Дістемелік кешені



бет65/118
Дата20.02.2022
өлшемі180,82 Kb.
#25977
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   118
Байланысты:
kr akimshilik kuk g 2021-2022 oku zh l -k (8)

3 топқа бөлуге болады. 1.Әкімшілік-ескерту шаралары - мемлекеттік басқару аясында болуы мүмкін құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, сонымен бірге табиғи апаттар, авариялар, қайғылы оқиғалар кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолданылады. Көбінесе олар құқық бұзушылықтармен байланысы жоқ жағдайларда азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіпті болдырмау үшін қолданылады. 2.Әкімшілік ықпал ету және процессуалдық қамтамасыз ету шаралары. Әкімшілік ықпал ету шараларына жататындар: әкімшілік ұстау, яғни тұлғаның жеке бостандығын қысқа мерзімге шектеу. 3.Әкімшілік өндіру шаралары - заңды жауапкершіліктің бір түрі болып табылады және белгілі бір құқық бұзушылық жасаған үшін қолданылады. Мысалы: айыппұл, тәркілеу, әкімшілік қамауға алу. Барлық әкімшілік -- алдын алу шараларының бірлігін айта отырып, олардың тікелей арналымы мен құқық шектеушілік сипаты бойынша жекелеген ескерту (превентивтік) шаралардың арасындағы айырмашылықтарды байқамауға болмайды. Бұл белгі бойынша әкімшілік- алдын алу шараларының ішінен 4 топты бөлуге болады: 1. мүмкін болатын зиянды, қауіпті, тіпті ауыр салдарлары да жиі болатын қауіп-қатерді болдырмау мақсатында қолданылатын шаралар, мысалы, эпидемиямен және эпизоотиямен зақымданған жерлерде карантин енгізу, шекералас аумақтарда қауіпті жұқпалы аурулар кенеттен пайда болған кезде мемлекеттік шекара учаскесін жабу, т.б.

2.құқық бұзушылықтың, оның ішінде тек әкімшілік теріс қылықтың ғана емес, қылмыстың да алдын алуға бағытталған шаралар (кедендік тексері, жеке басты анықтайтын құжаттарды тексеру) 3. тиісті субьектілердің өздерінің міндеттерін орындаудан жалтаруына кедергі келтіретін шаралар (реквизициялау, мәжбүрлеп медициналық куәландыру т.б.) 4. емдеу - алдын алу деп аталатын мәжбүрлеу шаралары ерекше топ құрайды, олардың мақсаты міндеті тек қоғамдық қауіпсіздік ғана емес, сонымен бірге қауіпті есі ауысқандарды, нашақорларды, жұқпалы ауруларды емдеуді қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет