Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



Pdf көрінісі
бет39/53
Дата23.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#75784
түріДиссертация
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
позитив және негатив бағыттағы PR мәтіндер деп бөлуге 
болады. Әсіресе «үлкен ойын» саналатын саяси сайлаулар науқаны кезінде электораттың 
басым бөлігін өз жағына шығару мақсатымен сайланушы азаматтардың, үміткерлердің сенімді 
өкілдерінің осындай PR мәтіндерді БАҚ-тың барлық түрлері бойынша «қарша борататыны» 
жасырын емес. Тіпті жеке тұлғаның көпшілік талқысына түспеуі тиіс саналатын 
проблемалардың өзі мұндайда жұрт назарына ашық ұсынылатыны жалпы адамгершілік 
тұрғысынан алғанда құптарлық емес. 
Саяси коммуникация жүйесі белгілі бір саяси мақсатқа қол жеткізу үшін қоғамдық санаға әсер 
ету құралдарынан тұрады. Зерттеуші Б.С.Ахатованың айтуынша, саяси коммуникация 
мынадай құрамдас бөліктерден: 1) саяси PR; 2) саяси үгіт-насихат; 3) саяси 
жарнамадан тұрады. Саяси PR көпшіліктің белгілі бір саяси субъектіге (саяси партия немесе 
қайраткер) деген сенімін қалыптастыру мақсатымен ұзақ уақытқа жоспарланады; 2) ал саяси 
үгіт-насихат сол қалыптасқан сенім негізінде саяси мінез-құлықтың белгілі бір типін жасау 
үшін қоғамдық санаға нақты саяси идеяларды сіңіреді; 3) ал саяси жарнама электораттың сол 
үгіт-насихат ықпалына түскен бөлігін «дұрыс таңдау жасауға» шақырады, яғни нақты бір саяси 


партияға немесе оның көшбасшысына дауыс беруге үндейді. [20,110] Осылардың ішінде 
көпшілікке тікелей және күшті әсер ететін жарнама мен үгіт-насихатқа қарағанда PR-дың 
коммуникативтік ықпалы әлсіздеу болады. Бірақ жоғарыда аталған негатив PR материалдары 
туралы былай дей алмаймыз. Қандай да бір үміткердің кандидатурасына қарсы пікір туғызу 
үшін бейәдеп, заңға қайшы, лас технологияларды қолдана отырып мұндай «қара PR» 
көпшілікке жарнамадан да қатты әсер етеді. Онда ақпарат бұрмаланады, кейде жалған 
мәліметтер беріледі, бәсекелес субъектіге әртүрлі жала жабылады, тіпті арандату әрекеттері 
де жоспарланады. Түптеп келгенде, мұның барлығы да «жұртшылықпен байланыс» деген 
ұғымды білдіретін PR-дың шынайы мән-мазмұнына қайшы әрекеттер болып табылады. 
Мәселені кеңірек аяда қарастырсақ, бұл тіптен ұлттық намысты қорлайтын келеңсіздіктер деп 
бағаланады. Біз PR-мәтіндердің қазіргі қазақ газеттеріндегі үлес салмағы мен автордың 
прагматикалық ұстанымын танытатын тәсіл ретінде арнайы тоқталдық. 
Аталмыш екі түрінің ішіндегі негатив мәндегі PR-мәтіндер аудиторияның назарын көбірек 
аударатындықтан басылымдар да ондай материалдарды көптеп жариялауға ынталы деуге 
болады. Яғни негатив мәнді PR-мәтінді көбейткен сайын газет таралымы да, соған сәйкес 
танымалдығы да арта түседі. 
Қазіргі газеттердегі негатив мәндегі PR-мәтіндердің өзін іштей 1) агрессивтік сипаты басым
журналистік этиканы ескермейтін және 2) мақала кейіпкеріне ашық агрессия 
көрсетпейтін, журналистік этика ережелерін сақтай отырып жазылатын, жағымсыз теріс 
пікірлерін ашық түрде емес, бейтарап формада беретін мәтіндер деп бөлуге болады. 
Көріп отырғанымыздай, бүгінгі баспасөзді Кеңес үкіметі кезіндегі цензуралық БАҚ-тан 
ерекшелендіретін айрықша белгілердің бірі – осы PR-мәтіндерінің актив қолданылуы. Мұның 
өзі сөз бостандығы, ой еркіндігі сияқты ұғымдардың қазіргі оқырман үшін үйреншікті 
қолданыстарға айналғандығын дәлелдейді. Қазіргі қазақ газеттерінің кез келгенінен PR-мәтінді 
кездестіруге болады, бірақ «Егемен Қазақстандағы» PR-мәтіндер негізінен жағымдылығымен, 
оң пікірлерге негізделгендігімен сипатталса, «Жас Алаш», «Ақ Жол Қазақстан», «Апта-kz» 
басылымдарындағы PR-материалдар сынап-мінеуге, объектіге алынған PR-субъектінің 
кемшіліктерін баса көрсетіп, аудитория алдында беделін түсіруге, ол жайында теріс, жағымсыз 
көзқарастар қалыптастыруға бағытталатындығы байқалады. Біз мұндай мәтіндерді «саяси 
ойында» теріс мақсатта қолданылатын тәсіл деп табуды жөн көрдік. Өйткені PR-ақпараттарды 
теледидар арқылы тарату үшін PR-субъекті эфирден көрсетіліп, PR-ақпарат аудитория 
алдында негізделіп, дәлелденуі тиіс. Ал қағаз арқылы, жазбаша формада таралатын PR-
ақпаратқа мұндай талаптар қойыла бермейді. Мұндағы ақпараттың шынайылығы, растығы 
фотосурет арқылы ғана дәлелденуі мүмкін, бірақ бұл – міндетті шарт емес. Осы жағдай да PR-
ақпаратты тарату үшін ең қолайлы БАҚ түрі ретінде газеттердің таңдалуына себеп болады деп 
ойлаймыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет