Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


Қазақ газетіндегі PR-мәтінінің қолданысына



Pdf көрінісі
бет38/53
Дата23.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#75784
түріДиссертация
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53
Қазақ газетіндегі PR-мәтінінің қолданысына жеке тармақша арналды. 


Қазіргі кезеңді ақпарат заманы деп атау орнықты. Осыған орай бүгінгі қоғамдағы ахуалды 
бірнеше кеңістік құрайтынын айтуымыз керек. Соның бірі – БАҚ қызмет ететін ақпараттық 
кеңістік индивидтің когнитивтік кеңістігіне әртүрлі тәсілдермен енеді. Әсіресе адамдар 
арасындағы қарым-қатынасты реттейтін 
әсер етудің қосалқы коммуникативтік 
технологиялары болып табылатын 
үгіт-насихат пен жарнаманың рөлі айрықша маңызға ие. 
Сондай-ақ көппартиялық саяси жүйеге көшкен Қазақстанның саяси құрылымында PR 
(паблик 
рилейшнз) бүгінде аса қуатты саяси тәсілге айналып отыр. 
Жалпы «паблик рилейшнз» тіркесінің тікелей мағынасы 
жұртшылықпен байланыс дегенді 
білдіреді. Қазіргі басқару қызметінде онсыз жұмыс істеу мүмкін емес. Әсіресе басқару
ұйымдастыру, қоғаммен тікелей байланыс жасау салаларының қызметкерлері үшін оның 
маңызы зор. Өйткені серіктестерімен, тұтынушылармен өзара түсіністікке қол жеткізіп алмай 
басқару қызметін жүргізу мүмкін емес. Ал билік пен партия қызметтеріне қатысты алғанда бұл 
проблема өткірлене түседі. Себебі халық арасынан шыққан ондай өкілдер сол көпшілікпен 
тығыз байланыс орнатпай ешбір табысқа жете алмайтыны белгілі. Сонымен PR шын мәніндегі 
стратегиялық коммуникация болып табылады. Онда белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін 
жүзеге асырылуы тиіс іс-шаралар ұзақ уақытқа жоспарланады, қандай да бір ұйымның немесе 
жеке тұлғаның мүддесін көздейтін ақпараттық басымдықтар айқындалады. Сөйтіп PR басқару 
процесінің маңызды бөлігіне айналады. Осы жұртшылықпен байланысты жүзеге асырушы 
ақпарат көздерінің бірі – мерзімді баспасөзде жарияланған материалдарды автордың 
прагматикалық ұстанымына, көтеретін тақырыбына, қамтылатын деректердің алуан 
түрлілігіне, мақсатты түрде бағытталған аудиториясының сипатына, сондай-ақ қоғам өміріндегі 
жалпы халықтық, халықаралық т.б. шаралардың қарсаңында немесе олардан кейін, яки 
жариялану уақытына сәйкес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет