прочие аспекты общественной и частной жизни) [72] терминін шығармасына тақырып етіп алу арқылы ғана «компьютер басты, монитор көзді», виртуалды әлемнің құрбандары болған өз замандастарын дәл бейнелеуге жол тапқан. Әңгіме гипертекстік орайда берілген тағы бірнеше танымалесімдермен танымал мәтіндерден тұрады. Өзі желіде таралғандықтан танымал есімдермен танымал мәтіндердің сырын ұғыну үшін еріксіз ғаламторлық саяхатқашақыратындай.«Постмодернистік әдебиеттің мәтіндер мен дискурстарды үйлестірудің желілік қағидасының кез келген сәтте диалогты жандандыра алатын тағы бір ерекшелігін» [73, с. 184] еске алсақ, мәтіннің өзі желіде таралғандықтан, мәтін астарына үңілу үшін ғаламторлық іздеу жүйесімен бірлікте оқу тиімді. «Нерд» әңгімесінде кездесетін «гуглдің айтуынша, алып бара жатқан әулие емес, тіпті ешкім де емес сияқты» тәрізді тіркестерде автор мәтінді оқудың тәсіліне тұспал да жасайтын сияқты. Біз автордың өзі ұсынған тәсілмен оның әңгімесін оқып көрелік. «Ол Slashdot.org (Slashdot (Слэшдотили /.) – англоязычный новостной сайт, специализирующийся на технических иинтересныхтехническойаудиториитемах.Большаячастьматериаловприсылается самими читателями и публикуется после проверки редакцией.) [74], «Онлайн досы: Қолдады да артынан осы жазбаны жіберді. Роберт Болт (Роберт Окстон Болт (англ. Robert Oxton Bolt, 15 августа 1924, Сейл (Большой Манчестер), Англия — 21 февраля 1995, Питерсфилд, графство Хэмпшир) —английскийдраматург,киносценарист,режиссёриактёр.) [75] дегенді білмейтін едім, гуглдің айтуынша алып бара жатқан әулие емес, тіпті ешкім де емес сияқты», «Бізге Питер Норвигпен(Питер Норвиг (англ. Peter Norvig) –американский учёный в области вычислительной техники. В данный моментработаетдиректоромпоисследованиям(ранее–директорпокачествупоиска) в корпорации Google) [76] жақсылып кеңесу керек». Өзі мәтінге ендіріп отырған аралық мәтіндерді сол ғаламтор желісі арқылы оп-оңай тауып алуға болады және сол арқылы оқырманның мәтінге тереңдей еніп, мәтіннен тыс ақпараттар алып, оны «толық» оқуға мүмкіндік туады. Ғаламторлық ізденіс арқылы авторлық сілтемелердің мәніне қанығамыз.
Мұнан өзге мәтінде авторы көрсетіле берілген дәйексөз де кездеседі. Онлайн досы жіберген хабарламада Роберт Болттың «Біз шынтуайтында ашкөздік, ашу-ыза, менмендік, жалқаулық, нәпсіқорлық пен ақымақшылық, әдетте, әдептілік, пәктік, төзімділік, әділдік пен ақылгөйліктен гөрі адамдарға көбірек пайда әкелетіндігін көреміз де, осыдан кейін, ең құрығанда, адам болып қалардай таңдау жасауымызға тура келетіндіктен... неге ғана бізге зұлымдыққа аз да болса қарсыласуға тырысып көрмеске – тегі қаһарман атымыз шығып кетуі қауіп болса да» деп жіберген хатын автор бедел дағдарысын көрсетуге пайдаланған. Осы хатты алғаннан кейін нерд-Телқоңыр мен оның онлайн досы арасында мынадай әңгіме өрбиді:
Ол: Негізі ойлану керек жазба ма еді? Кешір, бірақ мені қызықтырмады.
Онлайн досы: Бұл жазбаны маған Техас штатындағы философ танысым жіберді.
Ол: Философия меніңше, түкке тұрмайды.
Онлайн досы: Мен оған екеуміздің дайындап жатқан жобамыз туралы айтқан едім.
Ол: Не дейді?
Онлайн досы: Қолдады да артынан осы жазбаны жіберді. Роберт Болт дегенді білмейтін едім, гуглдің айтуынша, алып бара жатқан әулие емес, тіпті ешкім де емес сияқты [70].
Шындығында, Роберт Болт – ағылшынның атақты драматургі, киносценарисі, режиссёрі және актёрі. «Доктор Живаго» және «Человек на все времена» атты фильмдері үшін екі рет «Оскар» сыйлығын алған. Сондай-ақ, екі рет BAFTA сыйлығын, үш рет «Алтын глобус» сыйлығын алған, Британ империясы орденінің иегері [75]. Оны шығарма кейіпкері «ешкім емес» десе, ғылымдардың атасы философияны «түкке тұрғысыз» дейді.
Жоғарыда атап өткен «Буве нүктесі» және «Нерд» әңгімелері автордың көптеген шығармалары секілді мәтін, сурет, музыка үштігінен тұрады. «Буве нүктесі» ғаламтордан алынған авторы белгісіз суретпен безендіріліп (4-суретке қараңыз), Зейнеш атты әншінің орындауындағы «Сүймеймін мен» атты әнмен әрленсе, «Нерд» авторы белгісіз суретпен безендіріліп (5-суретке қараңыз), орындаушысы белгісіз қобызда ойналатын «Қазақрухы»күйіменәрленген.