Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


«Газет мәтіндеріндегі бейлингвистикалық құралдар қолданысының



Pdf көрінісі
бет50/53
Дата23.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#75784
түріДиссертация
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
медиамәтін прагматикасы

«Газет мәтіндеріндегі бейлингвистикалық құралдар қолданысының 
прагматикалық аспектісі» деген тармағыгазет беттеріндегі графикалық құралдар мен 
креолды мәтіндерге арналады. 
4.2.1
тармақ газет бетіндегі әртүрлі графикалық құралдарға, оның 
ішінде шрифтің қызметіне арналды. 
Осындай графикалық құралдардың бірі саналатын шрифт (қаріп) үлкен прагматикалық жүк 
арқалайды. Зерттеуші Қ.Күдеринова докторлық диссертациясында жазба мәтіннің жалпы 
графикалық ерекшеліктеріне «ЖМ-нің парақ бетіне орналасуы», абзацты, көз тынысын (үлкен 
ашық жол), қаріп түрлерін (майлы, ашық, көлбеу әріп), үздікті жазды, асты сызылған жазды, 
қаріп түсін жатқызады» [29, 17]. Қаріп креолдық мәтіннің аса қажетті композициялық элементі, 
оның вербалды бөлігін безендіретін материал және дербес көркем форма болып табылады. 
Әріптаңба да мәтінде: аттрактивті, мәнайырғыштық, экспрессивтік, символдық, эстетикалық
сипаттамалық қызметтердің бірін атқаратындығына көз жеткізілді. 
Жұмыстың  4.2.2 тармақшасы 
«Креолды мәтінге» арналады. 
«
Креолды мәтіндер дегеніміз – әртекті екі бөліктен: вербалды және бейвербалды 
құралдардан тұратын мәтіндер» [30, 180]. Креолды мәтіндердің маңызды элементтерінің 
бірі ретінде 
түс арнайы сөз болды. Газет мәтіндерінде ол аттрактивтік, мәнайырғыштық, 
экспрессивтік, символдық, эстетикалық қызметтердің бірін атқарады [31, 59]. 


Креолды мәтіндерді автордың прагматикалық ұстанымын (материалға адресат назарын 
бірден аудару, әртүрлі түстер арқылы оқырман санасында түрліше ассоциациялар туындату, 
түрлі таңбалар арқылы символдық мәнді білдіру, суреттер мен фотосуреттер арқылы мәтіннің 
вербалды бөлігіндегі ақпаратты нақтылай, толықтыра түсу т.б.) барынша айқын көрсететін аса 
тиімді тәсіл деуге болады. Қазіргі қазақ баспасөзінде бұл тәсілдің кеңінен қолданылуы 
журналистикадағы жаңашылдық пен шығармашылық еркіндікті байқатады. 

ҚОРЫТЫНДЫ  
1. ХХ ғасырдың ІІ жартысында өркендей бастаған адамтану бағытындағы ғылым салалары 
қалыптасу кезеңінен өтіп, ұғымдық шеңбері, проблемалық аясы айқындалып дербестенді 
деуге болады. Осымен байланысты қолданыстағы тілді адресант – мәтін – адресат үштағаны 
төңірегінде қарастыратын прагмалингвистика қоғам өмірінің әрбір саласына қатысты жеке-
жеке зерттеуді қажет етеді. Әсіресе алуан түрлі саяси, әлеуметтік, мәдени т.б. өзгерістерге 
толы қоғам өмірінің айнасы іспеттес газет тілінде бүгінгі социумға қатысты тілдік жағдаят жан-
жақты көрінетіндіктен оны арнайы зерттеу бүгінгі күн талабынан туындаған қажеттілік деп 
түсінген жөн. 
2. Ақпарат дәуірі деген атауға ие болған бүгінгі күні БАҚ – бұқаралық коммуникацияны жүзеге 
асырушы негізгі тетік ретінде танылып, мойындалып отыр. Ғалам бейнесінің (яки ақиқат 
болмыстың) бір үзігін репрезентациялай отырып, оның бұқаралық санадағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет