Диссертация Отандық ғылыми кеңесшілер: п.ғ. д.,профессор



бет41/63
Дата31.12.2021
өлшемі3,92 Mb.
#23522
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
Байланысты:
3-ДИССЕРТАЦИЯ-РЫСКАЛИЕВ-С.Н.

S

̅Х

S

Экспериментке дейін

10,53

1,46

11,0

1,51

0,920

> 0,05

Эксперименттен кейін

18,20

2,48

11,2

1,60

10,77

< 0,001

Кесте 30 ‒ Экспериментке дейін және одан кейінгі эксперименттік және бақылау топтарының «Дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігі және имиджі» пәні бойынша білімдеріндегі айырмашылықтар
дейін

Топ атауы

Экспериментке

Эксперименттен кейін

t

P

Х̅

S

̅Х

S







Эксперименттік топ

10,53

1,51

18,20

2,37

10,74

< 0,001

Бақылау тобы

11

1,56

11,2

1,60

0,485

> 0,05




«Дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігі және имиджі» пәні бойынша білім деңгейін анықтау мақсатында салыстырмалы эксперимент жүргізу үшін БҚИТУ университетінің студенттерінен әрбірі 22 адамнан тұратын эксперименттік (ЭТ) және бақылау (БТ) тобы құрылды.

Екі топта да «Дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігі және имиджі» пәні бойынша элективті курсты өткізу басталғанға дейін және оны оқып, меңгергеннен кейін 25 тапсырмадан тұратын тест арқылы тестілеу өткізілді.

Эксперимент мақсатына сәйкес, «Дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігі және имиджі» пәні бойынша сабақтар тек эксперименттік топта өткізілді. Бақылау тобы бұл элективті курсты меңгерген жоқ. ЭТ және БТ тестілеу нәтижелері 28-ші кестеде көрсетілген.

Стьюдент критерийін қолдана отырып, нәтижелерді салыстыру нәтижесінде эксперимент басталғанға дейін эксперименттік және бақылау топтарының білім деңгейінде еш айырмашылық жоқ екені көрінді.

Орта есеппен, 25 тест тапсырмасынан ЭТ 10,53 дұрыс жауап берсе, бақылау тобының дұрыс жауаптарының саны 11,0-ді құрады. 29-шы кестеде көрсетілген Стьюдент t-критерийінің мәні 0,920-ге тең болды, бұл стандартталған критикалық мәндерге сәйкес эксперименттік және бақылау топтарының білімі арасындағы айырмашылықтардың шындыққа жанаспайтындығын көрсетеді (P > 0,05). Басқаша айтқанда, эксперимент алдында ЭТ және БТ білім деңгейі бірдей болды.

Осы топтарды қайта тестілеу элективті курстан өткен эксперименттік топтың оқытылған пән бойынша білім деңгейі бақылау тобынан едәуір асып түскенін көрсетті. Т-критерий мәні 10,77-ге тең, ал айырмашылықтардың шынайылығы ең жоғары деңгейге сәйкес келеді (P < 0,001).



Топтар арасындағы айырмашылықтың кездейсоқ емес, оның элективті курсты тиімді меңгерудің нәтижесі екендігіне көз жеткізу мақсатында эксперименттік топтың экспериментке дейінгі және одан кейінгі нәтижелеріне салыстыру жүргізілді (сурет 45). 30-шы кестеде көрсетілген оның қорытындысы ЭТ-тың курсты аяқтағаннан кейін өзінің білімін едәуір жақсартқанын көрсетеді (t = 10,74; P < 0,001).

20

18

16



14

12

10



8

6

4



2

0
Сурет 45 ‒ БҚИТУ студенттерінің элективті курсқа дейінгі және кейінгі салыстырмалы нәтижелерінің көрсеткіші


Бақылау тобы тәжірибеден кейін тестілеу нәтижелерін 11,0-ден 11,2 баллға дейін біршама жақсартқан, алайда статистикалық тұрғыдан бұл жақсарту шынайы болып табылмайды (t = 0,485; P > 0,05), себебі t-критерийдің шынайылығының критикалық мәні 2,05-тен кем болмауы тиіс.

Келтірілген салыстыру қорытындысы эксперименттік топтың «Дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігі және имиджі» пәні бойынша білімінің жақсаруы элективті курсты тиімді зерттеудің нәтижесі болып табылатындығын дәлелдеді. Өз кезегінде білімнің жақсаруы кәсіби деңгейдің жоғарылағандығын және тиісінше мамандарды даярлау сапасының артқандығын айғақтайды.

«Дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігі және имиджі» пәні бойынша тапсырылған емтихан қорытындысы эксперимент нәтижелерінің шынайылығын растап отыр - оқытудың кредиттік технологиясы талаптары бойынша емтихан тапсырған студенттер үлгерімнің жоғары деңгейін көрсетті.

Параграф бойынша түйін: Ғылыми зерттеу барысында өткізілген анықтаушы және қалыптастыру эксперимент нәтижелерінің дәлдігін тескеру мақсатында Стьюдент критерийін пайдаландық.

Бақылау тобы тәжірибеден кейін тестілеу нәтижелерін 11,0-ден 11,2 баллға дейін біршама жақсартқан, алайда статистикалық тұрғыдан бұл жақсарту шынайы болып табылмайды (t = 0,485; P > 0,05), себебі t-критерийдің шынайылығының критикалық мәні 2,05-тен кем болмауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет