайыбының

символы іспеттес. Жерұйық - ел-жұрттың бәрі молшылыққа кенелген,

жұрттың   бәрі   тең,   талас-тартысы   жоқ,   ел   іші   берекелді,   көңіл

қалауынша   өмір   сүретін   мекеннің   де   символы.   Демек,   Асан   қайғы

іздеген   Жерұйық   шын   мәнінде   табиғат   пен   адамның   табиғи

біртұтастығы, гармониясы, қылаусыз үйлесімділігі.

11


  Қазақ елінің ежелгі атажұртын перзенттік мақтанышпен, масаттана

жырлау 


– жыраулар поэзиясында қалыптасқан ұлттық сезімнің нақты

көрінісі. Бұл, әсіресе, Қазтуған жыраудың   Алаң да алаң, алаң жұрт

толғауында   ерекше   байқалады.   Бұл   толғауда   жырау    жұрт     сөзінің

мағыналық   ауқымына   арғы-бергі   ата-бабалары   қоныстанған,   өзі

рубасы,   әскербасы,   батыры   болған   Еділдің   және   оның   салалары

Ақтұба,   Бозан   өзендері   жағалауларын   қамти   отырып   перзенттік

махаббатпен жырлайды.   Ақала ордам қонған жұрт ,   Жанға сақтау

болған жұрт  деп әсерілей бейнелеулермен толғаған жыры атамекеніне

ғашық қазақтың көңіл-күйіне лайық тебіреністер екенін білеміз.

Қазақ   жыраулар   поэзиясында   табиғат   көріністері,   бейнелері

жоғарыда   айтқанымыздай,   жеке   тақырып   ретінде   алынып   жырлана

бермейді. Бір тақырып аясында табиғатты толғауды ақындар да мақсат

тұтпаған-сынды. Бірақ, атамекен, туған жер, ата қонысты бүкіл жыр

толғауларына арқау етпеген бірде-бір ақын-жырау жоқ десе де болады.

Жыраулар поэзиясында да жерге, құтты мекен, ардақты қонысқа деген

зар   үні   күшті   сезіледі.   Жерінен,   ата-баба   қонысынан,   жайлауынан

айырылу - қазақ халқы үшін ең үлкен қасірет-қайғы, ұрпақ кешірмес

қылмыстай саналды. Сайын дала мен сахара, атамекен, туған жер бұл

қазақтың   ары   мен   намысы   деуге   болады.   Табиғаты   тамсандыратын

туған жер үшін қазақ жанын садақа етуге даяр халық.

XVІІ-XІX   ғасырларда   ғұмыр   кешкен   ақындар   жырында   туған

жерге деген зар  басым. Ол заңды да еді. Өйткені,  қоғалы көлдер, қом

сулары  нулы, сулы жерлері, кең көсіліп жатқан жайлаулары, қазыналы

жер   қойнаулары   отаршылардың   көзінің   құртын   жеді.   Отарлау

саясатының   шеңгелді   қолы   халқымыздың   омырауына   жармасып

алқымынан сығып келе жатты.

Ілгеріде  өткен Қазтуғанның үніне құлақ  түрейікші:

Жабағылы жас тайлақ,

Жардай атан болған жер.

Жатып қалып бір тоқты,

Жайылып мың қой болған жер.

Сырт   қараған   көзге   жас   тайлақ   пен   тоқты   жырға   қосылып,

малдың   басының   өніп-өсуін,   береке-байлықтың   бастауын   аңғартып

тұрғандай.   Қазтуған   тілі   бейнелі,   ойы   терең   орамды   ақын,   ол   атам

қазақтың тал бесікте тербетілген жерін, туған табиғатын өте бейнелеп

дәл ұқтырады. Қазтуғанның жырлап отырғаны да нақтырақ айтқанда 

табиғат, туған жер, ата қоныс, шұрайлы, малға   жайлы мекен, жерге,



табиғаттың әдемілігіне  деген сүйіспеншілік. Табиғаты әсем, шұрайлы

жерді айту үшін төрт түлік мал фон қызметін атқарып тұр. Ақынның

табиғатты   жырға   қосудағы   зергерлігін,   шеберлігін   көрсететін   өлең

сөздің бұл да бір құпиясы. Мұндай әдемі дәстүр Бұқар жырауда да

ұшырасады:

Үш жыл малды ту сақтап,

Жиделі-Байсын жетіңіз.

Кісісі жүзге келмей өлмеген,

12


Қойлары екі қабат қоздаған.

Жердің   көркін   бейнелеуде   Бұқар   дәстүрді   одан   әрі

жалғастыра   түседі.   Кісі   ұзақ   жасайтын,   табиғаты   тамаша,   жанға

жайлы жер ежелден   адам арманы ғой. Қойы екі рет төлін өргізетін,

кісісі   бір   ғасырдай   ғұмыр   кешетін   жер,   тумысы   қалпын   сақтаған

табиғат   жаннаты   емей   немене?   Көреген   жырауды   әсем   де   тамаша,

ауасы жұпар Жиделі-Байсынның табиғаты тамсанттырады. Өйткені ол

табиғаты өмір сүруге өте қолайлы, жері де, суы да, малы да мамыра

жай тіршілік кешетін жер. Бүгінде елімізде адам өмірінің ұзақтығы

орта   есеппен   ерлер   арасында   60-қа,   әйелдер   арасында   70-ке   де

жетпейді екен. Табиғаттың бұзылуынан, экологиялық жағдайдың күрт

нашарлап   кетуі   салдарынан   адамзат   шешілуі     күрделі   үлкен

проблемаға тап болып отыр.

Бұқар   жырау   заманы,   табиғаттың   тәңір   жаратқан   бұла

қалпынан әлі бұзыла қоймаған  кезі, экологиялық  қауіп деген ұғым-

түсініктің өзі мүлде жоқ кез, сондай уақыттың өзінде, адамның ғұмыр

жасын   нақтылап   айту   елең   етерлік   құбылыс.   Ойпаз   жырау   бүгінгі

ұрпақтарына табиғаты ғажап, жердің жаннатында  өмір сүрген біздің

замандастарымыздың     сүйегі   қандай   асыл   еді   деген   ойды

ұқтырғандай.

Қазақ   ақын-жыраулары   төрт   түлік   малының   төлдеп,   өсіп-

өнуін   жырлай   отырып   та   табиғатын,   туған   жерінің   құт-берекесін

асқақтата көрсете білген. Бұл ұлттық ерекшелік, көшпелі елдің, мал

шаруашылығымен  

  айналысқан   халықтың   дүниетанымын,

психологиялық   ерекшелігін   айқын   аңғартатын   белгілер   де.   Ақын-

жыраулар   поэзиясында   табиғат   болмысы   халқымыздың   дүние

танымы,   ұлттық   дәстүр   үрдістеріне   орай   сан   алуан   қырынан

бейнеленіп   отырады.   Дүние   танымы   кең   ақын-жыраудың   табиғатты

танып,   оның тылсым дүниелерін қабылдап бейнелеуі кең тыныспен

беріліп   отыратыны   белгілі.   Жыр   жанары   осы   күрделі   процестерді

қалай   қабылдай   алады,   әрине   ол   ақынның   қарымына,   көзқарасына

байланысты нәрсе.    

Атамекеннің   берекелі   табиғатының   ол   жерде   мекендеп

отырған жұртқа байлық пен молшылық, ырыс, құт,  бақыт әкелетінін

жырлау 


– жыраулар поэзиясының басты нысаналы көркемдік мұраты.

Ақтамберді   Сарыұлы   толғауларында   Қазтуғанның   жыр  жолдарымен

үндес бейнелеу мен теңеулер бар:

Жағалбай деген ел болар,

Жағалбай деген көл болар.

Жағалбайдың жағасы,

Жасыл да байтақ ну болар. [3.384] 

Қазтуған,   Ақтамберді   толғауларындағы     жұрт   ,     қоныс

атауларымен берілетін Қазақ хандығының жер аумағын білдіретін сөз

Бұқар Қалқаманұлының толғауларында  халық ,  ер  мағынасында да

жырланатыны   бар.   Бұған   мысалы,     Бағаналы   орда,   басты   орда

толғауы бола алады.

13


Қазақтың     ежелгі   ата-   баба   қонысын,   жерін,   атамекенін

бүгінгі   ұрпақтарға   таныстыруда   жыраулар   поэзиясының   маңызы

ерекше, сондықтан олардың жыр жолдарына назар аударып, жас ұрпақ

бойына дарытып отыруымыз керек. Доспамбеттің  Азау, Азау дегенің

әл-Ғұсман патша жұрты екен ,   Айнала бұлақ басы тең, Азаулының

Стамбұлдан несі кем?  деп, Еділ өзенінің төменгі ағысын, Азау (Азов)

маңайы   кіретін   Кіші   Орда   хандығы   мекенін   жырлауы   да

дүниетануымыздың географиясын, өрсін кеңейте түседі. 

Доспамбеттің,   Шалкиіздің   Стамбұлда,   Бақшасарайда,

Қырымда   атойлап   жүруі   халқымыздың   ежелгі   мекендері   екендігіне

куәлік   береді,   табиғаты   көркем   бұл   аймақта   Алтын   Орда   хандығы

құлағанға   дейін   Дешті   Қыпшақ   жұрты   жайлауында   малын   өргізіп,

теңізінен тайдай тулаған балығын аулап, жерінің байлығын иемденген

айрықша   бір   мамыражай   кезеңді   өткерген   еді.   Жырауларға   бұл

тіршілік мейлінше таныс болғаны тарихи шындық.

Жыраулар   поэзиясында   атамекенді,   туған   жер   табиғатын

сағыну, ардақтау арқылы ұрпақтарды отаншылдық-патриоттық рухта

тәрбиелеуге   ерекше   мән   берілген.   Доспамбет   жыраудың   жыр

жолдарынан   қаһармандық   пен   күрескерлік   үн   басым   келуі   осыны

байқатады.

Ал, Жиембет жырау Бортоғашұлының  (ХVІІ) Есім ханның

қаһарына ілініп, Қазақ ордасының шығыс шекарасы жағына айдалып

бара  жатып,   атамекенімен  қоштасуы  да  жан  дүниесі   туған   жерімен

тұтасқан адамның ішкі сезім күйін айқын танытады:

…Қайырылып қадам басарға,

Күн болар ма мен сорға,

Өзен, Арал жерлерім?!

Қиядан қолды көрсеткен,

Төбеңе шығар күн бар ма,

Жотасы биік Дендерім?!

Жыраулар - қазақ хандығының ежелгі қонысынан, жерінен

айырылып қалмай, іргесі берік мемлекет болып қалуын армандап, сол

жолға өлеңі мен қару-жарақтарын қатар жұмсаған тұлғалар.

 Шара Қияхметова өз еңбегінде лирикадағы табиғат 

— қоғам

— адам тақырыбына тоқталады: “Әдебиеттің даму кезеңдері адамның



табиғатқа   эстетикалық   қатынасы   екі   түрлі   бағытта   болатынын

айқындап отыр: а) әлеуметтік өмірдің негізі ретінде; ә) сұлулық негізі

ретінде. Екі жағы біріге отырып, ақындық таным жүйесінде біртұтас

дүниеге айналады. Бірі-бірінсіз өмір сүре алмайды. Соның негізінде

табиғатты эстетикалық тұрғыдан тану концепциясы туындайды

”.

Бұқар жырау:



Қарағай судан қашықтап,

Шөлге біткен бір дарақ.

Шортан шөлге шыдамсыз,

Балықтан шыққан бір қарақ.

Ойлама шортан ұшпақ деп,

14


Қарағайға шықпас деп,

Күнбатыстан бір дұшпан,

Ақырда шығар сол тұстан

Шынына келсек, шортанның қарағай басына шығуы мүмкін



емес сияқты. Судағы шортан таудағы ағаштың басына қалай шықпақ.

Бұл істің байыбына барып, терең ойлап зерделеу мүмкін емес нәрсе

сияқты болғанымен мүмкін болатындай. Бұл әдебиет айнасына түсіп,

халықтың ой-санасынан орын алған шындық еді. [4.331] 

Махамбет   табиғатты   суреттеп   отырып   та   өзінің   негізгі

мақсаты 


— азаттық үшін күреске үйіріп соғады:

Жайықтың бойы көк шалғын,

Күзерміз де жайлармыз.

Күлісті сынды күреңді,

Күдірейтіп күнде байлармыз.

немесе:


Аспандағы бозторғай,

Бозаңда болар ұясы.

Бозаңның түбін су алса,

Қайғыдан болар анасы.

Қара лашын, ақ тұйғын,

Қайыңда болар ұясы.

Қайыңның басын жел соқса,

Қайғыдан болар анасы, 

— дейді ақын.

Жыраулар   поэзиясындағы   табиғат   көріністерінің

кескінделіп,   бейнеленуі   түптеп   келгенде   жазба   әдебиет   өкілдерінің

шығармаларына да белгілі дәрежеде ықпал етті. Олар енгізген жақсы

дәстүрді,   үрдісті   талантты   ақындарымыз   өз   бойына   сіңіріп,

жырларына рухани нәр ете білді. Бізге жеткен жыраулар мұрасы аз да

болса саз дерлік құнды жәдігерлер болып табылады.

15



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет