Дістемелік кешен


Саяси сананы қалыптастырудың жолдары



бет74/103
Дата17.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#75148
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103
2. Саяси сананы қалыптастырудың жолдары. Саяси психологияға саяси өмір жағдайының ортактығы негізінде адамдар ұжымдарында, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-куйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады. Ол карапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тікелей тәжірибесінен туады. Бірақ қарапайым саяси санада емірді та-нып-білуіне, хабардарлығына коңіл бөлінсе, мұнда сол жағдай-ларда адамның катынасуына, омірді бағалауына баса назар ауда-рылады. Қандай болсын саяси идея адамдардың белгілі бір сезімін тудырып, коңіл-күйіне эсер етпей коймайды. Мұның бәрі саяси психологияға жатады. Қарапайым саяси сана мен саяси психоло­гия бір денгейде. Сондыктан олар бір-біріне эсер етіп, байланы-сып, жымдасып жатады.
Саяси психология, жоғарыда корсетілгендей, әртүрлі іс-әре-кеттерге соған сәйкес сезімін оятып, қоғамдық қозғалыстарда манызды рол аткарады. Сондыктан саяси бағытгы жоспарлап, оны жүзеге асырарда халыктың саяси психологиясын ескерудің ма-нызы зор. Ол үшін адамдардың көңіл-күйін зерттеп, олардың кандай саяси әрекетке калай жауап берерін болжай білген жөн. Себебі, бұл саладағы қателік қоғамда дау-дамай, шиеленістер, адамдар, ұлттар арасында кырғиқабақтык, тіпті егес тудыруы мүмкін. Мәселен, Гитлер екінші дүниежүзілік соғысты ашарда неміс халқының санасына басқа халықтармен салыстырғанда олардың ерекшелігін, артықшылығын сіңіргісі келді. Көбі оған сенді де, соңына ерді де. Бүл халыктың психологиялық ерекше-ліктерін қалай пайдалана білгенін байқатады.
Саяси сананың қүрамдас болігі және озегі — саяси идеология. "Идеология" деген ұғым гректің идея — бейне және логос—білім деген создерінен шыккан. Ғылыми айналымға, әдебиетке фран­цуз ғалымы және фәлсафашысы А. Дестют де Траси (1754—1836) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатын-дығы және әрекет ететіндігі жонінде ғылым деп түсіндірді. Кейін келе бұл создің мән-мазмүны өзгерді. Казір идеология деп адам-дардың үлкенәлеуметтікпгоптарының іс-әрекетінебагдар беріп, олар дьщмақшт-мүдделерінбмдіретінжәнеқоргайтьінидеялщуменісөзқа-растар жүйесін айтады.
Идеология эр түрлі — саяси, кұкықтык, этикалық, діни, эсте-тикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай иде­ология болсын саясатпен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орныктыруға не-месе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз максат-мүдделерін білдіреді және корғайды. Саяси идеология — жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі — саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс-әрекетті бағыттайды.
Саяси идеология Агартушылық дәуірдедүниеге кедді. Бұл кез-де адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес коғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға тартылады. Адам-дардың максатты түрде іс-әрекет жасау мүмкіндігін негіздеуі идея-лар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп, болашақтан күткен коғам туралы идеалистік түсініктерде білінеді.
Қоғам өмірінде идеология маңызды рөлді атқарады. Ол ең ал-дымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:

  1. Идеологияның танымдық ролі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді.

  2. Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және билік және т. с. с негізгі түсініктер туралы мағлұмат-тар беріп, адамның іс-әрекетіне бағыт-бағдар корсетеді.

  3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяла-рын алға тартып, максат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, коғамды, әлеуметтік топ-тарды оларды іске асыруғажүмылдырады, рухтандырады, шабыт-таңдырады.

  4. Амортизациялыккызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндірутәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсендетеді. Үсы-нылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап кайта серпілуге шакырады.

  5. Бағалау кызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына елшемдік баға берерлік жағ-дай жасайды, үстемдік етіп отырған коғамдық тәртіпке белгілі бір көзкарас тудырады.

Саясаттың кандай субъектісіне болсын идеология қажет. Ол — адамдарды рухани біріктіріп, топтастырудың және басшылык тың кұралы. Саяси катынастар саласында олардың іс-әрекетше бағдар береді, еркін калыптастырады, саяси қызметке ұмтылды-рады, белсенділігін арттырады. Саяси кызметке катысушылар-дың іс-әрекетіне максаттылық, жүйелілік, дәйектілік енгізеді.
Саяси идеология теориялык тұрғыда топтың, таптын негізгі мүдделерін танытады, оларға мүраттар, ережелер, рухани бай-лықтар, бағалы бағыттар жүйесін береді. Сол аркылы күрестің нақтылы максаттарын, оларды жүзеге асырудың құраддары мен жолдарын белгілейді. Саяси идеология аркылы тап өзіндік са-наға, жеке тұтастык сезімге ие болады. Көзқарастары бірыңғай коғамдастыктын мүшесі болып сезіну — әрбір саяси козғалыс-тың мүшесін байланыстырып тұратын түйіні. Сонымен катар иде­ология — сезім тудыратын нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен топтардың іс-әрекеттеріне мән-мағына беріп күшейтеді, ас-кақтатады. Мысалы, Отан үшін, ұлты үшін, халқы үшін адамдар ғажап ерлік жасап, өзін-өзі кұрбан етуге дейін барады.
Жүйеленген түрінде саяси идеология партия багдарламала-рында, декларацияларында, манифестерінде, жарғыларыңда, сон-дай-ақтүрлі насихаттык кұжаттарда қалыптасады. Сондықтан А. Грамши идеология халыктың ұжымдык еркін оятып, ұйымда-стыру үшін қызмет етеді деген.
Идеологияны, жоғарьща айтылғандай, саналы түрде қоғамның білімді окілдері, идеологтер-саясатшылар, фәлсафашылар, әлеу-меттанушылар, заңгерлер, экономистер, ақын-жазушылар, т. т. жасап шығарады. Ол ақпарат құралдары аркылы таратылады, ха-лықтың санасына сіндіріледі.
Саяси идеологиялар мазмұны, мақсаты жағынан прогрестік, либералдык, революциялык, консервативтік радикалдық, реак-циялық, шовинистік, ұлтшылдық және т. с. с. болып бөлінеді.
Кейбір ғалымдар идеологияның ұғымдары мен принциптерін нактылы ғылымдардағы сиякты тәжірибе жүзінде тексеріп білуге келмейді деп оған күмәнданушылықпен карайды. Әрине, "еркіндік", "тендік", "достык", "егемендік", "демократия", "адам кұқығы", "азаматтыкқоғам", "күкықтық мемлекет" сиякты ка­те горияларды мінеки деп тап басып корсетуге келмейді. Деген-мен, идеология коғамдык-саяси шындықты бейнелейтініне дау келтіруге болмайды. Сондыктан К. Маркс идеялар халык санасы­на сіңгенде материалдык күшке айналады деп тегін айтпаған. Ол жок жерден бостан-бос пайда болмайды. Жаңа идеялар пісіп-жетілген тарихи міндеттерді көрсетеді. Адамзат озінің алдына озі шеше алатын міндеттерді ғана кояды. Себебі, міндеттін озі осы шешуге кажетгі материалдык жағдайлар болып отырган кезде ғана немесе болуға таянған кезде туады.
XX ғасырдың орта кезінде америкалык саясаттанушы және әлеуметтанушы Д. Белл (1919) "Идеологиянын акыры" деген еңбегінде идеологиянын дәуірі өтті деп жазды. Ол ғылыми-тех-никалык прогресс заманында идеологиянын ролі бірте-бірте өшеді-міс деп пайымдады. Бұл тезис 60 жылдары кең тараған студенток козғалыстарға жауап ретінде пайда болған. Бірак одан өткен Американың атақты әлеуметтанушысы және экономисі У. Ростоу (1916) дүниетаным, көзқарасты, қоғамды дамытатын козғаушы күш деп санады. Басқа сөзбен айтқанда, оның ойынша, дүниені билейтін идеялар. Сондыктан ескірген "идеологиясыз-дандыру" (деидеологизация) тұжырымдамасының орнына "қай-тадан идеологиялану" (реидеологизация) ой-тұжырымы алға тар-тылды. Оның мағынасы саяси және әлеуметтік өмірдің идеоло-гиядан тәуелділігі артып келе жаткандығын білдіреді. Тіпті, "иде-ологиясыздандыру" теориясының негізін калаған Д. Беллдің өзі осы ғасырдың 70 жылдары қоғамдык өмірден идеологиялык фак-тордың жойылмайтындыгын, оның козғаушы күш екенін мойын-дады. Ол ескі идеологиянын әлсіреуі жаңасын кажет етеді деген тоқтамға келді.
Бүгінгі танда идеологияны тудыратын объективті себептер жойылган жоқ. Керісінше, казіргідей отпелі заманда оның маңы-зы зор. Қоғамда саяси сана, саяси идеологиянын деңгейі неғүрлым жоғары болса, солғұрлым саяси кате шешімдер кабылдау ықти-малдығы азаяды. Идеологиянын әлеуметтік негізі неғұрлым аукымды болса, ол әлемдік оркениет жетістіктерін, жалпы адамзаттык кұндылықтарды бойына неғүрлым тереңірек сіңірсе, солғұрлым емір шындығын толығырақ бейнелейді, тарихи процестің зандылыктарын дұрысырақ көрсетеді, ғылымға жакын келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет