Дістемелік кешен



бет1/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Агрономия УМК 2017


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Филология және педагогика факльтеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

Б. С. Шукуманова


КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ пәні бойынша


ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
5В080100 - Агрономия

Көкшетау, 2016

ӘОЖ 809.43.2 (5Қ)
ББК 81.632 (5 Қ)
Ш 77

Рецензенттер:


Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі ф.ғ. к., доцент О.А. Жумагулова

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ф.ғ.к. доцент Ғ. Қ. Резуанова


Ш 77 Б. С. Шукуманова

Кәсіби қазақ тілі. Оқу- әдістемелік кешен. –Көкшетау, 2016.-90 бет.

Оқу –әдістемелік кешен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі кеңесінде талқыланып, пайдалануға ұсынылған (2016 жылғы 22 қазан №1 хаттама)
Оқу-әдістемелік кешен ҚР БжҒМ бекіткен «Агрономия » мамандығының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты, Қазақ ұлттық аграрлық университеті және Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты әзірлеген бағдарлама РОӘК ОӘК бекітіліп, баспаға ұсынған (23.06.2014 жылы №3хаттама) негізінде жасалды.
Оқу-әдістемелік кешен С. Сәдуақасов атындағы аграрлық-экономикалық институтының 5В080100- Агрономия мамандықтары студенттеріне арналған.

ББК 81 632 (5Қ)



© Шукуманова. Б.С. 2016
© Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 2016.

Алғы сөз
Бұл еңбек мемлекеттік тілді кәсіби деңгейде оқу әдістемелік кешен ретінде ұсынылады. Оқу – әдістемеліка агрономия мамандығының жұмыс оқу бағдарламасы негізінде жасалған. Тақырыптар заман талабына сай күнделікті тұрмысқа қажетті ауыз – екі сөйлеу тілін дамытуға бағытталған тапсырмалармен қамтылған.
Бұл оқу – әдістемелік кешен аудиториялық сабақ барысында немесе тілді өздігінен меңгеруге ниет білдірген тіл үйренушілерге арналып жасалған. Мамандарды даярлауда мемлекеттік тілді кәсібіне бағыттай үйрету мәселесі жетекші орында болуға тиіс. Келешек мамандар аграрлық ғылымның қазақ тілінде дамуына тікелей өз үлестерін қосулары керек.
Осыған орай оқу әлістемелік кешен де негізгі мақсаты- студенттерге қазақ тілін мамандықтарына сай кәсіби қырынан меңгерту. Тілді мамандыққа сәйкес қатынас құралы ретінде үйрету, олардың өз мамандықтары бойынша қазақ тілінде сөйлеуіне, өз ойын еркін жеткізуіне септігін тигізеді және студенттердің жеке тұлға ретінде жетілуіне ықпал етеді.
Оқу – әдістемелік кешен мазмұны тілді меңгерту мақсатында жеке тұлға мамандық күнделікті тұрмыс, қарым –қатынас жасау саласына қажет мәтіндерді қамтиды. Негізгі міндет коммуникативтік сөйлеу тілін меңгерту болып табылады.
Оқу – әдістемелік тілді кешенді үйрену ұстанымына негізделіп құрылған. Мақсаты – 5В080100- Агрономия мамандарын ауызша және жазбаша сөйлеу тілін еркін түсіне алу дағдысын қалыптастыру, түрлі қиындық деңгейдегі мәтінді түсіну, мазмұндай алу дағдысын дамыту, сөздік қорын молайту, күрделендіру, теориялық материалды қарым – қатынас жасау барысында қолана алуға дағдыландыру. Тұрмыстық әлеуметтік – мәдени салаларға қатысты қарым – қатынаста қатысым тудыратын сөйлеу жағдаяты міндетін шешеді.
Оқу – әдістемелік кешенде мамандыққа қатысты ең қажетті деген тақырыптар сұрыпталып, сол тақырыптардың мақсатын ашатын іріктелініп алынған шағын мәтіндер мен коммуникативтік бағыттағы тапсырмалар жүйесі тілді меңгертудің төрт аспектісі арқылы (оқылым, жазылым, айтылым, тілдесім) жүйелі түрде беріледі.
Лексикалық материал грамматикалық материалмен ұштастырылып берілген грамматикалық материалдың қазақ тіліне тән ерекшеліктеріне назар аударылады. Тіл үйренушінің ой – өрісін дамытып, этнолингвистикалық, танымдық негізге сүйене отырып, оқыту мақсатында тәрбиелік мәні зор сөйлеу мәдениеті және кәсіби бағытындағы мәтіндер алынған. Әр тақырып ағымдық бақылау мақсатында берілген тест тапсырмаларымен аяқталады. Мәтіндер мен орындалатын тапсырмалар сабақ барысында апробациядан өткен.
Аталған оқу – әдістемелік мемлекеттік тілді үйренушілерге тілді меңгерту ісінде септігін тигізеді деп сенеміз.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет