Дістемелік кешен


Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекшелігі белгілері



бет45/103
Дата17.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#75148
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103
Байланысты:
Ëåêöèÿ 20 Ïðàêòèêàëû? ñåìèíàð 6 Ñ?Æ 64 Áàðëû? ñà?àò ñàíû 9

4.Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекшелігі белгілері. Құқықтық мемлекет – демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқықтары жан – жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс. Мұнда заңдар халықтың еркін білдіреді және оларды барлық адам, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Билік шын мәнінде бөлінеді. Олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі. Адам құқығы биік дәрежеде сақталады. Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық жүргізіледі, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауында болады. Пікір алуандығы кең өріс алады. Бұл мемлекетте адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі жоғары дамиды.
Құқықтық мемлекеттің негізі белгілері мынадай:
Дамыған азаматтық қоғамның болуы;
Мемлекеттің қызмет аясын жеке адамның құқығы мен бостандығын қорғаумен, қоғамдық тәртіпті сақтаумен, шаруашылық қызметі үшін қолайлы жағдай жасаумен шектеу;
Халықтың егемендігі, яғни биліктің шын көзі халық, ал мемлекеттегі заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінің ара жігі болады.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекетте жеке адамның бостандығы бұзылған жерде адам бостандығы сол жерде шектеледі. Демек құқықтық мемлекетте « Заңда тиым салынбаған нәрсенің бәрін жасауға рұқсат етіледі ». Адамдардың бәріне бірдей және бәріне міндетті құқықтық тәртіп белгіленген.
Құқықтық мемлекет белгілі нормалар мен ережелер арқылы өзін - өзі шектеп, бақылап отырады. Бұл жөнінде биліктің үш салаға – заң шығару, атқарушы және сот билігіне бөлінуінің үлкен мәні бар. Бұл үш сала бірін – бірі тежеп, қадағалап, таразыны тең ұстап отырады және әрқайсысы тек өзіне тән қызметті атқарады. Осылар арқылы олар демократиялық нормалардың бұзылуына, биліктің орынсыз пайдалануына жол берілмейді. Өз кезегінде азаматтардың өздері де сайлау жүйесі және сайлау процесі арқылы билік орындарынга бақылау жасап отыра алады және олардың іс - әрекетіне түзетулер енгізе алады.
Бір сөзбен айтқанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет бір – бірінің өміршендігін, халыққа адал қызмет істеуіне қадағалап, қамтамасыз етіп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет