Сұрақтар:
Жарықтылықтың түрлері және оларға сипаттама.
Негізгі жарықтық бірліктер мен шамалар.
Жарықтылықтың өлшем бірліктері
Жарықтандырудың анықтайтын құралдар.
Табиғи жарықтылықты анықтаудың принциптері.
Жасанды жарықтылықты анықтаудың принциптері
№3 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Мал қорасындағы жасанды жарықтылықты анықтау
Сабақтың мақсаты: 1.Студенттерге мал және құс қораларындағы жарықтылықтың маңызын түсіндіру. 2.Жарықтылықты анықтау әдістерін меңгеру. 3.Осы мақсатқа қолданылатын құралдардың жұмыс істеу принципін және құрылысын таныстыру.
Керекті құралдар мен жабдықтар: люксметрлер, кестелер, схемалар.
Жасанды жарықтылықты анықтау
Электр шамдарын санау
Жасанды жарықты анықтау үшін қорадағы шамдар санын есептеп, олардың ваттпен берілген жалпы қуатын анықтайды. Бұл көлемді қора еденінің ауданына (м2) бөледі де, 1 м2–қа ватт бойынша үлес қуатын табады (Вт/м2). Содан кейін шамдардың үлес қуатын люкске айналдыру үшін, 1 Вт/м2 үлес қуаты сәйкес келетін коэффициентке көбейтеді.
1-кесте – Вт/м2 люкске айналдыруға арналған коэффициент мәні
Шамдар қуаты, ватт
|
қыздыру шамдары
|
люминесцентті шамдар
|
100-ге дейін
|
2,0
|
6,5
|
100–ден жоғары
|
2,5
|
8,0
|
Мысалы: Сиыр қорасының ауданы 620м2, жарықтандыруға қуаты 60Вт 25 қыздыру лампалары қолданылады.
Үлес куаты Вт/м2
Жарықтануы 2,42х2= 4,84 лк.
Достарыңызбен бөлісу: |