Ескерту: Бір кредит аптасына бір академиялық сағатқа тең(1кредит= 1акад.сағ.);СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы; СОӨЖ – студенттің оқытушымен өтетін өзіндік жұмысы.
1.4. Курс пререквизиттері: .: «Алгоритмдер және деректер құрылымы», «Операциялық жүйелер», «C++/C# тілдерінде программалау»
1.5. Курс постреквизиттері:«Компьютерлік желілер»
2. ПӘНДІ ОҚЫП ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР «Объектіге бағытталған программалау»пәні лекциядан және тәжірибелік сабақтардан тұрады. Салыстырмалы түрдегі тұрақты негізгі теориялық білім (ядро) лекциялық сабақ-тарда, ал кез келген маман білуге қажет динамикалық түрде өзгеретін білім (практикалық мәліметтер) тәжірибелік сабақтарда беріледі. Тәжірибелік сабақтарда қағазда шығарылған есептер компьютерде теріледі де, олардың қателері анықталып, орындалады. Есептің жауабы алынып, әрбір студент тәжірибелік жұмысты есеп беру құжаты түрінде рәсімдеп, оқытушыға тапсырады. Студент білімін бағалау үшін мұғалім әрбір тәжірибелік жұмыстар бойынша сұрақтар қойып, шығарылған есептерінің программалау жолдарын талқылайды.
Тапсырманы алған әрбір студент программа құрастыру кезінде кеткен қателерді жөндеп, компьютер арқылы дұрыс нәтиже алуы үшін алдын ала мәліметтерді сипаттап, олардың типін ажыратып, қажетті операторлар тізбегін жаза білуі керек.
Жұмысты қорғау нәтижесіне қарай студент белгілі бір балл (ұпай) мөлшерін алады. Аралық бағалау қорытындысы кезінде сол баллдар жинақталып, тағы да қосымша тап-сырмаларды орындау арқылы нәтижелік қорытынды шығарылады. Әрбір студент 15 дәріс сабағын тыңдап, 15 тәжірибелік сабақтарды орындап қорғап шығуы тиіс.
3. ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН ТИПТІК ТАПСЫРМАЛАР МЕН ЕСЕПТЕР 1.Borland C++ Builder ортасымен танысу. Жаңа қосымшалар өңдеуге қалай кірісу қажет. Жоба құру.Жоба файлдары. Объект инспекторы. Код редакторы, cpp –модульі жәнеh-файлы.
Borland C++ Builder ортасында жұмыс. Программалық модульдің мәтініне түзету енгізуді бастау: Код редакторының контексті мәзірі, кодтың суфлеры.
TForm класы: формаға компоненттерді орналастыру; форманың дизайнерімен басқа әрекеттер; форманың контексті мәзірі; жобаға жаңа форма қосу; көп формалармен жұмысты ұйымдастыру, форма қасиеттері.
Y=f(x) функциясының есептеу форманың барлық мүмкіндіктерін пайдаланып жәнеcpp