Дістемелік кешені


Студенттердің өзіндік жұмысы



бет108/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Студенттердің өзіндік жұмысы:
1. Дезинфекциялық қондырғылырдың жұмыс істеу тәртібін меңгере отырып, олардың ерекшеліктеріне байланысты қорытындылау.
Бақылау сұрақтары:
1. Дезинфекциялық қандырғылар мен камераларға қойылатын талаптар.
2. Дезинфекциялық қондырғылар қандай мақсатта қолданылады.
3. Қандай аппараттардың көмегімен аэрозоль алуға болады.


Тәжірибелік сабақ №13
Тақырыбы Дезинсекция жүргізу тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Инсектицидті ерітінділер мен улы алдамыштарды дайындауды үйрену.
Сабақтың мазмұны және орындалуы
Шыбындармен күресу шаралары инфекциялық аурулардың алдын-алуға бағытталған кешенді жоспар бойынша жүргізіледі. Шыбындардың қора-жай ішіне енуінің алдын алу үшін терезелер мен вентиляциялық қуыстарды тесігінің көлемі 2×1,2 металл торлармен жабады. Шыбындарды жою үшін бөлмелерде өндірісте шығарылатын жабысқақ қағаздың беттерін қолданады немесе оларды Муксид, Фумитокс, Клеецид, т.б. желімдерден шаруашылықта дайындайды.
Шыбындармен күресудің механикалық әдісінде қағаздан басқа, шыбынұстағыштар мен шыбын өлтіргіштер қолданылады.
Шыбындарды жою үшін сонымен қатар алдамыштарды пайдалануға болады. Алдамыштарды дайындау үшін 0,05% белсенді әсер етуші заты бар хлорофостың жұмысшы ерітіндісіне 2% қант қосып, 20 мл-ден Петри аяқшаларына құйып шығады. Бөлменің ішінде аяқшаларды 1 ыдысты 10-20 м2 еден ауданына есептеп қояды.
Мал қора-жайларында дезинсекция жасау үшін 2% белсенді әсер етуші заты хлорофос ерітіндісін гидропультпен шашып шығады.
Алдамыштарды дайындап, бөлменің ішіне қойған кезде, сонымен қатар инсектицидтерді шашқан кезде міндетті түрде респираторды киіп, терезелерді ашып, механикалық ауа алмасуды қосу керек. Дезинсекцияны аяқтағаннан кейін қолды жылы сумен сабындап жуу қажет.

Хлорофос мөлшерін есептеу (Х) келесі формула қолданылады:



Мұндағы:
V - дайындалатын ерітіндінің мөлшері, мл;
А - жұмысшы ерітіндінің концентрациясы,%;
С - хлорофостағы белсенді әсер ететін заттың мөлшері,%

Мысалы: 2% хлорофос ерітіндісінен 40 мл 0,05% жұмысшы ерітінді дайындау үшін:


Х= 40 х 0,05 / 2 = 1мл 2% хлорофос ерітіндісін және 39 мл су алу қажет.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет