Дістемелік кешен


Лекция № 15 Тақырыбы



бет61/103
Дата17.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#75148
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103
Байланысты:
Ëåêöèÿ 20 Ïðàêòèêàëû? ñåìèíàð 6 Ñ?Æ 64 Áàðëû? ñà?àò ñàíû 9

Лекция № 15


Тақырыбы: Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.


(1 сағат)


Жоспары:

1. Демократия мемлекеттік құрылыс формасы мен режим ретінде.


2. Демократиялық тарихи формалары: антикалық, классикалық және қазіргі.
3. Идивидуалистік, коллективистік және плюралистік демократия.
4. Демократияның жалпылық принциптері мен институттары.
5. Тіке және өкілетті демократия
6. Демократияның кемшіліктері мен құндылығы.


Лекцияның мақсаты:
Студенттерге демократия мемлекеттік құрылыс формасы, режим ретінде, демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық , қазіргі индивидуалистік, коллективистік , плюралистік демократия, демократияның жалпылық принциптері, институттары,
тіке, өкілетті демократия және демократияның кемшіліктері мен құндылығы туралы түсінік беру.
Лекция мәтіні:

1. Демократия мемлекеттік құрылыс формасы мен режим ретінде.Демократия гректің “демос”-халық және “кратос” -билік деген сөздерінен тұрады, яғни халықбилігі деген мағынаны білдіреді.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады.
1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен саяси жүйесі;
2) мүшелердің теңдігі мен басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік
дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез-келген ұйымның ұйымдастыру түрі;
3) қоғамдық құрылымының мұраты және соған сәйкес көзқарастар.
Дамократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әртүрлі түсінген. Оның үстіне әртүрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т.б. Ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократияның мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан олардың ортақ белгілері болады.
1.Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Халық жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады.Бірнеше мемлекеттерде халық бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады.
2.Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек . Ондайжағдай теңдік болған үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Герадот сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Теңдік барлық салада-халық жиналысында мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.т. Болуға тиіс.
3.Табиғатына әлеуметтік , саяси, мәдени және т.с.с. Ерекшеліктерге байланысты
адамдар әртүрлі келеді. Олүшін заң, құқық алдыдағы теңдік болуы керек. Заң және құқық жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізгі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер,ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекеттерге рұқсат етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-әрекеттерге рұқсат етеді.Ол тәртіптерге қайшы келген іс әрекеттерге тыйым салады, оларды бұзғандарды жазалайды. Билік иелері (күштілер, байлар, ақсүйектер) заң мен құқықты өз мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады.
4. Оның кепілі -әділеттілік. Әділеттіліктің де бырыңғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде
әртүрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділеттілікке жатты.Инквизицияны жоқтаушылар үшін дінне безгендерді тірідей отқа жағу – әділетті іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсандажастары қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар жазасын алулары керек емес пе Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады.
5. Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостандық, еркіндік үшін алаңға
шыққан болатын. Бұл демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, теңдік пен әділдікті бұзатын, қанаудың,тәуелділіктің барлық түрлерін азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар,революциялар,өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге тура келеді.
Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар демократиялық принципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң төменгі өзін-өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дұрыс.
Сонымен қатар шешім қабылданғанда ерте заманнан демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуы жататын. Кейінірек мұндай бағыну шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы, оны сыйлау, онымен санасу керектігі мойындалды.
Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткерлердің болуы,демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т.б.
Демократия болу үшін саяси,экономикалық құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әртүрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік,құқық, әділдік,еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.
Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық арман аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жету жолы оңайыраққа, кейбіреулерге қиынға түседі.Дегенмен, ол – шындық, өмірдегі бағдар, нысана,қоғамның саяси дамуының мақсаты.Ағылшынның көп жылдар премьер-министрі болған Уинстон Черчильдің айтуы бойынша, “демокраитяның көп кемшіліктері бар, бірақ оның ең құндылығы сонда -бұдан артықты бүгінге дейін ешкім ойлап тапқан жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет