Лекция 28. Тақырыбы: Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару.
1.1.Мектептің әдістемелік қызметі-педагогикалық мәдениетті жетілдірудің факторы ретінде.
1.2.Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі формалары.
1.3.Мұғалімдерді аттестаттау-олардың кәсіби шеберлігін анықтаудың құралы ретінде.
Мектепті басқарудың басты мәні-педагогтардың оқыту мен тәрбиеде ең жақсы нәтижеге жету мақсатындағы оқушылар мен олардың ата-аналарының іс-әрекетін мақсатты ұйымдастыру. Қазіргі мектептің өзара байланысы бар, ішкі құрылымы және социуммен белгіленетін тұтас әлеуметтік-педагогикалық жүйе. Ол өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазіргі кез-келген оқу-білім, тәрбие беру мекемесінің алдына өмірдің өзі қойып отырған міндеттерді жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретіндегі мектеп директорының тікелей басқару іс-әрекетінде көрінуі қажет.
Мектеп директорының басшылық қызметі, оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшін арнайы жауапкершілігі бар. Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының қызметі мен міндеттері:
мектептегі сабақтарды және оқыту процесіндегі тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру;
оқу бағдарламаларының орындалуын, сабақтардың барысы мен оқушылар үлгерімінің сапасын бақылау;
әртүрлі пәндер бойынша сыныптан тыс оқу жұмысын ұйымдастыру (пәндік үйірмелер, қоғамдар, олимпиадалар, жарыстар, т.б.)
оқушылардың оқу көлемін реттеу;
мектептің оқу-тәрбие жұмысын талдау және педагогикалық ұжым іс-әрекетінің нәтижелері туралы сандық және жазбаша есеп беру;
оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша білім беру департаментінің нұсқауларын жүзеге асыру мен олардың орындалуын бақылау;
оқу-тәрбие жұмысының сапасын жоғарылату үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қорыту мен енгізу;
мұғалімдердің пәндік әдістемелік комиссияларының (секциялары) жұмысына басшылық ету.
Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін анықтайтын жағдаяттар-педагогикалық ұжым және оның басшыларының қызметтік іс-әрекеттері. Қазіргі мектептер төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:
Бірінші деңгей - мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.
Екінші деңгей - мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы; әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, әкімшілік-шаруашылық бойынша директорының көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты бірлестіктер басшылары.
Үшінші деңгей - оқу барысында және оқудан тыс білім-тәрбие жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалімдер, тәрбиешілер мен сынып жетекшілері.
Төртінші деңгей - сыныптық және жалпы мектептік өзіндік басқару қызметтері тапсырылған оқушылар. Бұл деңгейдің назарға алынуы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынастың «субъект-субъекттің сипатын баса танытады.
Жалпы білім беретін мектепті басқару, кез-келген басқарушылық іс-әрекет сияқты, барлық іс-әрекеттің негізді жоспарлануын талап етеді. Мектептегі ең маңызды жоспар мектептің жылдық жұмыс жоспары, ол жалпы мектеп өмірінің жетекші құралы болып саналады. Мектептің жылдық жоспары мынадай принциптер негізінде құрастырылады:
Достарыңызбен бөлісу: |