Диссертация тақырыбымды zoom платформасында презентациялау. 4 2



бет3/6
Дата13.06.2023
өлшемі1,12 Mb.
#101074
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6
2. Университеттің базасымен танысу, магистрлік диссертация тақырыбы бойынша материалдар жинау үшін университеттің ақпараттық ресурстарын пайдалану
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен екі ЖОО – Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целинаград педагогикалық инстиутының бірігуі негізінде құрылды.
2000 жылы Қазақстан Республикасының Қаулысымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясымен бірігу жолы арқылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ құрамында жалпы саны 26 ғылыми мекемені құрайтын ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, зертханалар, 13 факультет, қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институты, әскери кафедра, түрлі мемлекеттердің мәдени білім беру орталықтары бар.




Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады.



Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті


Университет ректоры- тарих ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық педагогика академиясының академигі Сыздықов Ерлан Батташұлы. Ол 2011 жылдың 26 шілдесінде бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры
Сыздықов Ерлан Батташұлы.
Университет құрамына 13 факультет кіреді. Олар:
1. механика-математика факультеті
2. ақпарттық технологиялар факультеті
3. сәулет-құрылыс факультеті
4. жаратылыстану ғылымдар факультеті
5. әлеуметтік ғылымдар факультеті
6. заң факультеті
7. филология факультеті
8. экономика факультеті
9. халықаралық қатынастар факультеті
10.физика-техника факультеті
11.журналистика және саясаттану факультеті
12.тарих факультеті
13.көлік-энергетика факультеті.
1 ақпан мен 12 ақпан аралығында Zoom платформасында өткен ғылыми тағылымдамаға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының оқытушылары мен факультет деканы қатысты. Олар бізге Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен «Механика және математика» факультеті туарлы қысқаша ақпарат берді. «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының профессорлық оқытушы мамандары бізге диссертациялық жұмыстар бойынша кеңестер беріп, қажетті ақпараттармен бөлісті.

«Механика және математика» факультетінің деканы Қозыбаев Данияр
Хаибилдаевич.

«Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының меңгерушісі Адамов Абилмажин Алирахимовичпен диссертациялық жұмыс бойынша кеңес алу кезі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет