Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: Филология ғылымдарының докторы, профессор Пірәлі Г. Ж



бет20/41
Дата17.12.2022
өлшемі421,46 Kb.
#57816
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
Диссертация Сәулембек Г.Р.

Зерттеу барысында төмендегі нәтижелерге қол жеткізілді:
Ә.Байболдың «Ормандағы жиын» әңгімесінде интертекстуалдық байланыс постмодернизм поэтикасына тән интермедиалдылық пен аллюзия, танымал атаулар сынды амал-тәсілдері арқылы жүзеге асқанын анықтап олардың мәтінде қолданылу мақсаты айқындалды;
Ә.Байболдың «Ормандағы жиын» әңгімесінде түпкі мәтін ретінде
«Қазақстан-2050» дамыған елдердің құрамына ену стратегиясы» саяси құжаты алынғаны анықталды;
Әңгіме мәтінінің карнавалдық, ирониялық, аллегориялық сипаты бар екендігі анықталды;
«Ормандағы жиын» әңгімесін автор автор-мәтін-оқырман үштігіне құрғандығы дәлелденді.
Зерттеу нысанасы ретінде алынған төртінші авторымыз Мерей Қосын жайлы ақпараттар, зерттеу материалдарын іздегенімізде тығырыққа тірелдік. Бұл тек М.Қосын шығармашылығына ғана қатысты нәрсе емес. Жалпы шығармашылыққа қадам басқан жас жазушылар шығармашылығына әдебиет сыншылары тарапынан талдау, зерттеу, артықшылығын, жаңашылдығын және кемшіліктерін айтып жолға салу жоққа тән. Бұл мәселенің бір қыры болса, екіншісі – шығармалары баспа бетін көрмей, тек жаңа заманауи жаңа технологияларының арқасында электронды нұсқада ғаламтор желісінде таралғандығында болса керек. Бірақ әдеби шығармаларды халыққа таратудың бір тәсіліне айналып келе жатқан желілік әдебиет те әдебиетіміздің бір бөлшегі болғандықтан, оны да назарға ала отырумыз керек. Себебі, өткен ғасырда барлық рухани азығымызды кітаптан ғана алсақ, ХХІ ғасыр ақпаратты технологиялар дамуының арқасында кітаптың орнын басатын аудио, видео, желілік тәрізді әдебиет түрлерін ұсынып отыр. Желілік әдебиет жазушылардың оқырманымен қауышуына жаңа өріс ашып қана қоймай, ғаламтордың көмегімен түрлі тәжірибелер жасауына мүмкіндіктер беріп отыр. Сонымен желілік әдебиет деген не? Желілік әдебиетке бұрын баспа бетін көрмеген, тек желіде таралған әдебиет түрін жатқызамыз. Әдебиеттің бұл түрі бірітіндеп дамып, сонымен бірге оны зерттеу де жолға қойылып келеді. Сондықтан біз де отандық прозада алғашқылардың бірі болып желілік әдебиетке қадам басқан жас қаламгердің шығармашылығындағы жаңашылдықтарды зерттеу нысаны етуге тәуекел еттік.
Шығармалары күрделі, кейде түсініксіздеу көрінген автордың шығармашылығын әдеби талдау нысаны етпестен бұрын жеке сұхбаттасуды жөн санадық. Шығармашылығының бір қарағанда көзге көріне бермейтін қырларына қанықтық. Әуелде, кино, телевидение салаларына құштарлық танытқан қаламгер, Хосе Луис Борхес, Стивен Кинг, Дэн Браун т.б. сияқты авторлардың шығармаларын оқи келе, ақыры өз жолын осы салаларды қамти алатын бүгінгі жаңа, постмодернизм бағытындағы әдебиеттен тапқандығын айтты. Оның шығармашылығына алғашқы пікір білдіруші Ә.Қодар автор әңгімелерінен сол постмодернистердің шығармаларына тұспалдарды байқайды. Әсіресе, Жак Дерридамен ұқсастықтар табады [69].
Жазушының постмодернистерге тән өзін-өзі, өз шығармашылығын зерттеуге бейім екендігін байқадық. Ол Ж.Деррида, Р.Барт («Шығармадан мәтінге қарай») еңбектерін оқи келе, өзінің жазып жүргендерін «туынды» емес
«мәтін» екендігін түсінгендігін жеткізді.
Әрбір шығарманың өзіндік әуені болатындығы және шығармадағы әуен сол мәтіннің мазмұнын толықтырып тұратынын, сондай-ақ әрбір шығарманың жеке картиналары болатынын да автордың өз аузынан естідік. Жазушының
«Massaget» сайтындағы жеке блогында жарияланған шығармаларымен таныса келе, автордың гипертекст, интертекст тәсілдеріне көп жүгінетінін зерделедік. Бастысы, жазушы қиялында пісіп-жетілген шығарманы бар болмысымен оқырманға жеткізуде технологиялық жетістіктерді мейлінше пайдалана білген.
Мерей Қосынның шығармалары интермедиалдылықтың тосын үлгісімен ерекше есте қалды. Оның әңгімелерінің көлемі бар-жоғы бір немесе бір жарым бет болғанына қарамастан, аз көлемге көп мағына сыйдыруға тырысқан. Сондай-ақ оның әрбір әңгімесі тек әдебиет қана емес, музыка мен бейнелеу өнерінің синтезінен тұрады және бұл шығармалар баспа бетін көрсе барлық ерекшеліктерінен айрылатын, тек желіде ғана өмір сүруі мүмкін шығармалар. Өйткені шығармасындағы интертекст еренсілтемемен (гиперссылка) оқуға лайықталып жазылған. Бұл тәсіл оқырманның көңілін аулап, жаңа әсерге бөлеумен қатар мәтіннен тыс қосымша мәлімет алып отыруына мүмкіндік береді.
«Буве нүктесі» (The Bouvet Point) әңгімесінің тақырыбының өзі интертекстік сілтемеден тұрады. Интертекстің танымал мәтіндерді пайдалану, яғни танымал географиялық атауды қолдану тәсілі арқылы жүзеге асырған. Шығарма мәтінінде Сириядағы қанды қырғын салдарынан бауыры мен әке- шешесінен айрылып, қалған төрт бауырын аман сақтап қалуға жанталасқан Ая тек түсінде көретін елсіз мекенде ғана жан тыныштығын табады. Үнсіздіктің құшағынан босанып, тыныштықтың әлдиін тастап оянуға тым құлықсыз. Ол жер Буве деп аталады екен. Кейіпкерінің ішкі сезімдері мардымсыз берілген шағын әңгіменің оқырманға артар жүгі де осы «Буве» атауында жатыр. Мәтіннен тыс білімі бар оқырман Бувенің Атлант мұхитының оңтүстік бөлігінде орналасқан елсіз жанартауы бар мұздықтардан тұратын, Тристан-де Кунья аралдарынан кейін құрлықтан ең алыс (Кейптауннан 2500 км қашықтықта) орналасқан арал [71] екендігін білген болса, кейіпкердің жанартауы атқылаған мұздықты жер жәннатындай көруінің астарында автордың бір ғана кейіпкердің басындағы ғана емес, бүтін бір елдің, әлемнің трагедиясын көрсеткісі келген мәтін астарындағы мәтіндерді де «оқыр» еді. Мұндағы айтылар ой «адамзат баласының ақыл-ойымен жеткен жетістіктер адамзатқа еш жақсылық әкеле алмайды» деген философиялық түйінге саяды. Постмодернист-автор әңгімесінің шешімі – әлем – адамдардың өз қолымен жасалған хаос, алайда одан құтылатын жол жоқ. Автор оны әңгімесін кейіпкер Аяға, тіпті, жанартаулы-мұздықты Буве аралындағы мимырт тыныштық та бұйырмай, қатты жарылыстан шошып оянып кетуімен аяқтауы арқылы жеткізген.
Бұл жөнінде әдебиеттанушы Ә.Қодар: «Сонда махаббатқа тек түс көру арқылы жетсек, әлемді қандай қорқынышты мекенге айналдырғанбыз сонда? Менің ұққаным – Мерей Қосын тек постмодернист емес, жаңа гуманизмді аңсаушы жас тұлға» [69], – деп бағалайды.
ХІХ ғасырда Ресейде «кішкентай адамдар» өмірін Ф.М. Достоевский, ХХ ғасырда ұлттық әдебиетімізде Д.Исабеков суреттесе, ХХІ ғасырдағы олардың бейнелерін Мерей Қосынның шығармаларынан табуға болады. Алайда оның кейіпкерлері ХХІ ғасырдағы үлкен империялардың кіші мемлекеттерге жасалып отырған басқыншылығынан, жаһандану салдарынан және бүгінгі заманауи технологияның әсерінен қоғамнан шеттеп қалған маргиналдар болса, сол кейіпкерлер туралы жазылған шығармалар да жаңа үлгіде, жаңа бағытта жазылып отыр. Ол ерекше қаһармандығымен көзге түскен, үлгілі кейіпкерлер ғана емес, өмірде өз үлесінен қағылған жандар да әдеби кейіпкер болуға лайықты деп есептейді. Ол өз кейіпкерлері туралы: «Менің кейіпкерлерім – 91 ден бері туған тәуелсіз ой мен әрекет иелері. Олар қазір әлемдік ақпараттық- техникалық хаоста өмір сүруде. Олардың қан тамырындағы «Өзіндік» генетикалық қасиетті интеграциялық жаңа ген «ашықтық» ығыстырып барады. Олар – барлық құндылықтар мен «Адамзат» ұғымын қайта қарауға итермелеп келе жатқан Виртуалды жаңа әлемнің ұрпақтары. Олар – адам сезімдерін жаңа формаға түсіруге ұмтылған ақылды адамдар. Менің достарым, мен оларды шексіз сүйемін! Бірақ енді олар өздерінің сана астындағы, қан тамырындағы
«МИФ» пен күреседі» [70].
М.Қосынның шығармаларын дүниеге келтірердегі ниетінен неогуманизмнің иісі аңқиды. Оның осы ниетін ақ қағазға түсіруде интертекстуалдылық және интермедиалдылық шығармашылығының басты кілті болған. Яғни М.Қосынның шығармаларын оқи отырып, оны шеттелген- шеттетілгендер мен басқа әлеуметтік топтың немесе үлкен ұлыс пен кіші ұлттың арасына теңдік белгісін қоюды мақсат етуден туындаған постмодернизм философиясы аясында қарастырсақ, еш қателеспейтінімізге көз жеткіздік. Автор Ж.Делез бен Ф.Гваттаридің пәлсапасынан келіп туындайтын шизофрениялық дискурсқа бой алдырады.
«Бұл ағым түрлі маргиналдардың жағдайына үңіліп, оларды билеуші әлеуметтік топтан еш кем көрмеген постмодернистерден бастау алады.
Оның шығармаларында тапа тал түсте тозақ отына күйген жандар жүгіріп бара жатады, жерді ұстап тұрған тартылу заңы емес, адамдардың бір біріне деген "ультрамахаббаты", қарсыласын тек бесатармен ататын суық қанды адалдық тірлік етеді» [69].
Автордың «Нерд» (The Nerd) әңгімесі «Адам ағзасының жаңа қуатын» табуды мақсат тұтқан, сол жолда бүкіл фәни дүниенің қызығынан, тіпті қарапайым адамға қажетті қарапайым қарым-қатынастардан бас тартқан оқымысты туралы шығарма. Өзін қоршаған әлеуметтік топтан тым бөлек өз
«әлемі», тіпті химиялық заттар мен физикалық аспаптарға толы өзінің жеке бөлмесінен тұратын «кеңістігі» және компьютері арқылы еніп кете баратын виртуалды «кеңістігі» және бар. Біз осы жолдарды жазғанда әңгімені мазмұндайық деп отырған жоқпыз. Мұндағы айтпағымыз, біз сипаттап отырған әңгіме кейіпкерін автор бір ғана «нерд» (Нерд (англ. Nerd зануда, «ботаник»)

  • стереотип человека, чрезмерно глубоко погруженного в умственную деятельность, исследования вместо разумного

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет