Жоғары мектептерде химия курсынан есептер шығару әдісі
2
Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру, жоспарлау және рәсімдеу
90, А-
3
Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың әдіснамасы мен заманауи технологиясы
4
Физикалық және коллоидтық химияның оқытудың заманауи әдіснамалық негiздерi
72, С+
5
Органикалық және жоғары молекулалық косылыстар химиясын оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері
75, В-
2. Ғылыми-зерттеу жұмысы: Диссертациялық жұмыс тақырыбы: «Химия сабақтарында пәндік-тілдік кіріктірілген оқытуды қолдану»
Өзектілігі: Пәндік-тілдік кіріктірілген тәсілді жүзеге асыруда күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті жағдайлар сипатталған. Сондай-ақ, тілдік оқыту негізгі шет тілдік коммуникативтік құзыреттілікті дамыту тұрғысынан қарастырылады. Автор пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың ең тиімді әдісі кіріктірілген қос тілді сабақтарды өткізу деп санайды.
Ғылыми жаңалығы: Тіл – қарым-қатынас құралы. Сонымен қатар, тіл ақпараттың, білімнің, хабарламалардың берілуі мен қабылдануына делдал болады. Индивидтің сырттан алатын ақпаратын өңдейді. Орта мектепте химияны пәндік-тілдік кіріктірілген оқытуды қолдану арқылы оқушыларда ауызша және жазбаша тілдік дағдыларды игереді.
Мақсаты: Орта мектепте химия пәні бойынша пәндік-тілдік кіріктірілген оқытуды қолданудың өзектілігін анықтау және оның оқушылардың танымдық дағдыларын дамытуға әсерін қарастыру.
Негізгі міндеттері:
пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту негізінде орта мектепте шет тілінде (ағылшын тілі) оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан дайындау, ғылыми негіздеу және экспериментальды түрде тексеру;
оқытылатын шет тілін меңгерудің қол жеткізілген деңгейін жетілдіруге, оның ішінде өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау негізінде, екінші/үшінші шет тілін үйренуге, шет тілін басқа пәндік салаларда өз білімін кеңейтуге мүмкіндік беретін ақпарат алу құралы ретінде пайдалануға қызығушылықты қалыптастыру;
ұсынылған әдістеме негізінде сабақтардың ғылыми негізделген кешенін әзірлеу.
Күтілетін нәтижелер:
оқушылардың шет тіліндегі пәндік құзыреттілігінің мәні мен құрылымы ашылып, негізгі критерийлер мен көрсеткіштер анықталады және оның қалыптасу деңгейлері сипатталады;
пәндік-тілдік кіріктірілген оқытудың мәні мен мазмұны анықталып, оқыту моделі дайындалады;
оқыту үдерісіне кіріктірілген оқыту негізінде тілдік материалмен жұмыс істеу әдіс-тәсілдері енгізілетін болады.