Дістемелік кешені



бет54/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Дәрістің тақырыбы: Мал шаруашылығы кәсіпорындарында олардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған арнайы ветеринариялық- санитариялық шаралар (дезинсекция, дератизация және т.б.)
Дәрістің мақсаты: Мал шаруашылығы кәсіпорындарында дезинсекция, дератизация, дезинвазия әдістерін меңгеру
Қарастырылатын сұрақтар:
10.1. Дезинсекция оның түрлері әдістері
10.2. Дезинсекциялық препараттар
10.3. Дезинсекция жүргізуге арналған аппараттар мен қондырғылар
10.4. Дезодорация
10.5. Дезинвазиялық препараттар
10.6. Дератизация оның түрлері мен санитариялық-эпидемиологиялық маңызы
10.7. Дератизациялық әдістер мен тәсілдері
10.8. Родентицидтер
10.9. Мал қораларында дератизация жүргізу ерекшеліктері


10.1 Дезинсекция. Дезинсекция – жануарлардың тіршілік етуіне қауіп төндіретін, әр түрлі ауруларды таратын шыбын-шіркейлерді жоюға және санын азайтуға бағытталған шаралар жиынтығы. Дезинсекция профилактикалық және жою шараларынан тұрады.
Профилактикалық дезинсекция шараларына – батпақтарды кептіру, өзендерді тазалау және тереңдету, қораларды, қи каналдарын және су құбырларын үнемі тазалау, ферма территориясында және мал қораларда санитариялық - гигиеналық ережелерді сақтау, температураны, салыстырмалы ылғалдылықты, желдетуді реттеп отыру, дезодорация жүргізу, шыбын-шіркейлер қораға кірмеу үшін қора терезелеріне тор жабу.
жазғы лагерьлерді дұрыс, яғни жоғары, құрғақ, жақсы желдетілетін учаскелерде орналастыру;
репеллентерді қолдану;
Кенелерге қарсы батпақты және сулы жайлауларды кептіру, арамшөптерді жою, силос шұңқырларын пленкамен жабады, қи жинағанда және сақтағанда, өлекселерді өтелдегенде және тағы да басқа шыбын-шіркейлер өсіп-өнетін жерлерде санитариялық – гигиеналық талаптарды қатаң орындау;
Мал шаруашылығында инфекциялық және инвазиялық аурулардың алдын алу және олармен күресте дезинсекция орынды шара болып табылады;
Қансорғыш бунақденеліліер ( масалар, шіркейлер, қансорғыш шыбындар және т.б.), оводтар, кенелермал шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіреді, мал жайылшмай қалады, мазасызданып қозғала береді, өнімділігі төмендейді;
Көптеген бунақденелілер мен кенелер инвазиялық және инфекциялық аурулардың (сібір жарасы, туляремия, пироплазмоз анаплазмоз және т.б.) спецификалық және механикалық тасымалдаушысы болып табылады;
Бунақденелілер және кенелер организмінде көптеген инфекциялық және инвазиялық аурулардың қоздырушылары ұзақ уақыт бойы сақталады – бұл шарушылыққа, фермаға үлкен қауіп төндіреді;
Шіркейлер жаппай шабуыл жасаса, жас төлдер организмнің улану нәтижесінде өліа кетуі мүмкін.
Оводтар кейбір жануарлар денесін ( ірі қара малы, бұғылар) өзінің балаңқұрт сатысын дамыту үшін қолданады, олар қан сормайды, осыған орай тері астылық, ас қазандық оводтар, мұрын – жұтқыншақ оводы болады. Малдың өнімділігі төмендейді, әр түрлі ауруларға бейім болады.
Вольфарт шыбыны мал шаруашылығына үлкен зиян келтіреді (вольфартиоз) – мал мазасызданып, бір орында тұрмайды, дұрыс жайылмайды, қышынады.
Жайлау кезеңінде қан соратын кенелер (иксодидті) өте зиянды – мал денесінде өмір сүретін қан соратын паразиттер. Жануарларға шабуыл жасау үшін өсімдіктің жапырағы мен сабағына шығады да (олар өсімдіктің тамыр бөлігінде орналасады) жайлауда топ-топ болып орналасады. Малдың өнімділіг мен резистенттілігі төмендейді, қаны азаяды, өсуі баяулайды, инфекциялық және инвазиялық аурулармен ( туляремия, энцефаломиелия) ауырып шығады.
Жою шаралары физикалық, биологиялық,, және химиялық және аралас әдістер арқылы жүзеге асады.
Биологиялық тәсіл. Бұл тәсіл шыбын-шіркейлерді табиғи жауларын (ауру тудыратын микробтар, вирустар, паразитті және жыртқыш бунақденелілер, гамбузия балығы, кейбір саңырауқұлақтар) қолдана отырып құртуға негізделген. Мезгілінде микробиологиялық препараттар қолданады: бактицид, турингин, сфероларвицид. Сонымен қатар, биологиялық белсенді заттарды (феромондар, гормондар) қолданған өте тиімді және келешегі мол.
Шыбын-шіркейлердің көбеюіне (тиотэф, диматиф) және өсуіне (метопрен, ювемон) кедергі келтіретін химиялық заттарды да қолдануға болады.
Физикалық әдіс. Олар бірнеше тәсілдерден тұрады: механикалық, сәулелік және дыбыстық. Бұл жерде механикалық тәсіл әр түрлі алдамыштардан (ловушки), үйшіктерден, тордан, жабысқақ жолақтардан
(“Мухолов”)және басқалардан тұрады, бірақ олардың тиімділігі төмен. Бұл әдісте негізінен территорияны және қораларды субстраттардан тазалаудың маңызы зор. Жоғары температура сирегірек төмен температура да қолданады. 55 º С және одан да жоғары температура шыбын-шіркейлерді өлтіреді (су буы, ыстық су және т.б.). Сонымен қатар электрлік құрылғылар, оптикалық және ультракүлгін сәулелену көздері жиі қолданылады. Өндіріс орындарында электрлі приборлар қолданылады. Бұл электрлі жойғыштардың жұмыс істеу принципі мынаған негізделген: ультракүлгін немесе арнайы таңдап алынған түс спектрі, азықтық алдамыштар, феромондар немесе биообъектілер көмегімен шыбын-шіркейлерді жоғары кернеулі торға сәулелі торлар, электр торлар түсіреді, ал ондағы орнатылған желдеткіштер шыбын шіркейлерді сорып алады да, алдамышқа түскен шыбын-шіркейлер төменгі жиілікті электр зарядтарының көмегімен өлтіріледі. Дезинсекцияның физикалық әдісінде қолданылатын қондырғылар: “Сангар”, ЭС-1600-Б, ЭСЛП-250, “Муха” (көрінетін және ультракүлгін сәулелер қолданылады), “Insectum killer”(ультракүлгін сәулелер пайдаланылады) және басқа да шыбын-шіркейлерді үркітетін әр түрлі дыбыстар, әсіресе инфрадыбыстар қолданылады.
Химиялық тәсіл - шыбын-шіркейлерді инсектицидтер және акарицидтер көмегімен жояды. Инсектицидтер – шыбын-шіркейлерді өлтіретін табиғи немесе химиялық қосылыстар. Акарицидтер – кенелерді жоятын химиялық заттар. Инсектицидтерді эмульсия концентраттарының ерітіндісі, микрокапсулданған препарат, жақпа май, дуст, ұнтақ, аэрозольдер немес фумигаторлар түрінде қолданады. Сонымен қатар, дезинсекцияда шыбын-шіркейлерді үркітетін химиялық қосылыстар – репелленттер пайдаланылады.

  • Дезинсекцияда қолданылатын инсектицидтер: карбон қышқылдарының туындылары (пиретриндер және пиретроидтар), фосфорорганикалық қосылыстар (карбофос, хлорофос, дибром, байтекс, фоксум және т.б.), карбамин қышқылының туындылары (байган, дикрезил және т.б.), хлорорганикалық қосылыстар (дилор және т.б.). Жиі қолданылатын препараттар: 0,5-1% хлорофос, циодрин 0,25-0,5 %, неоцидал 0,25 %, 1 % карбофос, Байтекс (0,5-1%), байгон, 1-2 % формалин+хлорофос (аэрозоль түрінде), эктол (инсектоакарицидтік), аэрол – 2, к-Отрин, ОСА-2, инсектол перметрин дибром, ципен, дибром, дилор, СТЭП (көпіршік түрінде), псороптол, СИТИ және гексохлорлы Г17 түтіндік шашкалары, аэрозольды баллондар – неафос, перфос және ОСА-2 бүріккіші қолданылады.

Химиялық инсектицидтерге қойылатын талаптар: олар қауіпсіз, улылығы төмен, экономикалық жағынан тиімді болуы керек. Сондай-ақ, оларды қолдан ұрықтандыру бекеттерінде, алты айға дейінгі жас төлдер тұрған
қораларда қолдануға болмайды, сүт және сауын залында қолданылуы шектеулі болуы керек, себебі химиялық заттар және уланған жәндіктер өнімге түсіп кетуі мүмкін. Дезинсекциядан кейін 30-60 тәуілікке дейін малды союға болмайды.
Жануарларды шыбын – шіркейлер шабуылынан қоғау үшін, мысалы ірі қараға пропоскулдың (0,4 % ), циодриннің (1 %), оксамолаттың (3 % ) сулы ерітінділерн бүркейді, түтетіп от жағады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет