Жылу қабылдағыштығы – қыздыру кезінде материалдың белгілі бір жылу мөлшерін сіңіре алу қабілеті.
Өртке тұрақтылығы – материалдың бұзылмай, өрт кезінде оттың әсеріне қарсы тұру қабілеті.
Суыққа тұрақтылығы – суға қаныққан материалдың бірнеше рет мұздатып, еріткенде бұзылмай, пішінін сақтау қабілеті.
8.3. Қоралардың бөліктерін зоогигиеналық тұрғыдан бағалау. Мал, құс және аң шаруашылықтары үшін көп жағдайда бір қабатты қора-жайлар салынады. Олар тік бұрышты, түзу болып келеді және бір-біріне өзара байланысты жекелей құрылымдықық элементтерден тұрады.
Олар тіректі және қорғаушы болып бөлінеді. Қораның негізгі тіректі элементтеріне ғимараттың ірге тасы, қабырғалары, едені мен төбелері жатады. Оларға ауырлық, температуралық, көлденең және тік салмақтар түседі.
Ғимараттарды құрылымдық типтері бойынша каркасты және каркассыз деп бөлеміз.
Қорғаушы құрылымдық элементтер сыртқы және ішкі қабырғалар, төбесі, едені, қоршаулары, терезе мен есік саңылауларын толтыратын материалдар, т.б. көмегімен қоралар сыртқы атмосфералық әсерлерден қорғалып, ғимараттың іші қажетті температуралық - ылғалдылық және акустикалық жағдайлар сақталады.
Қора қабырғасы.Қора қабырғасының жылу және дымқыл өткізбеуі мақсатында қабырғаның қалыңдығы мен ол жасалатын материал ескеріледі. Жылуға берік жәнеауаны орташа деңгейде өткізіп тұратын болғаны жөн.
Төбе жапқыштар. Барынша жеңіл, берік, жылуды аз жіберетін, құрғақ, теп – тегіс, су өткізбейтін, қатты, ұзаққа шыдайтын болуы тиіс.
Қора төбесі. Қора ғимаратты не басқа құрылыстарды сыртқы табиғи әсерлерден қорғайтын конструкция. Ол тіректі бөлімдерден және сыртқы жапқыштардан тұрады. Төбені шатырлы және шатырсыз етіп алады.
Қақапа, есік, тамбуралар. Бұлардың бәрі ғимарат пен оларды қорғайтын, қоршаған орта мен жылу алмасып тұратын бөліктері. Қақпа арқылы жылу алмасады, сондықтан оны тығыз, суық күндері қайтпайтындай етіп жасау керек. Қақпаның бетін ағаштан, ал ішін жылу өткізбейтін заттар салынған тақтайдан жасайды.