Дістемелік кешені


Құрылыс нормалары мен ережелері (СНиП)



бет44/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   114
Құрылыс нормалары мен ережелері (СНиП) – ауыл шаруашылығының барлық салаларында жобалау мен құрылысты реттейтін негізгі нормативтік талаптар мен ережелер жиынтығы. Қазіргі уақытта жобалау мен құрылыстың әртүрлі сұрақтарына жауап беретін 80 аса СНиП жұмыс істейді. (Ресей)
Құрылыс саласындағы мемлекеттік стандарттар (МЕМСТ) – негізгі және ұсынылатын ережелерді белгілейді, олар ғимарат пен құрылыстардың жеке бөліктерінің, құрылыс материалдарының нақты параметрлері мен сипаттамасын белгілеп, бұл өнімді құрастыру, өткізу және қолдану кезіндегі техникалық бірлігін қамтамасыз етеді.
Жобалау мен құрылыс бойынша ережелер жиынтығы – құрылыс нормалары, ережелері және жалпытехникалық стандарттардың қажетті талаптарын қамтамасыз ететін ережелерді белгілейді.
Территориалды құрылыс нормалары – облыстар мен аудандардың экономикалық мүмкіндіктерін, ұлттық салт дәстүрлерін, социалды және табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескеретін ұсынылатын ережелер мен тиісті территорияның шекарасында қолданылуы тиісті нормаларды белгілейді.
Мал шаруашылығы нысандарын жобалау кезінде Мемлекеттік бақылау органдарының құжаттарын қолдану қажет, мысалы: Мемлекекттік өрт сөндіру қызметі, ТЖМ (төтенше жағдайлар министрлігі), Мемлекеттік экология, т.б.
Қораны жобалау негізінде жобалық тапсырмадан басталады.
Мал қора салынатын жерге қойылатын талаптар: құрғақ , сәл биіктікте, су баспайтын болуы тиіс. Айналасныда жасыл желек болуы тиіс. Жер қыртысының құрамы ау және су өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төмендеу, дымқыл кемінде 5 м тереңдікте болғаны жөн.
Мал шаруашылығының технологиялық жобалау нормаларын (ТЖН) салалық жобалау мен ғылыми-зерттеу институттары жануарлардың жеке түрлеріне, ірі нысандар мен жеке фермерлік шаруашылықтар үшін жасайды.
Нормалар:
Зоогигиеналық талаптарға сәйкес келетін мал шаруашылығын жобалау талаптары малды өсіру ерекшеліктерін, технологиялық элементтерді, ғимараттардың құрылымын анықтап;
Құрылымдық элементтерге, қондырғыларға, қажетті микроклимат параметрлерін қамтамасыз ететін жүйелерге және жануарлардың басқа да тіршілігіне қажетті жүйелер мен қоралардың номенклатурасын анықтап, белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет