Байланысты: kr akimshilik kuk g 2021-2022 oku zh l -k (8)
1. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері. Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі бола отырып, мемлекет атынан және оның қызығушылығымен жүзеге асырылады, сонымен қатар заңдық рәсімге ие. Бұл заңды мәжбүрлеу қандай да болмасын міндетті ережелерді орындамағаны үшін мемлекет атынан құзіретті органдар қолданады. Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары тек құқықтық актілермен ғана белгіленуі мүмкін. Бұл шараларды қолдануға заңдардың негізінде ғана және тек құқық нормаларымен қаралған шеңбер мен нысанда ғана жол беріледі. Сондықтан, әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілерді іске асыруға бағытталған құқықтық мәжбүрлеу болып табылады. Әкімшілік мәжбүрлеуді оған уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолданады. Олардың тобы құқықтық актілермен қатал түрде белгіленеді. Әдетте, оларға мемлекеттік басқару аясында құқық қорғау функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдары жатады (мысалы, ішкі істер органдары, бақылау- қадағалау органдары т.б.). Сонымен, әкімшілік мәжбүрлеу осындай мәжбүрлеу шараларын қолдануға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың көптігімен сипатталады.