Дістемелік кешені


Ауа райы, климат, микроклимат және олардың мал организміне әсері



бет16/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

1.2.2 Ауа райы, климат, микроклимат және олардың мал организміне әсері
Ауа райы – бір аумақта қысқа мерзім ішіндегі ауа жағдайы. Бұл жағдай атмосфералық қысыммен, температурамен, ылғалдылықпен, жел күшімен, күн сәулесінің кернеуімен, бұлттылықпен, жауын-шышынмен сипатталады. Ауа райының организмге тікелей әсері оның жылу алмасу процесіне ықпал етуінде. Ауа райы ыстық болғанда малды қорада ұстағанда, тасымалдағанда ыстық ұруы мүмкін, ал суық ауа райында малға суық тиіп, жиі ауырады.
Ал, климат болса анағұрлым тұрақты құбылыс. Климат – белгілі бір аумақта ұзақ уақыт бойы байқалатын ауа райының жиынтығы. Қазақстанда климат континентальды болып, жаз және қыс айларының аралық температураларының алшақтығымен және ылғалдылық тапшылығымен сипатталады. Макроклимат – үлкен географиялық аумақтық климаты. Микроклимат – шектеулі бір кеңістіктің климаты, мал шаруашылығында ол қора климаты болып табылады. Былайша айтқанда, микроклимат ғимарат пен бүкіл технологиялық қондырғылардың физикалық, химиялық және механикалық жағдайларын қоса алғанда, ауаның физикалық жағдайының, газдық құрамының, шаңмен және микробпен ластануының жиынтығын айтады. Микроклимат көрсеткштеріне малдың денсаулығы тікелей байланысты, себебі дәл осы көрсеткіштер мал резистенттілігі мен өнімділігіне әсер етеді.
1.2.3. Ауа температурасы. Малдың денсаулығына және өнімділігіне жоғарғы және төменгі температураның әсері
-Температура сыртқы ортаның мал организміне зат және жылу алмасу процестеріне әсер ететін ең басты фактор (бұл заңдылық).

  • Температура организмнің анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктеріне, физиологиялық процестерге, өсуіне, мінезіне әсер етіп, жануарлардың географиялық таралуын анықтайды.

  • Температураның мал организміне әсері химиялық процестермен (ферменттердің активтілігі) әр малдың өсу ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Биохимиялық процестерді жүргізетін ферменттердің активтілігі тікелей температураға байланысты.

  • Температура ауытқуларын мал организмі жылу реттеу (өз дене қызуын тұрақты ұстау қабілеті) арқылы өз тіршілігін қалыпты сақтап отырады.

  • Зат алмасу мен жылу өнімдері аз, организм жүйелеріне күш түсірмейтін орта температурасы – қолайлы температура (5-20°С) деп аталады (жылу бейтараптық аймақ). Демек, мал азықты аз жұмсап өнімді ең көп беретін температура.

- Температураның жиі және күрт өзгерістері мал денсаулығына зиян (ыстық ұру немесе суық тию байқалады). Алайда белгілі мөлшерде оның ауытқуының организмге жақсы әсері дәлелденген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет