Мектепте етістікті оқытудың мақсаты мен міндеттерін айқындап,етістікті қазақ тілінің заңдылықтары мен принциптеріне сай оқытып, етістікті оқытудағы тиімді әдіс- тәсілдерді қарастыру
Міндеттері
Жоғары сыныптарда етістікті түсіндірудің оңтайлы жолдарын анықтау;
Оқушылардың етістік туралы білімдерін дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру;
Оқушыларға етістіктің жалпы тіл жүйесіндегі орның таныта отырып, олардың лингвисткалық дүниетанымын кеңейту.
Етістікті оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау
Етістіктен алған білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру.
Етістік – қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделілерінің бірі.
Етістік-бұл тақырыптың әрекетін немесе күйін процесс ретінде білдіретін сөздерді біріктіретін сөйлеудің маңызды бөлігі. Морфологиялық тұрғыдан алғанда, бұл мән адамның, уақыттың, көңіл-күйдің, түрдің және кепілдің санаттарында көрінеді.
Етістікті оқытудың тиімді әдіс тәсілдері
Қазақ тілінде етістік материалдарын мұғалімнің түсіндіруі дегеніміз – оның ұғымдары мен ережелерін логика заңдарын басшылыққа ала отырып, ғылыми тұрғыда белгілі бір жүйемен оқушыларға айтып беруі. Түсіндірудің негізгі өзіндік ерекшелігі – дәлелдеу. Мұғалімнің түсіндіруінде үнемі пайымдау, ой қорытындысын шығару, дәлелдеу дегендер болып отырады.
Сабақтың дұрыс өтуіне, нәтижелі болуына әсер ететін бірнеше факторы бар. Олардың барлығы да мұғалім сабақтың мазмұнына сай оқушылардың іс- әрекетін қаншалықты үйлестіре алуына қарай өзіндік тиісті мәнге ие болады. Әдетте, орта сыныптарда оқушылардың пәнге қызығушылығын тудырудың бір тәсілі ретінде грамматикалық ойындарды ұйымдастыру жиі аталып жүр. Дегенмен, ендігі жерде ойын түрлерінің ой қалыптастыруға бейімделе жүргізілгені тиімді. Ребустар мен сөзжұмбақ түзу, морфологиялық ұғымдар үздіксіз сөзтізбек жасату, қызықты диаграммалар жасату, кестелер жасату, арнайы картотекалар жасату т.б. сыныптағы жұмыстарда оқушының жарысуы мен ой тұжырымын беруі қатар қамтылады.
Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын қалыптастыру мынадай баспалдақтар арқылы жүргізілгені тиімді:
1) Сабақтың қызықты болуы; 2) Тілдік білім – машықтардың қажеттіліктеріне көз жеткізу; 3) Тілдік білімге, машықтарға деген ішкі қажеттілікті дамыту.
Осыларға назар аударту оқушылардың қызығушылығын арттырады:
Етістіктің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар:
Көсемше тұлғалы етістіктер жеке тұрып толық мағыналы сөз есебінде қолданылмайды,
Көсемшелер тек етістік сөздермен ғана тіркесіп қолданылады;
Есімше тұлғалы етістіктер және тұйық етістіктер заттанады,
Есім сөздер сияқты түрленеді.
Етістіктер көсемше тұлғасында тек пысықтауыш, баяндауыш бола алады.
Есімше тұлғасында келіп анықтауыш, тұйық етістік тұлғасында зат есім қызметін атақарады:
Мұғалімнің түсіндіруі жаңа сапаға ие болады, яғни ол етістіктен берілген тапсырманы шешудің жолымен логикасын меңзейді. Әрі өзінің ақпаратты беруші қызметін шектеп, оқушылардың етістіктен тапсырмаларды өздігінен орындау және түсіну бағытындағы әрекетін кеңейтеді. Бұл әрекет етістіктің мазмұнына сай оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескертіп, біртіндеп күрделендіру арқылы жүргізіледі. Бұл етістікті оқытудың басты бағыты және етістікті саналы түрде әрі тиянақты меңгертудің шешуші шарты.
Оқушыға етістікті меңгертуді формалдылықтан аулақтататын бұл жолдардың ең тиімді де басты жетістігі – оның ойлау қабілетін арттырумен қатар, оқушылардың тілін дамытуға, олардың жалпы тілдің түсініктерін ой елегінен өткізіп, сөйлеу тілінде саралап қолдануға жол ашады.
Таратып айтсақ, мысалы, оқушы анықтаманы өз бетінше құрастырса, біріншіден, оның байланыстырып сөйлеу дағдысы қалыптасады, екіншіден, етістікке байланысты атауларды пайдалану нәтижесінде сөздік қоры молаяды, үшіншіден, жұрт алдында сөйлеуге машықтанады, төртіншіден, басқаларды да тыңдауды үйренеді, бесіншіден, оқушылар бір-бірінің қабілет-дарынын қанаттандырып, басқалардың пікірімен санасуға қол жеткізеді.
Етістікке оқушының қызығушылығын оятып, оның қажеттілігіне көз жеткізетін дидактикалық талаптардың бірі – оқушыға етістіктен берілетін теориялық білімнің практикалық мәні екі жүйеде қатар, сабақтастырыла жүргізілуі тиіс:
біріншіден, етістіктен өткеннен кейін оқушы оның қай сөз табына жататынын, қай сөз таптарымен қалай қатынасқа түсетінін, сол сыныптағы бағдарлама көлемінде меңгеруге міндетті. Бұл ұғым – түсініктер оқушының етістіктен біліктілігін қамтамасыз етеді.
екіншіден, етістіктегі теориялық материалды құрғақ ереже болып қалудан баланың ішкі қажетіне айналдыруды қамтамасыз ету мақсатында жасалатын әдістемелік жүйе бойынша етістік тақырыбы оқушының ауызекі сөйлеу, жазба тілдерін дамытуға қарай ыңғайластырылуы тиіс.
Оқушыларға қазақ тілі сабағында етістіктен саналы білім беруді қамтамасыз ететін оқыту әдістерінің ең негізгілерінің бірі – байқау әдісі
Мұның мәні бұрынғыға қарағанда қазір мектептің өмірімен байланысын нығайту, оқушылардың белсенділігін арттыру талап етілген кезде күшейе түсті. Байқау аз уақыттық та, көп уақыттық та болып келеді. Аз уақыттық байқау сабақтың әр кезеңінде бола береді. Ал көп уақыттық байқау тіл сабағында қазір онша көп орын алмайды.