Дістемелік кешен



бет76/103
Дата17.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#75148
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103
Байланысты:
Ëåêöèÿ 20 Ïðàêòèêàëû? ñåìèíàð 6 Ñ?Æ 64 Áàðëû? ñà?àò ñàíû 9

4. Саясат және мәдениет. Қазіргі заманда саяси мәдениеттің әр түрлі ұлттық түрлері бар. Оларды зерттеп классификациялау үшін тиісті құрал болуы керек.Басқаша айтқанда саяси мәдениеттің идеалдық моделі.Ондай идеялдық модель қандай болуы тиіс? Саяси жүйе талдаудың құрылымды функционалды бабының негізгі жақтарын қолдана отырып Г.Альмонд пен С.Вебра бағдарланудың негізгі обьектісі ретінде саяси жүйені,оның”кіріс”, “шығысында” және саяси субьект ретінде индивитті алып қарастырды.Олардың пікірі бойынша әрбір саяси мәдениет моделіне оның өзіне тән обьектіге бағдарлану комбинациясы болады. Осы тұрғыдан Г.Альмонд пен С. Вебра негізгі үш саяси мәдениет моделін (идиалдық типін) бөліп көрсетті.
1. “Парохиалдық” саяси мәдениет (дәстүрлі,патриархалды).Саяси мәдениеттің бұл типі
тұрғын халықтың саяси жүйе туралы мүлдем хабарсыздығымен ол туралы ештеңе білмейтіндігімен сипаттайды. Мұндай қоғамдарда мамандырылған саяси роль жоқ, оның негізгі субьектілері (көсемдер, бақсылар т.б.) саяси , экономикалық, діни функцияларды олар өздері атқарады. Сондай ақ тұрғындардың бағытталулары саяси ,экономикалық және діни болып жіктелмейді.Территориялдық және әлеуметтік-мәдени ұқсастыру басым. Адам ең алдымен ру, ауыл т.б. Сияқты локальды қауымдастықтардың бір бөлігі ретінде өзін өзі ұқсастырып отырады.
2. “Азаматтылық” саяси мәдениет.Саяси мәдениеттің бұл типіне сылбырт саяси жүріс-тұрысты,ресми басым құндылықтар және құндылықтардың мәнін дербес ұғына алмауы тән.Жалпы,адамдардың саяси жүйеге өзінше тұтынушылық-патерналистік көзқарасы басым.Олар әр кезде игілік күтумен немесе жазаланудан қорқумен болады. Мұндай саяси мәдениет, саяси жүйеге енудің анық жолдары жоқ және индивиттер өздерін саяси субьект ретінде қарастырмайтын қоғамдарда кездеседі.
3.“Парсипаторлық” саяси мәдениет.Саяси мәдениеттің немесе қатынасу мәдениеті (белсенділік саяси мәдениет).Саяси мәдениеттің мұндай типіне индивиттердің саяси өмірге белсенді қатысуы, азаматтардың жоғары деңгейлік саяси сауаттылығына негізделген және олардың тікелей өздерінің қатысуларымен саяси шешімдері қабылдау процесіне ықпал ете алатын қабілеттеріне сену тән. Мұндай қоғамдар функционалды-жіктелу дәрежесінің біршама жоғарылығымен сипатталады: қоғамдық өмірдің түрлі өрістері біршама автаномды,ол жүйе тармақтары айтарлықтай дамыған және тармақталған.
Қазіргі заманда мұндай саяси мәдениеттерді таза күйінде кездеспейді.Айта кеткенде,бүгінгі демократиялық елдерде саяси мәдениеттің парсипаторлық типін таза күйінде кездестіру мүмкін емес: демократиялық елдердің азаматтары мұндай модельді сирек қолданады.
Саяси мәдениетті талдау,оның құрамдас бөліктері мен негізгі параметрлерін қарастыру,саясаттағы орны мен ролін анықтау оның жалпы қоғамдық және саяси санамен арақатынасының мәселесіне де тоқталуды талап етеді. Бұл мәлелені қарастырмаған жағдайда қоғамда белгілі бір роль атқарушы дербес феномен ретіндегі саяси мәдениетті жан-жақты ұғыну мүмкін емес. Ғылыми әдебиеттерде саяси мәдениет туралы көп айтылғанымен,саяси сана мәселесінің көптеген аспектілері түбегейлі қарастырылмаған.Көп жағдайда саяси сана туралы айтылған ой-тұжырымдар,жалпы қоғамдық сананы немесе саяси идиологияны,идеялық-саяси ағымдарды меңзеп кетеді. Сондықтан,саяси мәдениет “қоғамдық сана” мен “саяси сана” ұғымдары мен қатынасын анықтап алу қажет. Ғылыми еңбектерде саяси сан, әдеттегідей ,қоғамдық сананың көптеген формаларының бірі ретінде келтіріледі. Егер осы пікірмен келісетін болсақ онда саяси сананың діңгегі—саяси жүйеге,билікжүйесі мен биліктік қатынастарға,мемлекеттік басқармаға,саяси институттарға,сондай-ақ бостандық,әділеттілік ,теңдік, демократиялық ұстанымдар,авторитаризм,тотолитаризм адам құқығы сияқты категорияларға тиесілі –мақсаттар ,бағдарланулар,құндылықтар екендігін мойындауымыз керек.
Қоғамдық сананың мазмұны мен мәні адамдардың әрекеті,олардың қоршаған ортаға қатынасы арқылы ашылады. Сондықтан—мотивтер,бағалаулар,мұқтаждықтар,мүдделер,әлеуметтік үміттер мен қажеттіліктер сияқты адам тіршілігінің тұрақтары бітімдері—ең алдымен әлеуметтік –мәдени және саяси -мәдени өрістерге қатысты екендіктері анықталады. Әрине,дербес бітімдер ретінде анықтау қажет болған жағдайда оларды саяси санаға жатқызуға болады. Бірақ-та ,саясилықтардың субьективті әлемі мүдделер,бағдарланулар мен құндылықтар,тағы да басқа саяси санаға қатыстылар—нормалар мен ойындар,жүріс-тұрыс тарауындарын,вербальдық реакцияларды,саяси рәміздер мен таңбалар жүйесін қамтиды. Саяси мәдени бап, осы сәттерді ескеру үшін тиімді.
“Қоғамның рухани өмірі” және “қоғамдық сана” ұғымдары синонимдер ретінде жиі қолданылады. Мысалы “Философиялық энциклопедияда”- сананы қарастырудың социологиялық бабы бойынша,ол ең алдымен қоғамдық рухани өмірдің,оның барлық формаларының /ғылым,философия,өнер,өнегелік дін, құқықтық сана, әлеуметтік психология/ жиынтығы ретінде қарастырады. Бірақ та қоғамның рухани өмірі,қоғамдық санадан кең келеді. Бұл мәселе бойынша А.К. Уледов:- Рухани өмір /Саяси жанұялық,тұрмыстық т.б. сол сияқты/ адамдардың рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыру мен қоғамдық өндірістің бірден бір маңызды түрі болып келетін сананы өндірумен,рухани қатынастармен байланысты. Сонымен, рухани өмір қоғамдық сананың қызмет етуімен сай келмейді” деп көрсетеді.
“Саяси сана” ұғымы күрделі де көп аспектілі және комплексті құбылыс. Саяси ғылымда оның ортақ түсінігі жоқ.Ал шетелдік зерттеушілер бұл ұғымды онша қолдана бермейді,олар көп жағдайда “мақсат”,құндылықтар”, менталитет”терминдерін қолдануды жөн көрді.
Саяси санан ол -саяси шындықтың /саяси қатынастар,институттар, әрекеттер/ мұраттық тұрпаты ұдайы жасалып отыратын қоғамдық сананың ерекше формасы.
Саяси сана ,түрлі әлеуметтік топтар мен индивиттердің қалыптасқан теориялары,идеялары,сезімдері,көзқарастары,құныдылықтары үміттері,көңіл күйлері т.б. Арқылы саяси қатынастары жүйесімен саяси билікті жүзеге асыру процесіне қатысуын қамтиды.
Саяси сананың құрылымы күрделі.Оның әр түрлі көптеген өлшемдері бар.Сондықтан саяси сананың құрылымдық элементтерін анықтауда, ондай анықтаудың қандай негізде жасалатынын нақты білу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет