Мақаланың көлемі әдетте 5-15 беттен аспайды. Ғылыми мақалада материал жүйелі және ретімен баяндалады.
Ғылыми есеп, баяндама. Ғылыми есепке қойылатын талаптардың мемлекеттік стандарты бекітілген.
Ғылыми есеп, баяндама. Ғылыми есепке қойылатын талаптардың мемлекеттік стандарты бекітілген.
Ғылыми есептерге мынадай негізге талаптар қойылады: құрылымның нақтылығы, материалды баяндаудың логикалық реті, сенімді дәлел, нақты және қысқаша жазу, жұмыс нәтижесін баяндау нақтылығы, қорытындыны дәлелдеу және ұсыныстардың негізделуі.
Ғылыми есеп мұқаба беттен, авторлар тізімінен, қысқаша рефераттан, мазмұннан, жұмыстың негізгі бөлігінен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Ғылыми баяндама – мазмұны бойынша ғылыми есеп сияқты.
Ғылыми баяндама – мазмұны бойынша ғылыми есеп сияқты.
Бірақ зерттелген проблеманы толық қамтымайды, тек зерттеудің қандай да логикалық аяқталған бөлігін, аспектісін қамтиды.
Ғылыми баяндамаға ғылыми есеп сияқты қатаң талап қойылмайды. Сондықтан да, ол ауызша оқылатындықтан, түсінуге онша қиындық туғызбайтыдай жазылуы керек.
Әдістемелік құрал. Осындай құралда зерттеу нәтижесі базасында жасалған қандай да бір үдерісті (оқу-тәрбиелеу, технологиялық және т.б.) жетілдіруге арналған әдістемелік нұсқаулар теориялық түрде негізделеді.

Мүмкіндігінше онда көрнекі материалдар көп берілуі керек. Әдістемелік құралды кітап немесе брошюра түрінде безендіреді.