Дістемелік кешен


мамандығының студенттері үшін



бет57/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76
Байланысты:
Агрономия УМК 2017

мамандығының студенттері үшін
Кәсіби қазақ тілі
(пәннің атауы)
пәні бойынша студенттің оқытушымен өзіндік жұмысына (СОӨЖ) арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


Оқу нысаны: күндізгі


Көкшетау, 2016
Әдістемелік нұсқаулар Кәсіби қазақ тілі пәнінің
(пәннің атауы)
оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) жұмыстарының талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.


Қазақ филологиясы кафедра отырысында бекітілген
1 хаттама « 31 » тамыз 2016 ж.


Кафедра меңгерушісі _____________________ ф.ғ.к.,доц О.А.Жумагулова
(қолы ) (тегі, аты,әкесінің аты)


Филология және педагогика факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясымен келісілген

1 хаттама « 01 » қыркүйек 2016 ж.




ФакультеттіңОӘК төрағасы____________ п.ғ.м., ак. доцент А.Қ.Құрманова
(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты)

.
Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – кредиттік жүйедегі оқытудың бір формасы. Ол дәрісханада өтеді. СОӨЖ екі функцияны атқарады:



  1. Кеңес беру функциясы:

  • Оқу жұмыс жоспарына енетін пән бойынша студенттің өзіндік жұмысын орындауға педагогикалық мақсатта көмек көрсету. Оқу материалын меңгеруде студентке жұмыс әдістерін таңдауға көмектеседі. Оқу материалын бекіту тапсырмаларын орындау мүмкіндігі бар.

  • Оқу материалын тереңірек түсінуге ықпал етеді. Талап бойынша, студенттер алдын-ала дайындалатын нақты тақырыппен өтеді.

  • Студенттің өзін қызықтыратын ғылыми жұмыспен терең айналысуына ықпал етеді.

  1. Бақылау функциясы:

  • Студенттердің білімін күнделікті тексеру. Осы сабақта студент бағдарлама бойынша бақылау жұмыстарын, СӨЖ тапсырмаларын тапсырады.

  • Неғұрлым жоғары балл алу үшін нақты мүмкіндік туады.

СОӨЖ сабақ кестесіндегі уақытқа сәйкес, көрсетілген дәрісханада өтеді. Алайда ол өздігінен жақсы жұмыс істей алатын студенттер үшін міндетті емес. Сондықтан оқытушының міндеті студенттердің оқудағы жетістігінің мониторингін жүргізіп, олардың бәрі де оқу курсын толық игеріп, емтиханды табысты тапсыруын қадағалау. Сол үшін де СОӨЖ жүргізіледі.
СОӨЖ жүргізудің формалары әр түрлі. Сұрақ-жауап формасы: бір немесе бірнеше студенттер сұрақ қойып, оқытушы оларға жауап береді. Немесе қойылған сұраққа байланысты оқытушының студенттермен әңгімелесуі түрінде өтеді. Алайда студенттердің оқуын тексеруге бағытталған оқытудың белсенді әдістері - СОӨЖ өткізудің негізгі формасы болып табылады. СОӨЖ әрбір сабағы жоспарланып, сабақтың әр элементі алдын-ала ойластырылғаны жөн.
Студенттің өзіндік жұмысы тапсырмаларды тәжірибе жүзінде орындай білу шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлауын дамытуға, шығармашылық белсенділігін, меңгірілген оқу материалын талдауға, танымдық қабілетін арттыруға бағытталады.
Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру оқу әдістемелік әдебиеттер және нұсқаулықтармен қамтамасыз етіліп, белгілі бір тақырыптар(оның ішінде өз бетімен оқытуға арналған) бойынша жүзеге асады және тест, бақылау жұмыстары, коллоквиум, реферат, шығарма, есеп және т.б. бақылау түрлері арқылы тексеріледі.
Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді – оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыс(СОӨЖ) және студенттердің толығымен өз бетімен орындайтын өзіндік жұмысы(СӨЖ).
Оқытушының жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыс(СОӨЖ) – жалпы оқу кестесіне кірмейтін, жеке график бойынша студенттің оқытушымен байланыста аудиториядан тыс орындайтын жұмыс түрі болып табылады.
СОӨЖ және СӨЖ ара қатысын ЖОО өзіндік жұмыстың жалпы көлемінде өз бетімен анықтайды.
СОӨЖ барысында оқу бағдарламасының күрделі сұрақтары, үй тапсырмасын орындау, курстық жобалар(жұмыс), семестрлік тексеру жұмысы, СӨЖ-ның тапсырма түрлері бойынша консультация жүргізіледі.
Тілдер және тілдік пәндер бойынша оқу сабақтарын өткізу, сондай – ақ студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін ЖОО- да лингофон кабинеттері және тиісті жабдықтары болуы тиіс.
ЖОО- да сәйкес оқу сабақтарын толық өткізетін және студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыратын соңғы үлгідегі компьютерлік аудиториялар, интерактивті тақталар болуы тиіс.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет