Дістемелік кешені


Акклиматизация және оның мал организміне әсері



бет14/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

1.6 Акклиматизация және оның мал организміне әсері

  • Жерсіну (акклиматизация) – мал организмінің сыртқы ортаның жаңа жағдайларына ( географиялық және климаттық жағдайлар, азықтандыру, күтіп – бағу сипаты, эпидемиялық, тіпті індетті аурулар және т.б.) бейімделу процесі. Жерсіну деп малдың жаңа ортаға бейімделуіне ықпал ететін факторлардың тұтас жиынтығын айтады. Былайша айтқанда, жерсіну бейімделіудің ең қарапайым түрі. Ал мал бейімделген орта ұзақ уақыт, бірнеше ұрпақ бойы оның тіршілігін , өнімділігін анықтайтын көрсеткіші. Әр бір тұқымның оптимумы бар. Қазіргі кезде жерсіндірудің үш түрінің маңызы зор – жоғары және төменгі температураға, биік таулы аудандарға жерсіндіру.

1.7 Мал организмі резистенттілігінің маңызы

  • Организмнің резистенттілігі - жануарлар организмінің сыртқы ортаның зақымдау факторларына қарсы тұру қасиеті. Бұл ретте иммунитеттің маңызы зор. Ол – организмнің бөгде заттардан, оның ішінде зардапты микробтардан қорғану қабілеті. Резистенттіліктің иммунитеттен айырмашылығы жұқпалы аурулар қоздырғыштарына, токсиндер және т.б. генетикалық қосылыстарға өте төзімді болып келуі, оның организм төзімділігін өте үлкен ауқымда сақтауы болып табылады. Табиғи төзімділік түрлік белгі болуы да мүмкін. Ол да биологиялық белгі сияқты тұқым қуалауы мүмкін. Сонымен қатар, жануарларда жалпы немесе бейарнамалық төзімділік қабілеті болады.

1.8 Сыртқы орта факторларын гигиеналық тұрғыдан шектеу

  • Қоршаған ортаның әр түрлі объектілердің физикалық, химиялық, биологиялық факторлардың гигиеналық тұрғыдан шектеудің қалыптасу бұл – жануар өнімділігі мен денсаулығы оның жағымсыз әсерін алдына ала ескертетін ғылыми негіз болып саналады. Мал организміне сыртқы ортаның факторлары әсерін төмендетуде және орта сапасын жүйелі басқаруда гигиеналық нормалаудың маңызы өте зор. Зиянды химиялық заттар үшін шекті жіберілу концентрациясы бекітілген. Химиялық заттардың ШЖД – ол ауада (мг/м3), суда (мг/л), топырақта және азықта (мг/кг) кездесетін химиялық заттардың мал денсаулығына зиян келтірмейтін максимальды мөлшері.

  • Физикалық факторлар үшін шектеудің гигиеналық нормативті мөлшерлерінің 3 деңгейі болады: минимальды қажетті, оптимальды және шекті ең жоғарғы деңгейі. Мысалы, мал-қора жағдайындағы ауаның су буымен қанығуының минималды мөлшері 40 пайыз, ал оптималды мөлшері 50-70 пайыз, шекті ең жоғарғы деңгейі 85 пайыз. Қоршаған ортаның биологиялық ластануын – патогенді, шартты патогенді микроорганизмдер, сапрофитті микроорганизмдер, гельминт жұмыртқаларының табылуы жатады. Бұл көрсеткіштерге объектінің микроорганизмдермен жалпы ластануы жатады. Жалпы микробпен ластанудың шекті жіберілу деңгейі судың (м.к./мл), топырақтың (м.к./г) санитариялық жағдайын шектейді.

  • Қоршаған ортаны регламентациялау әдістері – топырақ, су, азықтағы санитариялық көрсеткіш микрорганизмдермен ластануын анықтау оның титрі мен индексін анықтау арқылы шектейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет