Дістемелік кешен


Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары. Қазастан Республикасындағы демократиялық жаңғыртулар



бет47/103
Дата17.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#75148
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103
Байланысты:
Ëåêöèÿ 20 Ïðàêòèêàëû? ñåìèíàð 6 Ñ?Æ 64 Áàðëû? ñà?àò ñàíû 9

6.Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары. Қазастан Республикасындағы демократиялық жаңғыртулар. Қазақстан егемендік алғаннан бастап демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлемге ашық
мемлекет құруға кірісті. Қоғамды демократияландырудың арқасында жаңа саяси партиялар, қозғалыстар дүниеге келіп, 1993 және 1995 жылдары республиканың конституциялары қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптаса бастады, көптеген елдер 1992 жылдан бері БҰҰ деңгейіндегі мемлекетімізді мойындап, елшіліктерін аша бастады. Сол сияқты біздің мемлекетіміздің елшіліктері,өкілдіктері көптеген елдерде ашылып, нағыз тәуелсіз мемлекеттердің толық атрибуттарын, қасиеттерін иемдене бастады.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жөнінде Заң қабылданады.Бұл 1990 жылы 25 қазанда қабылданған мемлекеттік егемендік жөніндегі Декларацияға өте маңызды толықтыру болатын.
Жаңа дүниеге келген егеменді ел үшін тұрғындары барынша біріктіре түсу, әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігін қорғауға бет бұру – маңызды үлкен саяси басымдылыққа айнала бастады. Мемлекетіміздің бұл бағыты көптеген өркениетті елдердің оң көзбен қарауына, инвестиция бөлуіне, халықаралық қатынастарды нығайта бастауға итермеледі.
Қазіргі кезеңде қоғамымыздағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешімі ортаңғы тапты қалыптастырумен байланыстырады.Қоғамның азғантай бөлігі байып,қалғаны қайыршыланып жатса, демократия туралы сөз болуы мүмкін емес. Демек реформа, демократияландыру ең алдымен экономикадан басталуы тиіс,яғни нарықтық қатынасты,кәсіпкерлікті,бәсекені дамыту керек. Ал саяси саланы реформалау екінші кезекке қойылуы тиіс.Қазіргі кезеңде елімізде кейбір саяси күштердің саяси реформаны жеделдету туралы ұсынысы орынсыз.Өйткені әлемдегі демократияландыру тәжірибесі батыстық демократиялық институттарды сол күйінде көшіріп қою мүмкін емес екендігін дәлелдеді.Ол үшін азаматтарымыздың саяси мәдениеті мен құндылықтар жүйесінде де маңызды өзгерістер болуы керек.Дегенмен мұндай өзгерістер бар екендігін де байқауға болады.Мәселен, жас ғалымдардың жүргізген зерттеу нәтижесіне жүгінсек,1999 жылы Оңтүстік Қазақстан азаматтарының саяси мәдени құндылықтық бағдарында ұлттық-дәстүрлік құндылықтар басымдылық танытса,2002 жылы зерттеулер азаматтарымыздың санасында демократиялық құндылықтардың басымдылығын көрсетеді.Мәселен, демократиялық сайлау, азаматтардың құқығы мен бостандығы, билік кәсібилігі,сөз бостандығы, саяси көптүрлілік т.б. Сияқты құндылықтар басымдық танытып отыр.Сондықтан да шығыстық мәдениетке демократия жат деген кейбір үстірт түсініктер орынсыз болып отыр. Қазақ даласында дәстүрлі қоғамның өзінде көшпелі мәдениеттің демократиялық көріністері болғанын көптеген зерттеушілер де атауда.
Тәуелсіз мемлекет үшін ұлттық идеяның да маңызы зор.Ұлттық идеяны іздеген ел-ол алдымен өзінің ізгілікті құндылықтарын сақтап қалуды ойлайды, ұлттық діліндегі, санасындағы кемшіліктерді жеңудің құралын іздейді, басқа халықтармен ынтымақта болуды мақсат етеді.А,қоғамды саяси ынталандыру,жанжал тудыру мақсатындағы әлеуметтік немесе саяси идеялар ұлттық идея орнына жарамайды.Ұлттық идеяны қазіргі Қазақстанда бір ғана ұлттың мүддесінен туындатып жүргізу, демократиялық құқықтық қоғам құрамыз деген мақсатымен қайшылыққа келеді. Сондықтан елбасымыз Қазақстан үшін қазіргі кезеңде үш саяси құндылықтардың басымдық танытқанын қалайды.Олар Бірлік,Тұтастық, Тәуелсіздік. Әрине саяси құндылықтардың ішіндегі ең маңыздысы-еліміздің тәуелсіздігі.Өйткені ол басқа құндылықтардың бәрін біріктіруші, жүйелеуші орталық,өзек сияқты құбылыс.Сондықтан Қазақстанда саяси,әлеуметтік, рухани, экономикалық тәуелсіздікті нығайту басымдық танытуда.Бұл айтылған басымдылықтың астарында әрбір адамның еркін дамуына, тұлғалық жетілуіне жағдайлардықалыптастыру мақсаты жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет