Диссертация с. М. Исаев Ғылыми жетекші: филол. ғ. д филол ф.ғ. к. К. Н. Уәли Алматы, 2007 жыл мазмұНЫ



бет45/47
Дата29.05.2022
өлшемі1,15 Mb.
#35856
түріДиссертация
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Екінші тарау бойынша тұжырым

- қазақ тілінің етістікті зерттеген белгілі ғалымдары етістік семантикасына қатысты пікірлер айтып, оларды мағыналық топтарға ажыратып отырған. Ы.Мамановтың етістік түбіріне байланысты (мағыналық қыры) пікірлері былай болып келеді:


1) түбір етістіктерді сөздік мағынасына қарай топтастырып бөлудің мәні шамалы. Өйткені бір сөз бірнеше мағынада қолданылуы мүмкін.
2) грамматика үшін түбір етістіктерді сыртқы тұлғалық бірлігіне қарай топтастырып бөлген дұрыс. Себебі олар сыртқы тұлғалық бірлігі бойынша әртүрлі типтес сөздер тобын жасайды;
3) негізгі түбір етістіктерді семантикалық жақтан мағыналық топтарға жіктеуге келмейді;
4) морфологиялық және синтаксистік тәсілдердің белсенді қатысуының арқасында ғана түбір етістіктерді мағынасына қарай бөлуге болады;
5) етістіктерді семантикалық жақтан топтастырғанда оларды семантика-грамматикалық немесе лексика-грамматикалық деп бөлген жөн;
- Ы.Маманов қазақ тіліндегі етістік формаларын лексика-грамматикалық қызметтеріне қарай, ең алдымен, негізгі етістік және функциялық етістік деп екіге бөліп, одан кейін негізгі етістіктің өзін түбір етістіктер және модификациялы етістіктерге ажыратып, түбір етістіктерге етістіктің лексикалық мағынасына ие болатын сөздерді, модификациялы етістіктерге белгілі қосымшалар немесе көмекші етістіктер арқылы үстеме грамматикалық мағына білдіретін етістік формаларын жатқызады;
- Ы.Маманов қазақ тілінің тілдік жүйесіне әбден орнығып, тұрақталып қалған “етістіктің түбірі бұйрық райдың екінші жағы” деген теорияның ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес екендігін дәлелдеді; сөйлеу кезіндегі етістік түбірімен форма жағынан бірдей болып келетін бұйрық райдың екінші жағы етістіктің түбір тұлғасы емес, жіктелу үлгісінің бір көрінісі екендігін алғаш рет атап көрсетті;
- Ы.Маманов -ыңқыра, -іңкіре қосымшасын грамматикалық тұлға ретінде өзі жасалған бастапқы тұлғамен қатар өмір сүреді дейді. Етістік түбіріне жалғанатын -ғыла, -гіле, -қыла, -кіле, -мала, -меле, -мсыра, -мсіре, -стыр, -стір жұрнақтарын сөз тударушы жұрнақтарға жатқызады.
- Ы.Маманов қазақ тіліндегі сөздердің жіктелу жүйесі екі түрде көрінетінін (1. Жіктік жалғау арқылы. 2. Тәуелдік жалғау арқылы), жіктік жалғауының өзінің жалғанған сөзіне тек қана жақтық мағына үстейтінін, ал тәуелдік жалғаулары жалғанған сөзіне тек жақтық мағына үстеп қоймай, сонымен бірге заттың кімге, қай жаққа меншіктігі, тән екендігін де білдіретінін атап көрсетеді.
- ғалымның сипаттауынша, күрделі етістік көсемше формаларымен көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады. Күрделі етістіктердің құрамындағы алдыңғы көсемше формасындағы сыңары лексикалық мағынаға ие болады да, соңғы сыңары – көмекші етістік оған грамматикалық мағына үстейді және етістіктің басқа формаларымен түрленетін конструктивтік қызмет атқарады;
- Ы.Маманов көмекші етістіктердің күрделі және аналитикалық етістік құрамында келгендегі мағыналарын аша білген; көмекші етістіктерді сөздік мағынасына қарай дұрыс топтай алған;
- құрылысына қарай күрделі болғанымен, алдыңғы сыңары есім және еліктеуіш сөздер болып келіп, соңғы сыңары көмекші етістіктен тұратын сөздерді “тіркесті түбір етістік” (құранды етістік) деп атайды;
- Ы.Маманов қазақ тіліндегі көмекші етістіктерді лексикалық мағынасына қарай екі топқа бөледі. Бірінші топқа е, ет, де, жазда көмекші етістіктерін жатқызады. Бұларды сөйлемде дербес лексикалық қызмет атқара алмайтындықтан мәнсіз көмекші етістіктер деп атаған. Екінші топқа жататындарды өз алдына лексикалық толық мағына білдіретін, дербес сөйлем мүшесі қызметін атқаратын түбір етістік тұлғасындағы атауыш сөздер деп, көмекші етістіктің бұл түрін мәнді көмекші етістіктер деп атайды. Бұл көмекші етістіктердің мәнді деп аталуын олардың кейде сөздік мағынасын бүтіндей жойса да, кейде жартылай сақталып қалуымен байланыстырады.
- ғалым қимылдың өту процесін екі кезеңғе ғана, яғни созылыңқы сыпат (процестің жүріп жатуы) және аяқталған сыпат (процестің бітуі) деп бөледі; қалып етістіктерінің созылыңқы сыпат көрсеткіштері есебінде төмендегідей басты қасиеттерін көрсетеді: біріншіден, қалып етістіктері ешқандай қосымшасыз күйде тұрып екі түрлі мағынада жұмсалады: а) түбір етістік мағынасында, яғни жекеше екінші жақ жіктеу есімдіктерімен тіркесіп айтылады: сен отыр, сен тұр, сен жүр, сен жат; ә) үшінші жақ жекеше, нақ осы шақ мағынасында жұмсалады: ол отыр, ол тұр, ол жүр, ол жатыр. Тек «жат» етістігіне үшінші жақта -ыр қосымшасы жалғанады; екіншіден, қалып етістіктері есім сөздер сияқты тікелей жіктік жалғауын қабылдайды. Түркі тілдерінде жіктік жалғауының тікелей жалғануы – тек есім сөздерге ғана тән қасиет. Қазақ тілінде осы қалып етістіктерінен басқа етістіктерге жіктік жалғауы тікелей жалғанбайды; қалып етістіктерінің басқа етістіктерден тағы бір үшінші өзгешелігі, олар еді көмекші етістігімен тіркесіп, күрделі өткен шақ формасын жасайды: отыр едім, жатыр едік, жүр едің, тұр едіңдер т.б. Бұл қасиет басқа етістіктерде жоқ.
- Ы.Маманов қимылдың даму сатысының алты фазасын көрсетеді: қимылдың жасауға дайындығы; қимылдың жасалуға бейімділігі; қимылдың басталуы; жасалу үстіндегі қимыл; аяқталу алдындағы қимыл; қимылдың аяқталуы;
- қазақ тіл білімінде етісті Ы.Маманов грамматикалық категория ретінде қарап, етіс формаларын форма тудырушы қосымшалар қатарына қосады; тілдік фактілерге сүйене отырып, қазақ тіліндегі өздік, ырықсыз, өзгелік етіс жұрнақтарының басты қызметі сабақты етістікті салт етістікке, салт етістікті сабақты етістікке айналдыру деп көрсетеді; етіс тұлғаларының контекске байланысты көп мағыналылығын дұрыс дәлелдеп көрсеткен; ортақ етіс формасымен жасалған сөздерді “қимыл есімі” деп және оның зат есімге де ауысып қалыптасқан түрлерін көрсеткен; етіс қосымшаларының табиғатын танып, алғаш модификациялық қосымшалар қатарына жатқызған;
Ы.Е.Маманов -ма, -ме, -ба, -бе, -па -пе морфемасын етістіктердің негіздері мен жіктелетін формаларының шегін айыратын қосымша деп анықтайды; етістіктің болымсыз түрінің үш вариантының (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе; емес; жоқ) арасында әрқайсысының өзіне тән семантикалық ерекшелігі барын аңғара білген; ғалымның пікірінше, болымсыздық форманың алдында келген морфема түбір (туынды) етістікке жатып, жалғанған қосымшалар сөзжасамдық жұрнақтар болады да, кейін жалғанған қосымшалар сөзжасамдық емес, яғни форма жасаушы қосымшалар болып табылады;
- Ы.Маманов қимыл есімінің тұлғалық көрсеткіштері ретінде тұйық етістік формасын (-у), -ғы тұлғалы және ортақ етіс (-с) тұлғалы қимыл есімдерін атайды; тұйық етістік тұлғасына -лық, -лік, -шы, -ші, -лы, -лі жұрнақтары жалғанып, туынды түбір сөздер жасалатындығын, яғни тұйық етістіктің туынды сөз жасауға негіз болатынын, әсіресе, тұйық етістікке -шы, -ші жұрнағы жалғанып жасалған туынды сөздердің көп екендігін, оның өнімді түрде кездесетінін атап көрсеткен (мысалы, оқушы, жазушы, сатушы, тергеуші т.б.).
- Ы.Маманов рай категориясын мағынасына қарай алты топқа бөледі, олар: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай, өкініш рай, шарттылық рай; Ы.Мамановта функционалды-семантикалық категория принциптеріне сәйкес, райды объектілі, субъектілі тұрғыдан мағыналық жағынан топтауы, модальділіктің – етістіктер, предикативтілік, модаль сөздер арқылы берілетіндігіне тоқталғандығы функционалды грамматиканы түсінгендігін дәлелдейді;
- ғалым есімшелерді мағынасына және тұлғасына қарай бес топқа бөледі: өткен шақ есімше, дағдылы есімше, болжалды есімше, ниет есімше, осы шақ есімше; соңғы «Қазақ грамматикасында» есімшелер Ы.Маманов жіктемесімен біршама сәйкес берілген; -ушы, -уші қосымшасын осы шаққа жатқызады; есімше формалары арқылы қос сөздер жасалатындығын дәлелдеген; есімшенің салыстыру, мөлшер мағынасындағы семантикалық реңктерді танып, функционалды-семантикалық өрістер арқылы берілуінің кейбір түрлерін көрсеткен.
- Ы.Маманов көсемшені мағынасына және сыртқы тұлғасына қарай үш түрге бөледі: өткен шақ көсемше, келер шақ көсемше, мақсатты көсемше; көсемше формаларының қайталанып және қосарланып айтылуына байланысты олардың сөзжасамдық және грамматикалық қызметін тани білген: екі етістік көсемше формасында қосарланып айтылса, үстеуге айналған қос түбір болып есептеледі (жүре-келе, бара-тұра, жата-жастана, өліп-талып, қатып-семіп т.б.), ал бір етістік көсемше түрінде қайталанып айтылса, ол етістіктің дүркіндік мағына білдіретін грамматикалық категориясы болып саналады (оқи-оқи, жаза-жаза, айтып-айтып, ұрсып-ұрсып т.б.);
- Ы.Маманов шақ формаларының мағыналық ерекшелігіне баса назар аударған. Шақ түрлерінің атаулары шартты түрде алынған терминдер деп көрсетеді. Атап айтар болсақ, өткен шақты – жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ежелгі өткен шақ, дағдылы өткен шақ, қатысты өткен шақ деп бес түрге бөлгенімен, олардың арасындағы айырмашылық – әртүрлі мезгілдік мағына білдіруінде емес, әрқайсысына тән өзіндік семантикасында екендігін дәлелдейді; етістіктің шақ формалары қимылдың, уақиғаның уақытын жалпы түрде көрсетеді, ал дәл өту мезгілін жыл санын көрсететін сан есімдермен тіркесу арқылы және мезгіл үстеулері арқылы білдіре алады.
- Ы.Е.Маманов тіл білімінің әр саласына қалам тартқан ғалым. Соның ішінде тіл мәдениетіне қатысты айтқан пікірлері мен қорытындылары да автордың өзіндік көзқарасы бар зерттеуші екендігін дәлелдейд


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет