Диссертация тақырыбымды zoom платформасында презентациялау. 4 2



бет2/6
Дата13.06.2023
өлшемі1,12 Mb.
#101074
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6
1. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін және «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасын, сонымен қатар диссертация тақырыбымды ZOOM платформасында презентациялау.


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ірі жоғары оқу орындардың бірі болып табылады. Ол 1943 жылдың 19 маусымында КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің №679 қаулысымен Құрылыс материалдары технологиялық институты болып құрылды. Алғашқы оқу жылында институт құрамында екі факультет: технологиялық және тау-кен факультеттері және 7 кафедра болды. 1996 жылы ҚР Үкіметінің №573 қаулысымен оқу орны Қазақ химия-технологиялық университеті болып аталды, ал 1998 жылы Үкіметтің №256 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің бірігуі негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.
Бүгінгі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті - Қазақстан Республикасының ірі және көп салалы университеті, аймағымыздың инфрақұрылымының дамуы мен қалыптасуына, халықаралық қоғамдастықтағы интеграция мен жаһандану үрдістеріне белсенді қатысатын
ғылыми-білім беру, интеллектуалдық, мәдени орталығы. Университет Қазақстанның оңтүстігіндегі 65 жылдан аса тарихы бар жоғары техникалық және гуманитарлық білім берудің екі үлкен мектебінен құралады. Қазіргі кезде университетте 1461 оқытушы ғылыми-педагогикалық іс-әрекетпен айналысуда.



М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Университеттің құрамында – 14 факультет бар.Олар:




1. Агроөнеркәсіп факультеті
2. Ақпараттық технологиялар факультеті
3. Заңтану және халықаралық қатынастар факультеті
4. Жаратылыстану-педогогикалық факультеті
5. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультеті
6. Құрылыс және көлік факультеті
7. Механика және мұнайгаз ісі факультеті
8. Педагогика және мәдениет факультеті
9. Дене шынықтыру және спорт факультеті
10.Кешкі және қашықтықтан оқыту факультеті
11.Филология факультеті
12.Химия-технологиялық факультеті
13.Экономика және қаржы факультеті
14.Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу жөніндегі факультеті
15.Әскери кафедра
Университет ректоры - ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі,тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Қожамжарова Дария Пернешқызы.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік университетінің ректоры Қожамжарова Д.П.




Ол 2018 жылдың 18 мамырында ЖОО ректорларын тағайындау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.
Ақпараттық жүйелер және моделдеу кафедрасы.
2017 жылы қыркүйек айынан бастап «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы мен «Математикалық тәсілдер және модельдеу» кафедрасы біріктіріліп, кафедра атауы «Ақпараттық жүйелер және моделдеу» кафедрасы болып өзгертілді.
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы 2002 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Экономикалық кибернетика кафедрасының негізінде құрылған. Кафедра даярлайтын мамандар:
 екі білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар: 5В070300 –
«Ақпараттық жүйелер» және 5В070500 – «Математикалық компьютерлік модельдеу»;
 екі білім беру бағдарламасы бойынша магистрлар: 6М070300 –
«Ақпараттық жүйелер» және 6М070500 – «Математикалық компьютерлік модельдеу»;
«Ақпараттық жүйелер және моделдеу» кафедрасының магистрлері шет елдерде іс-тәжірибеден өтеді. «Ақпараттық жүйелер» және «Математикалық компьютерлік модельдеу» мамандығын бітірген түлектер «Қазақтелеком» АҚ, ІІМ, ҰҚК, «Салық комитеті», «Южполиметал» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, Қазақстанның кез-келген банк саласында және облыстық, аудандық деңгейлерде, жоғары оқу орындарында т.б. салаларда қызметтер атқаруда.
Кафедраны құрылған күннен бастап э.ғ.к., доцент Өтебаев Қалмұрат Әбдіразақұлы басқарды. Қазіргі таңда кафедраны п.ғ.к., доцент Изтаев Жалғасбек Дулатұлы басқаруда. Қазіргі таңда кафедра профессор- оқытушылар құрамы 28 штаттық бірлікті құрайды, олардың шінде 4 - ғылым докторы, профессор, 1- PhD – докторы, 10- ғылым кандидаты, доцент және 13 магистр оқытушылар қызмет атқаруда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет