Дістемелік кешені


Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері



бет32/118
Дата20.02.2022
өлшемі180,82 Kb.
#25977
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   118
4.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері - бұл әкімшілік құқық субъектілерінің атқарушы-бұйрықтық қызметінің аясында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың құқықтық нысандары.

Заң әдебиеттерінде құқықтың қайнар көздері ретінде мына алты нысан танылады:

1)құқықтық әдет; 2) нормативтік акт; 3) сот прецеденті; 4) келісімшарт;5) сот тәжірибесін жалпылау; 6) ғылыми құқықтық доктрина.Әкімшілік құқықтың негізгі қайнар көздеріне: ҚР Конституциясы;ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі; ҚР Парламенті қабылдайтын заңдар; Конституциямен анықталған ҚР Президентінің актілері:жарлықтар;өкімдер;заң күші бар жарлықтар; Конституцияның бабына сәйкес бүкіл республика аумағында орындалуға міндетті ҚР Үкіметінің қаулылары; Мемлекеттік басқарудың орталық органдарының актілері (министрліктер мен ведомстволардың); ҚР Жоғары Сотының қаулылары. Оларды әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне толық көлемде жатқызуға болады егер олар:а) әкімшілік істерді қарау тәжірибесін жалпылауға қатысты болса;ә) әкімшілік заңдылықтың құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге қатысты болса. Әкімшілік-құқықтық қатынастар әдеттегідей әкімшілік-құқық нормаларымен реттелген мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастар ретінде қарастырылады. Бұл қатынастарды мынадай топтарға бөлуге болады: Атқарушы-биліктік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының құзыретін анықтайтын. Қоғамдық ұйымдардың құқықтық мәртебесін анықтайтын және мемлекеттік басқару аясында құрылатын қоғамдық қатынастар. Мемлекеттік басқару аясындағы азаматтық құқықтық мәртебесі.Субъектілермен өздерінің құқықтары мен міндеттерін орындау барысында туындайтын қатынастар.Процедуралық (процессуалдық) қатынастар.

5.Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың өзіндік құрамы болады.Әкімшілік-құқықтық қатынастардың элементтері болып табылатындар: Субъект; Объект; Заңды факт. Заңдық нысан құқықтар мен міндеттер берген қоғамдық қатынастардың қатысушылары: ҚР азаматтары; шетел азаматтары; азаматтығы жоқ адамдар; мемлекеттік органдар, олардың құрылымдық бөлімдері, кәсіпорындар, мекемелер және т.б. мемлекеттік ұйымдар; қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер; мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері; әкімшілік құқықтар мен міндеттер берілген қоғамдық ұйымдардың өкілдері. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың объектісі болып басқару аясындағы адамдардың әрекеттері табылады. Олардың көмегімен мынадай қоғамдық қатынастар қарастырылады: жалпы объект - мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастар; тікелей объект - субъект адамдардың әрекеттері. Мұндай әрекеттер өзінің сипаты бойынша әр түрлі болуы мүмкін.олар материалдық игіліктерде қолданылуы мүмкін (мысалы: азаматтардың денсаулығын, ар-намысын, қадір-қасиетін қорғау және т.б.).Әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқық нормаларымен анықталған жағдайлар болғанда ғана пайда болады және тоқтатылады, яғни заңды фактілер негізінде. Заңды факт болып әрекеттер мен оқиғалар танылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет