Дістемелік кешені


Жұмысты жүргізу әдістемесі



бет68/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Жұмысты жүргізу әдістемесі. Ауа қозғалысының жылдамдығын анықтау үшін анемометр мен кататермометрлер қолданылады. Анемометрлер ауаның үлкен жылдамдығын өлшеуге арналса, ал кататермометрлер төменгi жылдамдықты анықтауға арналған (0,5 м/с). Анемометрлер статикалық және динамикалық болып екiге бөлiнедi. Динамикалық анемомтердiң 2 түрi бар: қанатты және табақшалы. Анемометрдiң бұл екi түрiнiң де қызмет ету қабiлетi бiрдей. Ауа қозғалған кезде құралдағы жеңiл қозғалатын қанаттарды немесе табақшаларды қысады да оларды айналмалы қозғалысқа түсiредi. Бұл қозғалыс тiстi дөңгелектер арқылы бөлiктерi бар циферблатпен жылжып отыратын стрелкаға берiледi.



А Б В
1.1-сурет.Анемометрлер
А–қанатшал; Б–табақшалы; В- статистикалық анемометр флюгерімен.

Кататермометрлер - ауаның суытқыштық қабілетін анықтайтын құралдар. Ал ауаның суытқыштық қабілеті оның температурасына, ылғалдығына және қозғалыс жылдамдығына байланысты.


Кататермометрлердің резервуарлары спиртпен толтырылып, пішіндері цилиндірлі немесе шар тәрізді болып келеді.
Шар пішінді кататермометрдің резервуарының диаметрі 25 –27 мм. Резервуардан капиллярлы түтікше тартылып, жоғарғы жағы шамалы ұлғаюмен аяқталады. Кататермометрлер шкалалары градустарға бөлінген: шар тәріздісі - 33° - 40°С дейін, ал цилиндр тәріздісі -35°- 38°С дейін, Әрбір кататермометрдің артқы бетінде құралдың өзіндік факторы белгіленген.
Кататермометр факторы /Ғ/ дегеніміз - спирт деңгейінің З8° -тен 35 °С-қа дейін суығанда 1см2 резервуардың ауданынанан бөлініп шығатын милликалория жылу мөлшері (мкалл).
Кататермометр факторын суытудың орташа уақытына (секундтар есебімен) бөліп, кататермометрдің суыту мөлшерін немесе катаиндексін (Н) табамыз.
Катаиндекс дегеніміз - ол спиртті резервуардың 1см2 ауданынан бөлінетін 1 секундтағы жылу мөлшері (милликалория есебімен).


1.2 -сурет. Катотермометрлер
а – цилиндрлі резервуармен, б - дөңгелек резервуармен.


Анықтау жолы. Ауаның суытқыштық қабiлетiн анықтау үшiн кататермомтерлер 70-750С суы бар ыдысқа батырылып қыздырылады. Қыздыру капиллярдың жоғарғы кеңейтiлген тұсының 1/3 бөлігін спиртпен толғанша жүргiзiледi. Сол кезде спирттiң құрамында ауа түйiршiктерiнiң болмауы тиiс, ол үшiн кататермометрдi жантайтпай тiк ұстайды. Бұдан кейiн кататермомтердi судан шығарып, сыртын құрғағанша мұқият сүртедi де зерттеу орнына тiк күйiнде iлiп қояды.
Кататермометрдi орналастырғаннан кейiн ондағы спирт деңгейi 38-ден 350С-қа дейiн төмендеген уақыты есептелiнiп, сол орынның ауасының температурасын анықтайды. Бұндай зерттеулердi 3-4 рет қайталап құралдың суу уақытының орташа көрсеткішін алынады.
Есептеу тәртібі:
1. Кататермометр индексін анықтау. Ол үшін мына формуланы пайдаланамыз:

F – кататермометр факторы (приборда көрсетілген)
Т – кататермометрдің 38-ден 350С-қа дейін салқындау уақыты

2. Q - шамасын анықтау (бұл кататермометрдің орташа температурасы мен және ауа температурасының арасындағы айырмашылығы).



3. H/Q қатынас шамасын анықтау;


4. Ауаның қозғалу жылдамдығын мына төмендегі формулалар бойынша анықталады. Егер H/Q шамасы 0,6-дан аз болса, онда ауаның қозғалу жылдамдығы 1 м/сек-тан аз, мұндай жағдайда 1-ші формула қолданылады; егер H/Q - 0,6-дан көп немесе тең болса, ол ауаның қозғалу жылдамдығы 1 м/сек- тең немесе жоғары болады, онда 2-ші формула қолданылады.




(1) , (2)

5. Ауаның қозғалу жылдамдығын H/Q қатынасы көрсеткіші арқылы берілген кестенің (1.1) көмегімен де анықтауға болады.


Мал қораларындағы ауа қозғалысының жылдамдық мөлшері қысқы уақытта 0,2-0,5 м/сек, ал жазда - 1 м/сек дейін болуы керек.
1.1- кесте. Ауаның қозғалу жылдамдығы

H


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет