Диссертация с. М. Исаев Ғылыми жетекші: филол. ғ. д филол ф.ғ. к. К. Н. Уәли Алматы, 2007 жыл мазмұНЫ



бет40/47
Дата29.05.2022
өлшемі1,15 Mb.
#35856
түріДиссертация
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47
Байланысты:
?îæ 811. 512. 122’366 ?îëæàçáà ???ûíäà Ø?ð³ïæàíîâà ?àëèÿ ?àáäîëë

2.8 Рай категориясы




Тіл тарихында рай категориясы көне дәуірден бері қолданылып, дамып отырған. Түркі тілдерінің тарихын зерттеуші ғалымдар еңбегінде рай қосымшалары сандық жағынан да, мағыналық жағынан да бай болғандығы айтылады. Көне жазба ескерткіштерде қолданылған кейбір грамматикалық мағыналар мен грамматикалық формалар кейбір түркі тілдерінде қазірге кезге дейін сақталса, ал бір тілде ұмытылып не басқа категорияның құрамына өтіп, жаңа мағынада қолданылғанын да дәлелдеуге болады. Қазіргі түркі тілдері материалдары негізінде пікір айтқан авторлардың да рай қосымшаларының саны туралы пікірлері де бірізді бола бермейді. Мысалы, өзбек тілін зерттеуші мамандар бірде үш рай (ашық, бұйрық, шартты) [203], бірде төрт рай (бұйрық, қалау, шартты, мақсат, ашық) [204], тіпті алты түрлі рай бар деп көрсетеді [205, 103 б.].
Ал қазақ тілін зерттеуші ғалымдар арасында мұндай пікір алалығы жоқ десе де болады. Дегенмен А.Байтұрсыновтың “Тіл құралында” райдың әдеттегі үш түрінен тыс бірнешеуі көрсетіледі [19].
1954 жылы жарияланған академиялық грамматикада райдың бес түрі (бұйрық, шартты, ашық, тұйық, қалау) берілген [8, 42 б.]. Кейінгі кезде жарық көрген оқулықтарда тұйық рай деп аталатын “у” формалы етістіктерді қимыл атауы немесе қимыл есімі деп атап, жеке категория ретінде бөліп қарайды. Өйткені рай қосымшалары амал-әрекеттің түрлі модальділік, құбылысқа іс-әрекетті жүргізуші адамның көзқарасын білдіреді, ал қимыл атауы амал-әрекетті білдірумен бірге құбылыстың өзін де білдіреді, яғни зат есім қызметінде жұмсалады.
Модальділік реңк жеке сөйлеушінің я жазушының тілінде ғана не жеке сөйлемде ғана ұшырасатын некен-саяқ құбылыс емес, жалпы ұлт тілінің табиғатына, грамматикалық құрылысына сай қалыптасқан жүйелі лексика-грамматикалық категория.
Модальділік категориясының көптеген мағыналары морфологиялық дәнекерлер арқылы, солардың ішінде көбінесе етістіктің рай формалары арқылы жасалатындықтан, бұл мәселе морфологияда да қаралады. Етістік рай – мазмұны мен формасы жағынан аса бай категория. Өйткені ол шақ формаларымен де, есімше, көсемше, қимылдың өту сипатын білдіретін формалармен де т.б. байланысты болады [11, 312 б.]. “ХІІ – ХІV ғасыр әдеби жазба ескерткіштеріндегі рай категориясы” тақырыбында диссертация қорғаған Б.Сманова рай категориясы мен шақ категориясының байланыстылығы туралы тұжырымдар жасайды:
1. Рай қосымшалары да, шақ қосымшалары да модальділік мағынаны білдіріп, сол грамматиканың модальділік категориясының құрамына енеді;
2. Шақтық мағынасы да, райлық мағынасы да сөйлем құрамында өмір сүреді, демек етістіктің сөйлемдегі қызметімен байланысты;
3. Шақ қосымшалары да, рай категориясының қосымшалары да тарихи тамыры жағынан бір негізден жасалынған;
4. Түркі тілдерінде шақ қосымшалары да, рай қосымшалары да жіктік жалғауын қабылдайды, өздері етіс қосымшаларынан кейін етістік түбіріне қосылады.
Сонымен қатар зерттеуші бұл екі категорияның айырмашылықтарын да атап көрсетеді: “Рай қосымшалары мен шақ қосымшалары өзара байланысты грамматикалық категориялар болса да, айырмашылықтары бар. Сондықтан оқулықтарда рай қосымшаларын екіге бөліп, ашық рай және қосалқы райлар деп көрсетіледі. Ашық райдың грамматикалық формасы жоқ, шақ көрсеткіштері оның қосымшалары делінеді.
Қосалқы – бұйрық, қалау, шартты райлардың арнайы қосымшалары бар. Олардың мынадай айырмашылығы бар:
1. Шақ категориясының өзіндік арнайы қосымшалары болса, ашық райдың өзіне тән грамматикалық формасы болмайды;
2. Қосалқы райдың модальділік мағынасы – олардың негізгі мағынасы;
3. Ашық райда негізгі шақтық мағына болып, райлық мағына қосалқы мағына болса, қосалқы райларда райлық модальділік мағына негізі мағына болады да, шақтық мағына қосалқы болады;

  1. Қосалқы райлардың шақтық мағыналық реңктері сезіліп тұрса да, жеке тұрып білдірмейді, ашық райда, керісінше, райлық мағына сөйлемдердегі модальділікпен байланыстырылады.

  2. Қосалқы рай категориясының өзіндік грамматикалық формалары, грамматикалық мағыналары бар. Сондай-ақ шақ категориясының да өздеріне тән грамматикалық формалары, грамматикалық мағынасы бар. Бұлардың мағыналарында өзара теңдесуі болса да, грамматикалық формасы жағынан анық ажыратылып жатады...

Демек, шақ және рай қосымшаларын модальділік мағына жағынан қосып, бір категория аясында қарастырсақ (жалпы рай категориясы ретінде), формалары мен грамматикалық мағыналарына қарай екі категорияға: рай және шақ деп бөлу дәстүрі бар [206, 25-27 б.].
Зерттеушінің райды шақ категориясымен байланысты қарастырып отырғандығы бұл екі морфологиялық категорияның таза грамматикалық сипатының ұқсастығында емес, ол осы категориялардың көрсеткіштері арқылы берілетін функционалды-семантикалық категориялардың өзара байланыстылығында. Функционалды тұрғыдан алғанда бұл жердегі модальділік мағына “формадан мазмұнға қарайғы” бағытта емес, алдымен мағынадан туындайтын «мағынадан формаға қарайғы» функционалды грамматика бағытында өзара астасып жатыр. Морфологиялық тұрғыдан шақ көрсеткіштері модальділік мағына беретін тұрақты тілдік құрал емес, модальділік мағынаны білдіру олардың негізгі қызметі емес, бұл жағынан олар жанама қызметте жұмсала келе, модальділік мағына білдіре алады. Ал бұл мағыналардың басын біріктіріп тұрған модальділік және темпоралдылық функционалды-семантикалық категориялардың байланысы.
Темпоралдылық – функционалды-семантикалық категория. Ол белгілі бір категориялық жағдаяттарда сөйлеу актісінде функционалды-семантикалық өрістерден көрінеді. Яғни функционалды – семантикалық категория мен функционалды-семантикалық өріс бір нәрсенің екі жағы сияқты, бірі – потенциалдық жағы, екіншісі – соның сөйлеу актісіндегі берілуі (реализациясы), олар өздерінің сөйлемдегі атқаратын қызметімен байланысты. А.В.Бондарко осы екі ұғымды функцияның потенциалдық және нәтижелік аспектілерімен байланысты қарастырады [186]. Яғни функция әлі қолданысқа түспей, сол тілдік құралдардың мүмкіндіктері қалпында (статикалық) жинақтық күйде тұрғанда функционалды-семантикалық категория болса, динамикалық сипатта категориялық жағдаятта сөйлеу актісіне түсіп функционалды-семантикалық өріс құрайды.
Семантикалық функциялардың актуалдануының бірнеше жолдары бар. Олар: 1) таза грамматикалық тәсіл арқылы; 2) лексикалық құралдар немесе сөзжасамдық құралдар арқылы; 3) грамматикалық және грамматикалық емес тілдік құралдардың кешені арқылы. Осы аталғандарға қоса семантикалық функциялар 4) морфологиялық категориялардың өз қызметінен ауытқып, жанама қызмет атқаруы арқылы да жүзеге асады.
Семантикалық функцияларды жүзеге асыруда, яғни қандай да бір функционалды-семантикалық мағыналарды беруде белгілі бір мағыналық категорияларға тиесілі тілдік құралдардың мағына беру мүмкіндігі әрқашан жете бермейді. Кейбір жағдайларда семантикалық функцияны атқару мүмкіндігі аз категорияларға екінші бір функционалды-семантикалық категорияларға тиесілі тілдік құралдар көмекке келеді. Сөйтіп олар екінші бір категорияның семантикалық функциясын атқарып, функционалды-семантикалық мағынаның толық, жеткілікті берілуіне жағдай жасайды. Осындай өз қызметіне қосымша екінші бір функционалды-семантикалық категориялардың семантикалық функциясын орындайтын тілдік құралдарды сол тілдік құралдың жанама қызметі деп атауға болады. Мұндай құбылыс құрылымдық грамматикада да бар. Мысалы, Ол жақсы оқушы дегендегі «жақсы» сын есім де, анықтауыш қызметінде тұр. Бұл оның негізгі қызметі. Ал Ол жақсы оқиды дегенде «жақсы» үстеу емес, ол қызметін өзгертіп, пысықтауыш болғанымен, сөз табына қатысын өзгертпейді. Сондықтан «жақсы» сөзі жанама қызмет атқарып тұр.
Морфологиялық категориялардың жанама қызметте жұмсалуы екі түрлі болады. Бірінде морфологиялық категориялардың негізгі қызметінен туындап, оның жалғасы, қосымша қызметі ретінде көрінеді. Мысалы, модальділік мағынаны беру үшін қолданылған бұйрық рай формасының жұмсалуында модальділік мағынаға қосымша іс-әрекеттің келер шаққа қатысы қоса беріледі. Мысалы, – Зеңбіректі оқтаңдар! Жақын жіберіп атыңдар! – деген Мюлгаузеннің айғайы естілді (І.Есенберлин, Қан мен тер). Осы сөйленімде негізгі семантикалық мағына бұйыру мәніндегі модальділік мағына. Сөйлеуші мақсатында іс-әрекеттің келер шақта орындалуы негізгі емес, негізгісі – іс-әрекетті орындату. Сондықтан бұл жердегі іс-әрекеттің келер шақта орындалуы туралы ақпарат екінші орынға шығады да, модальділік мағынаны беретін семантикалық функцияның темпоралдылық мағынаны да білдіруі оның жанама функциясы болып табылады.
Екіншісінде жанама қызметке морфологиялық категориялар тұтастай емес, олардың белгілі бір мүшелері ғана қатысады. Мұнда морфологиялық категориялардың тұтастай қызметі емес, олардың жекелеген мүшелерінің қызметі негізге алынады. Мысалы, қалау рай, бұйрық рай формалары арқылы берілген темпоралдылық мағынаны алайық. Мұндағы жанама рай формалары темпоралдылық қатынастарды білдіретін арнайы морфологиялық көрсеткіш емес. Олар темпоралдылықтың перифериялық компоненті ретінде танылады.
Морфологиялық категориялардың мағыналық жағынан мұндай астас қолданысы тілге, яғни бір-бірінің мағыналық мазмұнына еш нұқсан келтірмейді. Керісінше, олардың мағыналық мазмұнын толықтырып, байытады. Мұндайда морфологиялық категориялар бір функционалды-семантикалық категориялардың ядросы болса, екінші бір функционалды-семантикалық категорияның перифериялық компоненті ретінде қызмет етеді. Бұл құбылыс функционалды-семантикалық категориялардың астас қолданысы кезінде жиі кездеседі [207].
Рай категориясы мен шақ категориясы функционалды жағынан ғана емес, құрылымдық тұрғыдан да өзара байланысты категориялар. Олай болатын себебі, бұл категориялардың түр-түрге бөлініп көрсетілетін жіктемесінде де шақ түрлері ашық райдың құрамында беріледі. “Ашық рай – қимыл, іс-әрекет үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірінде болу-болмауын білдіретін рай түрі. Демек, ашық райдың басты семантикалық ерекшелігі қимыл, іс-әрекеттің объективті шындыққа қатысты болу-болмауының сөйлеп тұрған сәтпен (шақпен) байланысты (өтіп кеткенін, өтіп жатқанын, әлі өтпегенін, бірақ өтетінін) сипатын білдіру, сөйтіп, ашық рай, бір жағынан, бір өзі етістіктің шақ категориясын құрайды. Осыған байланысты райдың басқа түрлерінен айырмашылығы тікелей ашық рай жасайтын арнайы қосымшалары жоқ болып келеді. Демек, шақ категориясы дегеніміз екінші жағынан ашық рай екен де, енді ашық райдың сипаты шақ категориясы мен оның түрлері шеңберінде қарастырылады” [28, 194 б.].
Рай түрлеріне байланысты тағы бір тоқталатын мәселе – бұйрық райдың 2-жақ жекеше түрі. Бұл мәселе біздің өткен тақырыптарымызда етістіктің түбіріне берілген анықтамалар туралы айтылған баяндауымызда сөз болған еді. Яғни біздің түсінуімізше, бұйрық райдың жекеше анайы түрі – етістіктің түбір тұлғасы емес, нөлдік форма. Етістіктің түбірі түбір күйіндегі формасы да, бұйрық райдың 2-жақ, анайы түрі – парадигмадағы формасы, екеуі омоформа. Бірінде түбір мағынасын, яғни лексикалық мағынаны білдіретін тұлға да, екіншісінде бұйрықтық мағынаны білдіретін грамматикалық мағына. Біздің нөлдік форма туралы жазылған тақырыпшамызда да бұйрық райдың осы түрі арнайы қарастырылған.
Рай категориясына байланысты өзге де еңбектерді қарастырғанымызда, мағыналық жағынан төртке (бұйрық, шартты, ашық, қалау) бөлініп көрсетіледі [27, 194 б.], [208, 30б.], [209, 94 б.]. Ал морфологиялық қосымшалары мен райдың білдіретін мағыналары да осыған байланысты еңбектерде өз ұқсастығын сақтаған [210, 268 б], [211, 229 б.], [212, 39 б.], [213, 60], [214].
Ы.Маманов рай категориясын мағынасына қарай алты топқа бөледі. Олар: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай, өкініш рай, шарттылық рай.
Енді ғалымның шарттылық рай мен өкініш райларын қосты екен деген сұрақ туындайды. Оған жауап беру үшін ғалымның келтірген мысалдары мен райларды мағынасына қарай бөлу себебін, критерийлерін келтірейік. “Шарттылық рай формасы дағдылы есімше және болжалды келер шақ есімше формаларының “еді” көмекші етістігімен тіркесуі арқылы жасалып, бір істің, қимылдың болу-болмауы екінші бір іске, қимылға байланысты екенін білдіреді” [72, 151 б.].
Дағдылы есімше -атын еді, болжалды келер шақ есімше -ар еді формаларының шақтық мағынасы күңгірттеніп, жойылу дәрежесіне жеткен. Өйткені олар бірінің орнына бірі қолданыла береді. Сонымен қатар бұл формалар өткен шақ және келер шақ мезгіл үстеулерімен де тіркесіп айтыла береді. Мысалы, “Мен кеше айтатын едім, ертең айтатын едім; кеше айтар едім, ертең айтар едім”. Кейінгі еңбектерде бұлардың ауыспалы мәні ескеріліп, “ауыспалы өткен шақ” деп аталады. Сонымен қатар ғалым шартты бағыныңқы сабақтастың басыңқы сыңарын, яғни істің нәтижесін шарттылық рай деп таныған. Ал өкініш райға “өз тыңдаушысының және бөгде біреудің өткен кезде бір істі істегендігі не істемегендігі туралы сөйлеушінің өкіне сөйлегенін білдіретін етістіктің түрін жатқызады. Бірінші түрі – тұйық етістік тәуелді түрінде етті көмекші етістігімен тіркесіп жасалса, екінші түрі – шартты рай формасының етті көмекші етістігімен тіркесуі арқылы жасалады дейді. Мысалы:



Мен баруым етті



Алсам етті.



Сен баруың етті;



Алсаң етті.

Сіз баруыңыз етті;

Алсаңыз етті.

Ол баруы етті;

Алса етті.

Шындығында бұл етістіктерде өкініш те, қалау мағынасы да бар. Қазіргі ауызекі тілде болмаса, әдеби тілде көп кездеспейтіндіктен бе, әлде мағынаның күңгірттенгендігінен бе немесе өкініш пен қалау мағынасы қоса жүргендіктен бе, қазіргі грамматикаға райдың бұл формасы енбеген. С.Исаев бұл туралы: “Ы.Маманов дәстүрлі төрт райдың үстіне “шарттылық рай мен өкініш рай” деп тағы екі түрін қосқан”. Айта кету керек, ғалымның шарттылық рай деп отырғаны ашық райдың бір түрі де, өкініш рай дегені ниет, тілек мәніндегі қалау райдың бір түрі сияқты” деген пікір білдіреді [28, 194 б.]. Дегенмен де ғалымның өзіндік ұсынысы, көзқарасы осылайша түйінделеді. Ал оны тереңдей зерттеу осы категорияны қарастырушылардың үлесінде деп есептейміз.


Рай категориясы мен модальділік категориясының қатыстылығы, жоғарыда айтылғандай, орыс зерттеушісі В.В.Виноградовтың есімімен тығыз байланысты. Модальділік мағыналар функционалды грамматикада модаль сөздер, модаль мағынасындағы сөз тіркестері (қыстырма сөздер), етістіктер, предикативтілік, модаль мәнді есімдер, интонация, рай түрлері арқылы беріледі [215, 47 б.].
Ы.Маманов модальділіктің объектілі және субъектілі болып бөлінуіне қарай топтастырады. Мысалы, “ашық рай сөйлеушінің қимылдың болу-болмауы туралы объективті шындықты баяндауын көрсететін етістіктің арнайы формасы” [72].
А.Салқынбай және Е.Абақанның авторлығымен шыққан “Лингвистикалық түсіндірме сөздікте” “объектілі модальділік кез келген сөйлемнің нақтылығын не абстрактылығын білдіреді. Бұл жерде етістіктің рай категориясы негізгі рөл атқарады... Субъектілі модальділік, яғни сөйлеушінің тыңдаушыға деген көзқарасы. Объектілік модальділікке қарағанда, бұл хабардың қосымша реңі, белгісі болады...” [216, 145 б.].
Сонымен, рай құрылымдық тұрғыдан морфологиялық категория болса, функционалдық тұрғыдан осы категорияға негізделген функционалды-семантикалық модальділік категориясының ядросы болып табылады;
Ашық райдың негізгі қызметі - шақтық мағына білдіру болса, ал қосалқы райлардың (бұйрық рай, қалау рай, шартты рай) негізгі қызметі -модальділік мағына білдіру; қосалқы райлар шақтық мағынаны жанама түрде білдіреді. Бұл семантикалық функцилар модальділік және темпоралдылық категорияларының тығыз байланысты екендігін көрсетеді;
Ы.Мамановта функционалды-семантикалық категория принциптеріне сәйкес, райды объектілі, субъектілі тұрғыдан мағыналық жағынан топтауы, модальділіктің – етістіктер, предикативтілік, модаль сөздер арқылы берілетіндігіне тоқталғандығы функционалды грамматиканы түсінгендігін дәлелдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет