Дістемелік кешені



бет97/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Жарықтылық - жарық ағынының жарықтандырылатын беткейдің ауданына қатынасы. Жарықтылықтің өлшем бірлігі люкс (лк).


Табиғи жарықтылықты анықтау
Мал қорасы ішіндегі табиғи жарықтылық екі тәсілмен шамаланады: геометриялық және жарықтық-техникалық.
Геометриялық тәсіл немесе жарық коэффициенті (ЖК) - терезелердің әйнектелген ауданының қора еденінің ауданына қатынасымен анықталады.
Мысалы: Қора еденінің ауданы - 600м2, барлық терезелердің әйнектелген бетінің ауданы – 50м2 . Жарық коэффициенті 600:50= 1:12.
Бұл әдіс өте қарапайым, бірақ нақты емес, себебі жарық коэффициенті бірдей болғанымен, жарықтану деңгейі біркелкі болмайды. Бұл жарықтандыру коэффициентінің көрсеткіші тек қана мал қорасын жобалау кезінде қолданылады.
Мал қорасындағы табиғи жарықтылықты нақты анықтау үшін жарықтық-техникалық тәсіл қолданады.
Жарықтық–техникалық тәсіл – табиғи жарықтылық коэффициенттін анықтаумен сипатталады.
Табиғи жарықтылық коэффициенті деп - қора ішіндегі көлденең жарықтандырудың (Жішкі), бірмезгілдегі ашық аспан астындағы жарықтануға (Жсыртқы) қатынасын айтады, %-бен шамаланады:
ТЖК=, мұндағы: (1)
Жі – қора ішіндегі жарықтылық (люкс)
ЖС – ашық аспан астындағы диффузды жарықтылық (люкс)
100- есептеу пайызы %.
Мысалы: Жі - 60лк тең, ал ЖС-6000лк тең болса, онда ТЖК (60х100):6000= 1% тең.

Сыртқы жарықтылықты мал қорасынан 10м-ден кем емес қашықтықта өлшейді. ТЖК-нің шамасын жылдың әр маусымында түскі уақытта анықтайды. ТЖК шамасы мал тұрағының әр қатарына, сондай-ақ қора-жайдағы орташа мәні де есептелуі мүмкін.




Люксметр - жарықтылықты анықтайтын құрал
Жарықтылықты анықтау үшін обьективті люксметрлер қолданылады. Объективті люксметр жарыққа сезімтал селен фотоэлементінен және иілгіш сыммен байланысқан 0-ден 100-ге дейін люкспен градуирленген гальванометрден, сонымен қатар қалыңдығы әртүрлі жарық сүзгілерінен тұрады. Жарық сәулелері фотоэлементтің қабылдау бөлігіне түскен кезде электрондар ағыны пайда болып, фотоэлементтің гальванометрмен жалғанған иілгіш сымында фототок түзіледі, ол өз кезегінде гальванометр тілін қозғалтып, жарықтылықтың интенсивтілігіне байланысты шкаланың сәйкес нүктесін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет