Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


Дәстүрлі  фразеологизмдер



Pdf көрінісі
бет48/53
Дата23.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#75784
түріДиссертация
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Дәстүрлі 
фразеологизмдер; 2. Жаңғыртылған, өзгертілген авторлық фразеологизмдер
Тілімізде бұрыннан бар, көпшілікке белгілі тіркестердің ешбір өзгеріссіз, бастапқы қалпында 
алынып, тақырыпат ретінде жұмсалуы қазақ баспасөзінде жиі кездеседі. Мұндай 


құбылысты дәстүрлі қолданыстар дейміз. Мысалы: «Тас түскен жеріне ауыр» (Ж.А., 
07.07.05), 
«Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» (Е.Қ., 20.02.04), «Бөлінгенді бөрі жейді» (Е.Қ., 
18.05.04), 
«Алмас қылыш қын түбінде жатпайды» (А.Т., 26.05.05), «Кел демек бар, кет демек 
жоқ» (Е. Қ., 22.06.04), «Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты» (Ж.А., 
27.04.04), 
«Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» (Ж.А., 29.05.04), «Жел соқпаса шөптің басы 
қимылдамайды» (Ж.А., 10.01.04), «Сауда сақал сипағанша» (Ж. А., 14.02.04), «Бір құмалақ бір 
қарын майды шірітеді» (Ж.А., 22.01.04), «Жақсы әке – жаман балаға қырық жыл азық» (Ж.А., 
02.03.04) т.б. Бұлардың барлығында көпшілікке бұрыннан белгілі тіркестер өзгеріссіз 
қайталанған. Осындай дәстүрлі қолданыстардың ішінде ғылымның басқа салаларынан 
алынған ережелер де тақырыпат ретінде жұмсалғаны байқалады. Мысалы: «Төртбұрыштың 
ішіндегі параллельдер» (Ж.Қ., 24.03.06), «Қосылғыштардың орны ауысқанымен, қосынды 
өзгермейді» (Ж.А., 31.01.06) сияқты тақырыпаттар математика ғылымының нысаны екені 
белгілі. Мұндай тақырыпаттардың қойылу мақсатын көпшілік тек мақаламен танысу арқылы 
ғана біледі, екінші жағынан мұндай қолданыстарды толық түсіну адресатта арнайы салалық 
білімнің болуын қажет етеді. 
Жұмыста газет мәтіндері тақырыпаттарындағы фразеологизмдердің авторлар тарапынан 
трансформациялануына арнайы тоқталдық. 
Коммуникативтік және коммуникативтік емес фразеологизмдерде негізінен бейнелі 
фразеологизмдер трансформацияланады. Авторлық трансформациялар мынадай 
мақсаттарды көздейді: мәтін тақырыпаттарының экспрессивтілігін арттыру; ирония, сарказм 
әсерін тудыру, юморлық ықпалын күшейту, мәнді дамыту, дәстүрлі образға «жан бітіру». Газет 
мәтіні тақырыпаттарында фразеологизмдердің автор тарапынан трансформациялану 
тәсілдері әр алуан және күрделі болып келеді, яғни онда тұрақты тіркестердің дәстүрлі 
бейнелі негізінің өзгертілуі, нақтылануы, сөз ойнату және бұрмалау арқылы туындайтын әсер 
т.б. қолданылады. 
Тілімізде әбден қалыптасып орныққан, халықтікі болып саналып кеткен дәстүрлі 
фразеологизмдерден бөлек, белгілі бір үзінді түрінде жиі қолданылып, көпшілік құлағына 
әбден сіңісті болған оралымдар да бар. Оларды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет