Асабай Балжан Бауыржанқызының
6M011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесін алу үшін дайындаған «Іскерлік қарым-қатынас жанры типологиясының ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациясына
ПІКІР
«Іскерлік қарым-қатынас жанры типологиясының ерекшеліктері» атты тақырыпта жазылған магистрант Асабай Балжан Бауыржанқызының диссертациялық жұмысы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің Ғылыми дәрежелер беру Ережелерінің екінші бөлімі талаптарына сәйкес жазылған.
Тіл қарым-қатынас жасап, пікір алысу, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз етумен қатар адамға ерекше әсер ететін, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған асыл қазынаны ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп жеткізіп отырады. Осыған байланысты тілдің коммуникативті, эстетикалық және аккумулятивтік қызметі зерттеушілер назарынан тыс қала алмайды. Адамдардың өзара түсінісуі белгілі бір жағдаятта, нақтылы тіл (сөйлеу) бірліктерінің қызмет етуі нәтижесінде толыққанды ақпараттар арқылы жүзеге асады. Тіл байлығы, адамның жан дүниесі сөйлеу барысында, яғни қарым-қатынас үстінде көрінеді. Сол себепті қарым-қатынастың қандай бірліктер негізінде жүзеге асатыны, қалай пайда болатындығы, қолданысы өте маңызды.
Тілдің қатысымдық, танымдық жағы психолингвистиканың мәліметтерінсіз толық ашыла алмайды. Ал «қатысым» дегеннің өзі толассыз үдерістердің көрінісі болғандықтан, ол сөйлеумен, сөйлеу әрекетімен тікелей байланысты. Сөйлеу синтаксисі семантикалық (мағына мен мазмұн), қатысымдық пен танымдық, прагматикалық сипаты арқылы ажыратылады. Сөйлеу лингвистикасын қарастырғанда, оның да өзіне тән бірліктерін, олардың түрлерін т.б. білу қажет болады. Іскерлік қарым-қатынасты тіл тұрғысынан зерттеу бүгінде өзекті болып отыр.
Диссертациялық жұмысты жазу барысында магистрант мынадай нәтижелерге қол жеткізген:
Қазақ сөйлеу тіліндегі іскерлік қарым-қатынастың жасалу ерекшелігі мен сипатының теориялық негізі қаралды.
Қазіргі қазақ тіліндегі іскерлік қарым-қатынастың пайда болу үлгілерінің негізінде олардың тетіктерінің атқаратын қызметі анықталды.
Қазіргі қазақ тіліндегі іскерлік қарым-қатынастың қолданыстағы қатысымдық мәні ашылды.
Сөйлеу тіліндегі іскерлік қарым-қатынастың актуалды мүшеленуінің ерекшеліктері ашып көрсетілді.
Ғылыми жұмысты жазу барысында магистрант Асабай Балжан Бауыржанқызы Шымкент, Алматы қалаларының кітапханаларынан алынған іскерлік қарым-қатынас типологиясына қатысты, оның лингвистикалық әлеуетін дәлелдеуге бағытталған деректерді барынша пайдаланады.
Ізденуші жұмысының нәтижелерін, диссертациялық тақырып бойынша жарияланған мақалаларды жоғары оқу орындарында, әсіресе тіл білімінің психолингвистика, этнолингвистика, этнопсихолингвистика, когнитивті лингвистика, қатысымдық лингвистика сияқты салаларын оқыту барысында қолдануға болады.
Магистрант диссертациялық жұмысын іскерлік қарым-қатынастың өзіндік сипатын анықтау арқылы қазақ тіл білімінің коммуникативті синтаксис саласының дамуында бұрын айтылған теориялық ой-пікірлер мен жиналған материалдарға талдау жасай отырып, зерттеу жүргізуге арнаған. Жұмыс екі тараудан тұрады, онда іскерлік қарым-қатынастың психолингвистикалық сипаттамасы, функционалдық табиғатына сипаттама жасаған.
Жұмыстың тілі жатық, пайдаланылған материалдары тың. Ізденуші жұмысты жазу барысында терең зерттеулер жүргізген.
Қорыта келе, магистрант Асабай Балжан Бауыржанқызының бұл зерттеу жұмысы іскерлік қарым-қатынасқа қатысты теориялық қағидалар және қазақ тіл білімінің коммуникативті синтаксис саласы туралы жазылған зерттеу жұмыстарындағы ғылыми тұжырымдар, ғылыми пікірлерге талдау, зерттеу, салыстыру мен саралау мәселесіне өзіндік үлес қосатын еңбек деп есептеуге тұрарлық.
Жұмысты «жоғары» дәрежеде жазылған зерттеу ретінде қабылдауға болады деп ойлаймын.
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент Темірбекова Г.Қ.
Silkway халықаралық
университеті
Достарыңызбен бөлісу: |