Тақырыбы: Мал қиын қорадан шығару және оны сақтаудағы гигиеналық және санитариялық талаптар
Сабақтың мақсаты: Малдың қыйын сақтайтын қойма кеңістігін есептеу және олардың мөлшерін анықтау.
Керектi құрал мен жабдықтар: кесте, схема, есептегiш машина, сызғыш және т.б.
Сабақтың мазмұны Малдың қиын сақтайтын және өңдейтін ғимарат, құрылыстың мынадай түрлерін қамтиды: өңдеу және сақтау орындары, зарарсыздандыру, малдың қыйы даярлау және пайдалану орындары, қиды және құстың саңғырығын өңдейтін ор.
Жоғарыда айтылған құрылыс түрлерінің жобасы қораның түріне, оның көлеміне, технологиясына, ауа райына, жер қыртысына және гидрогиологиясына байланысты.
Ғимарат комплексінің құрамына қый қабылдайтын қойма кептіргіш цех, қотару станциясы, сұйық қидың фракциясын сақтайтын қойма, қыйдың қатты фракцияларын зарарсыздандыру алаңы кіреді. Қи қоймасының сыйымдылығы малдың түріне, санына және сақтау мерзіміне байланысты келесі формуламен анықталынады:
Кк = М ( qқ + qс +q с + q т);
Мұндағы: qқ – бiр малдың тәулiктiк мөлшерде шығаратын қатты экскременттерi, кг;
qс - бiр малдың тәулiктiк мөлшерде шығаратын сұйық экскременттерi, кг;
q с – бiр малға тиiстi тәулiктiк мөлшерде малдың қиын тазартуға кететiн су, кг;
q т - бiр малға керектi тәулiктiк төсегiш мөлшерi, кг;
М – фермадағы малдың басы.
Барлық малдан шығатын тәулiктiк қыйдың көлемiн бiле тұра және де қый сақтайтын қойманы соғуға керектi есептеу мөлшерiн пайдаланып қый алаңы анықталады (кесте бойынша).
3 кесте Қи қоймасын соғуға қажеттi нормативтер
Мал түрi
Әр малдан алынатын қыйдың
мөлшерi
Бiр малға кететiн қый
қоймасының ауданы,м2
Тәулiгiне,кг
Жылына,т
Сиыр
35-40
8-12
2,5
Iрi қара төлдерi
10-15
2-3
0,8
Бұзау
5-10
1-2
0,6
Мегежiн
6
2-2:5
0,4
Бордақы шошқа
3
1-2
0,5
Қой
4
1-1,5
0,3
Құс
-
1
0,3
Жылқы
25-30
8
1,75
Ескерту: ылдилау қабырғалы қый қоймасының ауданы сол қый қоймасының мөлшерiн 0,8-ге көбейту арқылы табылады.
Мал қиы мен құс саңғырығы қоймаларын соғуға қажеттi конструкциялардың түрлерi қи мен саңғырықтың консистенциясына, жердің физико-химиялық қызметтеріне, жер асты суларының деңгейіне байланысты болады. Қи және саңғырық қоймалары сыртынан қоршалу керек және жүк машиналары үшiн осы қоймаға келетін жолдын ылдилығы 1:5 болу керек. Сұйық қи мен саңғырық қоймаларының тереңдігі 5 м дейін, ені - 12 ... 20 м; құламасы және табаны қатты затпен төселуі керек.
Сакталатын қидың жалпы көлеміне қарай және типтес қойманын сыйымдылығна қарай, қойманың саны П -к; келесі формуламен анықталады:
Пққ = Кк / Тк Мұндағы: Қк - Қи мен саңғырықтың жалпы көлемі м ;
Қт.к - қи мен саңғырықтың типтес қоймасының қабылданған көлемі, м3.
Қи қоймаларының саны мен мөлшерін анықтағаннан сон қи сақтайтын аймақтын орналасуан анықтайды. Қи қоймалары негізгі өндірістін мекемеден тыс яғни мал қоралары мен жем-шөп сақтайтын қоймаларға зияны тимейтін жерге орналастырады.
Типтік қи сақтайтын қоймалар жобасынын сыйымдылығына қарай 1т; 1,5 т; 2 т; 2,5 т; 4,5 тонналық қи қоймалары болып бөлінеді.
Төменде 10 мың бас ірi қара төлдеріне арналған қи сақтайтын құрылыстын суреті көрсетілген. 10 мың бас ірі қара төлдеріне арналған қи сақтайтын құрлыстың суреті көрсетілген
- сыйымдылығы 300 м 3 қи қабылдағыш;
- қою фракциялы қиды сақтайтын және зарарсыздандыратын алаң.
- қи кептіретін цех.
- қи сақтағыш.
– сұйық фракцияны егіндік жерге қотару /айдау/ үшін арналған
насос станциясы.
Студенттердiң өзiндiк жұмысы:
1. Жұмыстың мазмұнын дәптерге түсіру және оны игеру.
Курстық жобаның вариантына байланысты есеп жұмысын орындау.
Бақылау сұрақтары: 1. Қи сақтағыштың сыйымдылығын қалай есептейді?
2. Қи сақтайтын аймаққа не кіреді?
3. Қи сақтағыштың мөлшері қалай есептелінеді?
4. Қандай қи сақтағыштың типті жобасын білесіз?