Дістемелік кешен



бет50/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76
Байланысты:
Агрономия УМК 2017

13-практикалық сабақ
Тақырыбы : Толық пісу сатысы (кезеңі) екі деңгейге бөлінеді: толық пісудің басы және толық пісу. Толық пісудің бас кезінде тұқым қатты, тырнақпен із де салынбайды, ылғалдылығы – 20 – 18%. Бұл деңгейде егінді комбайнмен тікелей орып жинау ұсынылады. Толық пісу кезіндегі тұқым ылғалдылығы – 17 – 16%, ол жеңіл аздаған шығынмен үгітіледі, құрғақ, сапалы.
Тұқымның толысуы мен пісуі сыртқы ортаның факторларына байланысты: жылуға, топырақ пен ауаның ылғалдылығына, топырақтың құнарлылығына, өсімдіктің жарықталуына т. б.
Қоршаған орта кезеңдер мен кезеңдердің ұзақтығын ғана емес, сонымен бірге олардың сипатын өзгертеді және бұл түқымның себу мен өнімдік қасиеттеріне әсер етеді. Егер тұқымның қалыптасуы мен толысуы кезеңінде ауа-райы ыстық, әрі құрғақ болып топырақта ылғал аз болса, онда дәнді «ыстық үрады», немесе ол «демікпеге» ұшырайды, Кейде өсімдіктің әлсіреуі одан әрі созылып, дәннің қатты сусыздануына әкеліп соғады, биохимиялык үрдістер өзгереді, солардың салдарынан семіп калған 1000 дәннің массасы төмен тұқым алынады.
Тұқымның қалыптасу, толысу және пісу процесінде оның химиялық құрамында айтарлықтай өзгерістер болады, бұларға тұқымның биологиялык сапасы да тәуелді.
Тұқымның пісуіне қарай бірте-бірте май, углевод және бе­лок түріндегі пластикалық заттар жиналады. Егер толысу кезінде олар жеңіл ерігіш жай қосылыстар интенсивті түрде кірсе, пісу соңында олар нашар еритін күрделі қосылыстарға айналады да қоректік заттардың қоры ретінде жинақталады. Негізгі қоректік заттардан басқа тұқымда ферменттер (биологиялық катализаторлар), өсіргіш заттар, органикалық қышқылдар, алкалоидтар, минералды заттар т. б. жинақталады.
Толысу-пісу ұзақтығына және қоректік заттардың тұқымға келіп түсу интенсивтілігіне ауа райы және агротехникалық жағдайлар елеулі әсер етеді. Ауа райы ыстық және құрғақ, топы­рақта ылғал жеткіліксіз болғанда тұқымға түсетін пластикалық заттар азаяды «демікпе» және «ыстық ұруы» кезінде мүлде тоқтайды, осылардың нәтижесінде егін өнімі мен сапасы нашарлайды. Мұндай жайт Солтүстік Қазақстан жағдайында толысу-пісу кезеңінде құрғақшылық ұзаққа созылғанда дүркін-дүркін байқалып тұрады.
Салқын әрі жаңбырлы ауа райы тұқымның толысуы мен пісуін ұзартады, дәннің химиялық құрамы өзгереді, өйткені кейбір заттар өзінің түпкі күйіне айналып үлгермейді. Төменгі тем­пературада және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында тұқымда белоктың мөлшері азаяды.
Тұқымның тамырында тұрып піскенімен оның дамуы әлі аяқталған жоқ.
5. Тұқымның егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуі.Толық пісу кезеңінде жиналған көптеген танаптық дақылдардың тұқымдары (жемістері) қолайлы жағыдайларда көктеткенде өнбейді, немесе олардың өну қуаты мен өнгіштігі төмен болады. Мұндай тұқымдар морфологиялық тұрғыдан алғанда жетілсе де, физиологиялық жағынан шала піседі және өніп – көктеу қабілетіне белгілі мерзімде сақтағаннан кейін ғана ие болады. Піскеннен толық өнгіштікке жеткенге дейінгі уақытты тұқымның егін жинағаннан кейінгі пісіп – жетілуі деп атайды. Ол тұқымның тыныштық кезеңі (күйі) түрінде байқалады. Тұқымның тыныштық кезеңі – тірі тұқымдардың қалыпты жағдайларда өнбейтін немесе өте баяу өнетін күйі. Бұл ұзақ эволюциялық үдерістің нәтижесінде орта белдеудің өсімдіктері қалыптастырған қасиет, ол өсімдіктердің өсіп-дамуына қолайлы жағдайларда тұқымның өніп-көктеуін қамтамасыз етеді және түрдің сақталуына мүмкіндік жасайды. Егін жинағаннан кейінгі тұқымның пісіп-жетілу ұзақтығы өсімдік түрі мен сортына, дәннің толысып пісу, жинау және сақтау жағдайларына байланысты. Мәселен, жүгері, қарақұмық, эспарцет т.б. тұқымдарына өте қысқа егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу кезең тән – бірнеше тәулік, ал еркекшөп, арпа, күнбағыс ж.б. – 20-30 тәулікке дейін, кейде одан да ұзақ мерзім қажет. Күздіктер жаздық дақылдарға қарағанда біршама қысқа егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу кезеңімен ерекшеленеді. Пісу мен егін жинау жағдайларының әсері мынадан байқалады: ауа-райы ылғалды әрі салқын болғанда тұқымның егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу кезеңінде тұқымда күрделі биохимиялық үдерістер жүреді: жоғары молекулалы ақуыз (белок) қосылыстарының синтезі аяқталады, дербес май қышқылдары майға айналады, көмірсуларының молекулалары іріленеді, ферменттердің қызметі әлсірейді, тұқым қабығының ауа-су өткізгіштігі артады. Кезеңнің басында тұқымның өнгіштігі төмен, ал соңында – қалыпты деңгейге жетеді.
6. Тұқымның толық пісу кезеңі – оның толық өнгіштікке жеткен кезеңінен басталады, басқаша айтқанда, тұқым барлық жағынан да жаңа тіршілік үрдісін (циклын) бастауға дайын. Коллоидтар тоза бастайды, ал бұл құбылыс әлсіз тыныс алу мен қабаттас жүреді. Осы күйінде тұқым өнгенге дейін сақталады немесе ұзақ сақтаудың нәтижесінде опат болады (шіриді).
Қарастырылған тұқымның даму кезеңдері негізінен дәнді астық дақылдарына тән. Алайда дәнді бұршақ, майлы дақылдарды, мал азықтық шөптерде тұқым мен жемістің пайда болуы жобамен дәнді астық дақылдарына ұқсас. Бұл танаптық дақылдарда тұқымның өзіне тән қоректік заттар синтезіне байланысты біраз ерекшеліктер байқалады. Мұны күнбағыс мысалында қарастырып көрейік.
Күнбағыс тұқымының даму үрдісінде төрт кезең ажыратылады: шекілдеуік көлемінің қалыптасу кезеңі, дән (ядро) көлемінің қалыптасу кезеңі, толысу және пісу кезеңдері.
1. Шекілдеуік көлемінің қалыптасу кезеңі гүлденуге дейін басталады да ұрықтанғаннан соң 6-14 тәуліктен кейін аяқталады. Ұрықтанғаннан кейін шамамен 6 тәулікте ұзындығы, ал 8-14 тәулікте ені мен қалыңдығы қалыптасады.
2. Дән (тұқым) көлемінің қалыптасу кезеңі ұрықтанғаннан кейін басталады. Ұзындығы, қалыңдығы мен ені төртінші тәулікте айтарлықтай өсе бастайды және 12-14 – тәулік дегенде аяқталады.
3. Толысу кезеңі тұқым көлемінің қалыптасу кезеңінің соңында басталады да шекілдеуікке құрғақ заттардың жинақталуы мен майдың қорлануы тоқтағанда аяқталады. Әдетте бұл шекілдеуік ылғалдылығы 38-40 %-ға дейін төмендегенде іске асады.
4. Пісу кезеңінде ылғалдылығы азайып, кебу үрдісі жүреді. Тұқым егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу күйіне өтеді. Пісу кезеңінің ішінде пісу деңгейлері ажыратылады: жинау деңгейі – шекілдеуік ылғалдылығы 18-20 %, шаруашылық деңгейі – шекілдеуік ылғалдылығы – 12-14 % және тамырында тұрып қалу деңгейі – шекілдеуік ылғалдылығы 12 %-дан төмен.
Жоғарыда келтірілген деректер көрсеткендей, шекілдеуіктің даму үрдісінің негізіне ылғалдылық алынған, алғашқы екі кезеңге ғана басқа белгілер алынған. Бұл кескін де дәнді дақылдар тұқымдарының даму кезеңдерімен сәйкес келіп тұр, тек қана бірінші кезеңді – шекілдеуіктің қалыптасу кезеңін – тереңірек білген дұрыс.
Сонымен, тұқым және жеміс түзу үрдісі әртүрлі дақылдарда бәріне ортақ биологиялық заңдылықтарда өтеді.
Тұқымның тыныштық күйі – салыстырмалы түрдегі түсінік және ол тұқымның бүкіл тіршілігінде болатын күрделі үрдістерді толық көрсете алмайды. Дегенмен арнайы әдебиеттерде бұл түсінік әбден қалыптасып кеткен. Тұқымтану іссанасында тыныштық күйдің үш түрі ажыратылады және бір-бірінен үлкен айырмашылықтары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет