Диссертация Отандық ғылыми кеңесшілер: п.ғ. д.,профессор


Зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу



бет36/63
Дата31.12.2021
өлшемі3,92 Mb.
#23522
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63
Байланысты:
3-ДИССЕРТАЦИЯ-РЫСКАЛИЕВ-С.Н.

Зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу


Айқындаушы эксперименттің мақсаты студенттердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың нақты жағдайын анықтау болды.

Айқындаушы эксперимент базасы ретінде 8-ші кестеде көрсетілгендей Республика көлемінде 8 ЖОО таңдап алынды:


Кесте 8 ‒ Экспериментке қатысқан жоғары оқу орындары


Жоғары оқу орындарының атауы

Қатысқан

студенттер саны



Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

44

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинеринг университеті

24

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті

27

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік

Университеті



29

Қазақ спорт және туризм академиясы

34

Қазақ мемлекеттік қыздар университеті

15

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік

университеті



37

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

6

Барлығы:

216

Сауалнама 2018-2019 оқу жылы бойында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының педагогикалық практиканың алдында, яғни орта мектептің 1-11 сынып оқушыларымен кәсіби педагогикалық қызмет атқарудың ең аз болса да теориялық білімі бар 3 курс студенттерімен жүргізілді. Бұл жауаптардың жоғары валидтілігін қамтамасыз ету мақсатында жасалды.

Сауалнама ретінде біз төмендегідей әдістерді қолдандық:


        1. Тұлғаның коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттерін бағалау әдістемесі (В. Синявский, Б.А. Федоришин);

        2. Тест. Табысқа жету мотивациясы және сәтсіздіктен қорқу (А.А. Реан).

Болашақ дене мәдениеті мұғалімінің басқарушылық қызметінің тұрақты имидждік бағытының нәтижесі маманның тұрақты уәжі екендігі баршаға белгілі.

Аталған проблеманы зерделей келе анықтағанымыздай, осы уақытқа дейін мотивация, яғни уәж ұғымы мен құбылысына біржақты теориялық анықтама мен айқын көзқарас әлі қалыптаспағандығын атап өтуге болады.

Мотивация, уәж терминімен қазіргі таңда қажеттілік, мұқтаждық, ниет, ұмтылыс және т.б. секілді бірқатар түрлі түсіндірілетін құбылыстардың кең ауқымы аталып жүр.

Мейлінше кең мағынада мотивация, яғни уәж психикалық бағытталу мен өзі реттейтін белсенділіктің нақтылығы мен мақсаттылығы ретінде анықталады. Қарапайым тілмен айтқанда, тірі жанның не себепті өзгені емес, тап осыны орындауды таңдауын түсіндіреді.

Ғылыми әдебиеттерде мотив саналы қажеттілік ретінде де, (А.Г. Ковалев [174], және қажеттілік пәні ретінде де түсініліп (А. Н. Леонтьев) [175], қажеттілікпен сәйкестендіріледі (П.С. Симонов) [176].

Мотивтің мазмұнында белгілі бір жағдаймен анықталған нақты, жеке- қайталанбас құбылысты, сонымен қатар тұрақты құбылысты да ерекшелеуге болады. Ол үшін осы белгілі бір объект немесе құбылыс іске асырудың мүмкін формаларының бірі боп табылады. Мұндай тұрақты пәндік мазмұн енді қажеттілік объектісінің өзін ғана емес, сонымен бірге осы қажеттілікті бастан кешіретін тұлғаны сипаттайды.

С.Л. Рубинштейн пікірі бойынша, мінездің қасиеттері, сайып келгенде,

белгілі бір адамда біртекті жағдайларда пайда болатын үрдіс, ынталандыру, мотив болып табылады [39].

С.Л. Рубинштейн мұнда мотивтің жалпы мазмұнын айтып отыр.

Мотивацияны мінез-құлықты қолдайтын және бағыттайтын факторлардың жиынтығы ретінде анықтауға болады, сондай-ақ адамның мінез-құлқын, оның басталуын, бағытын және белсенділігін түсіндіретін психологиялық сипаттағы себептердің жиынтығы ретінде де түсіндіруге болады. Әр түрлі әдеби көздерде, интернет - ресурстарда мотивацияның сыртқы және ішкі; тұрақты және тұрақсыз; оң және теріс түрлері атап өтіледі. Оң және теріс мотивация - бұл жетістікке жетуге және сәтсіздіктерден аулақ болуға бағытталған уәж. Бұл уәждер басым уәждер болып табылады.

Жетістікке жету (табысқа жету) мотивациясы-адамның қызметте табысқа жету және сәтсіздіктерден аулақ болу қажеттілігімен байланысты уәждің бір түрі.

А.Маслоу мотивацияның 2 түрін анықтайды [177]:



  1. жетіспеушілікті жеңуге ынталану (дефициттік мотивация немесе Д- мотивация),

  2. дамуға ұмтылу мотивациясы (болмыстық мотивация немесе Б-

мотивация).

Мотивацияның бұл түрлері "қанағаттану" және "қанағаттанбау" категорияларымен байланысты. Д- мотивациясының жалғыз мақсаты - тапшы жағдайларды жою (мысалы, аштық сезімін). Бұл тұрғыда Д- мотивтер мінез- құлықтың тұрақты детерминанттары болып табылады. Б-мотивациясы бар адамдарда жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру мотивацияны әлсіретудің орнына күшейтеді және қажеттілікті азайтпайды. Мұндай адамдар өздерін жеңе алады және аз нәрсені қалаудың орнына, олар көбірек алғысы келеді (мысалы, білімге деген құштарлық).

Позитивті нәтижеге бағытталған мінез-құлық пен іс-әрекеттің мотивациясы мен мотивтері мәселесі психологиядағы басты мәселелердің бірі болып табылады және қазіргі уақытта өзекті болып қала береді.

Психолог А.Н. Леонтьевтің пікірінше, қызмет, іс-әрекет адамның негізі болып табылады және адам өмірінде өте маңызды орын алады. Ал кез-келген ерікті әрекеттің негізінде мотивация жатады.

Сондықтан қызметпен байланысты барлық процестер мен құбылыстарды, соның ішінде мотивацияны зерттеу қажет, өйткені кез-келген қызметтің сәттілігі оған байланысты.

Анықтаушы эксперименттің сауалнамасы Google формасында әзірленіп студенттерге онлайн түрінде сілтеме жіберілді.Төменгі суретте сауалнаманың қазақ тобына арналған нұсқасының скрин суретін көруге болады (Сурет 15).




Сурет 15 ‒ Анықтаушы эксперимент барысында пайдаланған Google формасындағы тест үлгісі



Келесі суретте сауалнама бойынша алынған жауаптардың санын байқауға болады. (Сурет 16.)

Сурет 16 ‒ Сауалнама бойынша алынған жауаптар скриншоты


Келесі суреттен аталмыш сауалнамаға қатысқан жоғары оқу орындарының атауын көруге болады.

Сурет 17 ‒ сауалнамаға қатысқан жоғары оқу орындарының атаулары Қазақстан республикасы бойынша 8 жоғары оқу орындары



студенттерінің жауаптарын келесі суреттен байқауға болады.


Сурет 18 - Жоғары оқу орындары студенттерінің жауаптары скриншоты
Студенттерге сауалнама 2018 оқу жылы ішінде педагогикалық практикадан өткен 3 курс студенттерімен, яғни орта мектептің 1 -11 сынып оқушыларымен кәсіби педагогикалық қызметтің минималды практикалық тәжірибесі бар студенттермен жүргізілді. Бұл жауаптардың жоғары жарамдылығын қамтамасыз ету мақсатында жасалды. Экспериментке қатысушылар құрамында 100 балдық шкала бойынша кемінде 60 балл үлгерім көрсеткіштерін көрсетіп емтихан сессиясын тапсыру нәтижелері бойынша практикаға жіберілген ұлдар мен қыздар болды.

Студенттердің жауаптары арнайы Microsoft Excel бағдарламасында



жинақталып,қорытынды нәтижелер шығарылды.


Сурет 19 ‒ Студенттердің жауаптары скриншоты



Келесі кезекте басқару мен менеджмент туралы арнайы білім деңгейін анықтау мақсатында әзірленген тест Google тестерге жасалып студенттерге онлайн таратылды.

Сурет 20 – Студенттердің арнайы білім деңгейін анықтау жауаптары


Төмендегі суреттерден студенттердің сұрақтарға жауаптарын байқауға болады.

Сурет 21 – Студенттердің сұрақтарға жауаптары скриншоты



Бір сұрақтың көлеміндегі қорытынды нәтижені мына суреттен көруге болады.

Сурет-22. Студенттердің арнайы білім деңгейінің жауаптары



қорытындысы
Сонымен аталмыш бөлімшеде біз анықтаушы экспериментті ұйымдастырудағы құралдарды нақты айқын көрсетуге тырыстық, яғни онлайн Google форманың ыңғайлы әрі қолжетімді барлық мүмкіндіктерін пайдалануға тырыстық.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет