Дістемелік кешені


-дәріс. Сөз тіркесінің байланысу формалары. Матасу. Қабысу. Жанасу



бет9/32
Дата06.01.2022
өлшемі202 Kb.
#14758
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
4-дәріс. Сөз тіркесінің байланысу формалары. Матасу. Қабысу. Жанасу.

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Сөз тіркесінің байланысу формалары. Матасу,қабысу жайлы көзқарастар

2. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңарының түлғасы.

3. Қабысу. Ол туралы көзқарастар. Қабысу сөздердің орын тәртібі арқылы жасалатындығы, оның көріністері

4. Жанасу. Жанасудың өзіндік белгілері.
Матасу туралы түркологиялық көзқарастар, қиысумен ара қатынасы, ілік және барыс, табыс т.б. жалғаулы сөздердің басыңқы сөзбен тіркесіндегі ерекшеліктері туралы. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңарының түлғасы. Ілік жалғауының ашық түрі екендігі, олардың орны, бағыныңқы сыңарда қолданылатын сөз таптары:

- Есімдер, етістік, үстеу.

- Негізгі сөздер мен көмекші сөздер, олардың түрлері.

- Тұрақты тіркестер.

- Бар, жоқ сөздері.

Қабысу. Ол туралы көзқарастар. Қабысу сөздердің орын тәртібі арқылы жасалатындығы, оның көріністері:

- сөздердің орын тәртібі арқылы, жақсы тілек;

- негізгі сөздер мен көмекші сөзді түйдекті тіркестерге кейбір жұрнақтардың жалғануы арқылы, үйдің қасындағы бау;

- көнеленген септік жалғаулы үстеулер арқылы, зорға түсіндіру;

- септік жалғауларының түсірілуі арқылы, кітап оқу;

- тұрақты тіркестер арқылы.

Қабысудың бағыныңқы сыңарлары: есімді сөз тіркестері: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімше, қимыл есімі, үстеу, негізгі сөз бен көмекші сөздер, түрақты тіркестер; етістікті сөз тіркестері: үстеу, көсемше, еліктеуіш сөздер, сын есім, сан есім, зат есім, түрақты тіркестер ондай сөздердіц тіркесу қабілеті, мағыналық байланысу.

Қабысудың басыңқы сыңарына қарай есімді, етістікті және ортақ басыңқы түрлері, ондай кездегі сөз таптарының ара қатынасы.

Жанасу. Жанасудың өзіндік объектілері. Жанасуда бағыныңқы сыңардын, алшақ, іргелес тұруына қарай шылаулы меңгерумен ара қатынасы, жанасу терминінің мәні, жанасудың құрамы. Бағыныңқы мен басыңқыны жанастыратын дәнекерлер, түрлері: жанасудың етістікті, кейде есімді, құрама түрлері:

- негізгі сөз бен көсемше тұлғалы көмекші етістік;

- негізгі сөз және шылау;

- негізгі сөз және модаль сөздер;

- негізгі сөз және жолы бойы, бойынша, есе, рет, қайтара.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет