Сәлеметсіздер ме құрметті әділқазылар алқасы. Сіздердің назарларыңызға «BLENDED LEARNING АРАЛАС ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» тақырыбындағы магистрлік диссетациялық жұмысын ұсынуға рұқсат етіңіздер. СЛАЙД 1 Диссертацияны орындаған : 2 курс магистранты Нургалиева Гаухар Есенқызы Ғылыми жетекшім: ІТ және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы, PhD Адиканова Салтанат Сайларбекқызы. СЛАЙД 2 Диссертация тақырыбының өзектілігі: Жалпы білім беру жүйесінің қажеттіліктерімен, атап айтқанда, әсіресе оқытуды дараландыру, жеке оқыту мақсатында аралас оқыту технологияларын оқытудың білім беру процесіне енгізу қажеттілігімен анықталады.
СЛАЙД 3 Магистрлік жұмыстың мақсаты: “Blended learning аралас оқыту технологиясы бойынша информатиканы оқыту әдістемесі” тақырыбын зерттеу, осы тақырып бойынша электронды әдістемелік құрал әзірлеу
СЛАЙД 4 Магистрлік жұмыстың міндеттері: Диссертация тақырыбына сай әдебиеттерді жинақтау, тақырып бойынша салыстырмалы анализ жасау;
Blended Learning аралас оқыту технологиясына анықтама беру, артықшылығы мен кемшіліктерін анықтау;
Adobe Flash CS3 ортасында электронды құралды әзірлеу.
СЛАЙД 5 Blended Learning немесе аралас оқыту технологиясы дегеніміз студент, оқушы білімді өз бетінше желіде де, мұғаліммен бірге жеке, іштей форматта алатын білім беру тұжырымдамасы.
СЛАЙД 6 Blended Learning концепциясы 20 ғасырда, 60-шы жылдары пайда болған, бірақ терминология алғаш рет 1999 жылы Американдық интерактивті оқыту орталығының пресс-релизінде ұсынылып, оның атауын EPIC Learning деп өзгертуге шешім қабылдады.
СЛАЙД 7 Аралас оқыту әдісі -Бұл әдіс материалдың оқу уақытын, орынын, қарқынын және тәсілін бақылауға мүмкіндік береді. Аралас білім беру дәстүрлі әдістер мен қазіргі технологияларды біріктіруге мүмкіндік беретін заманауи оқыту әдістемесі.
СЛАЙД 8 Blended Learning блендер сияқты дәстүрлі Brick and Mortar Education оқыту әдісі мен электронды оқыту әдісін (eLearning) біріктіріп, аралас оқыту технологиясы немесе Blended Learning деген атауға ие болды.
СЛАЙД 9 Blended Learning 3 типті болады:
қашықтықтан оқыту (Distance Learning)
сыныпта оқыту (Face-To-Face Learning)
Интернет арқылы оқыту (Online Learning).
СЛАЙД 10 Аралас оқытуда қолданылатын заманауи оқыту әдістері:
Модульдік
Жаңартылған білім беру технологиясы
Сыни тұрғыдан ойлау
СЛАЙД 11 Диссертация тақырыбы бойынша әдістемелік кешенді құру үшін төмендегідей бағдарламалармен жұмыс жасадым:
Осы жерде практикалық жұмысты ашып көрсетесіз.
СЛАЙД 12
Магистрлік жұмыстың нәтижесінде:
Тақырып бойынша салыстырмалы талдау жасалып, диссертация жазу үшін материалдар жинақталды;
Blended Learning блендер аралас оқыту технологиясына педагогикалық тұрғыдан анықтама беріліп, артықшылықтары мен кемшіліктері зерттелді;
Blended Learning аралас технологиясының көмегімен информатиканы оқыту әдістемесінің электронды кешенін әзірлеуге арналған бағдарламаларға талдау жасалды;
Диссертация тақырыбы бойынша мақала жарияланды.
Adobe Flash CS3 ортасында Blended Learning аралас технологиясымен информатиканы оқытуға арналған әдістемелік құрал жасалды.