Дістемелік кешені



бет38/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   114
Табиғи азықтар шығу тегіне байланысты өсімдік тектес және жануар тектес болып бөлінеді, ал синтетикалық азықтар химиялық және микробиологиялық жолдармен синтезделіп алынған деп бөлінеді. Өзінің құрамы, қасиеті және физиологиялық әсері бойынша азықтар мал организімінің дамуына сай келуі керек.
7.2 Мал азығын зоогигиеналық зерттеудің негізгі әдістері, олардың сапасын бағалау
Азықтың сапасын бағалау оның қоректілігін, зияндылығы, сапалылығы, биологиялық құндылығы сияқты көрсеткіштерді анықтау арқылы жүргізіледі.
Азықтың зияндылығы малда ауру тудыратын, оның ішінде организмде зат алмасудың бұзылуы, улануы, токсикоинфекциялардың туындауы, аллергияның пайда болуы, гармоналдық функцияның бұзылуы және т.б. зиянды заттардың болуымен сипатталады. Азықтың улылығы қоршаған ортадан түсетін улы химиялық заттардың болуына минералдық тыңайтқыштар, пестицидтер т.б. және азықтың өзінде пайда болатын улы өсімдіктер және т.б., сонымен қатар бактериялар, саңырауқұлақтар және басқа да организмдерден бөлінетін метаболикалық удың түзілуімен байланысты болуы мүмкін.
Азық құрамында болатын кейбір заттар ұрықтандырылған эмбрионға теріс әсерін тигізіп, эмбриотоксиндік не тератогендік кемістікті тударады. Канцерогенді және онкогенді қасиеті бар заттардың көп мөлшері ісіктің пайда болуына әкеп соқтырады. Химиялық канцерогендерге азот қосылыстарын нитриттер, нитрозаминдер және т.б., кейбір саңырауқұлақтың метоболиттері (афлотоксин, стеригматоцистин), формальдегид және т.б. жатады.
Химиялық әдістер азықтың құнарлылық бағасын, былайша айтқанда, әр түрлі минералдық және органикалық заттардың, витаминдердің болуын зерттейді. Атап айтқанда, азықта мына көрсеткіштер анықталады: рН, қышқылдылық, сілтілік және т.б. Осы зерттеулердің нәтижесінде азықпен уланудың немесе зат алмасудың бұзылу себептерін анықтайды.
Ветеринариялық-биологиялық тәсілдерге мал мен лабораториялық жануарлардан микробиологиялық, санитариялық микологиялық, гельминтологиялық, паразитологиялық және алиментарлық үлгі алу жатады.
Азық сапасын зерттеудің осы айтылған жан-жақты кешенді зерттеу жиынтығы жемнің сапасына деген күдік туғызғанда, шығу тегі белгісіз болса, жаңадан азықтық заттар өндірілсе, түлік арасында этиологиясы анықталмаған ауру шықса не азықтың мал өнімділігіне, денсаулығына, сондай ақ мал өнімдерінің сапасына тигізетін әсерін анықтау үшін қажет.
Азықтарды қауіпсіздігі бойынша тексеруді мемлекеттік малдәрігерлік зертханалар, аккредитациядан өткен зертханалар, азық дайындайтын өндіріс орындары 3 айда 1 рет тексеріп отырады.
Қазақстан Республикасы аумағында асыл тұқымды мал өсіру кезінде құрамында өсуді қамтамасыз ететін гормональды препараттары, тиреостатиктерді және антибиотиктері бар азықтарды дайындауға және қолдануға болмайды.
Емдік рациондар. Мал организміне емдік және азықтан болатын аурудың алдын алу үшін малды диеталық азықтандыру тәртібі ұйымдастырылады. Бұл басқа да барлық емдеу мәселелеріне қолайлы жағдайды және бір органға ғана емес, бәрінен бұрын организмнің жалпы жағдайына, оның нейрогуморальды реттелуіне әсер етеді.
Бұл кезде мал ауруының себептері мен патогенезі, малдың жағдайы, тұқымы, жасы, жынысы, қоңдылығы мен өнімділігі ескерілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет