Дістемелік кешені


Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері



бет96/118
Дата20.02.2022
өлшемі180,82 Kb.
#25977
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   118
1.Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері. Қазақстан экономикасы мемлекетпен, тауар өндірушілермен және сатып алушылармен тығыз байланыста. Кез келген экономикалық жүйе - өз қызметі бойынша үш мәселеге мән береді: Не өндіру керек және қандай мөлшерде; Қалай өндіру керек және қандай шығындармен өндіру керек; Кім үшін өндіру керек және өндірілген өнімді қалай бөлу керек. Қазақстан Республикасында сауданы, сауда аралық қатынастарды реттейтін орталық орган- ол Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда министрлігі. Оның негізгі функциялары: Республикадағы нарыққа басшылық жасау және сауданың дамуына болжам жасайды; Халыққа, яғни тұтынушыларға тауарды көтерме саудаға өткізу үшін жәрмеңке ұйымдастырады; Сауда құрылымдарын Қазақстан Республикасының «тұтынушылардың құқығын қорғау туралы»заңымен реттейді және оны бақылайды; Отандық және шетелдік сауда әдістерін, сауда жарнамаларын, оның нысандарын сауда саласында дамытуға байланысты шаралар ұйымдастырады; Экономика және сауда саласын дамытудағы күрделі мәселелерді басқа министрліктермен бірге ақылдаса отырып шешеді;Сауда -экономика саласын дамыту үшін Қазақстан Республикасы шет елдермен ақпарат- насихат жұмыстарын өткізеді. Осы функцияларды орындау үшін министрлік мынандай құқықтарға ие бола алады: Өндіріс мекемелері мен ұйымдарға, олардың нарықтық инфрақұрылымын қалыптастыру үшін, әдістемелік және экономикалық көмек көрсетуге құқылы; Өндіріс пен сауда саласын тиімді басқаруға құқылы; Тұтынушы нарығында мемлекеттік қолдауға құқылы; Министрлік өзіне керекті ақпараттарды өндіріс және сауда салалары бойынша сұрауына құқылы. Бұл министрлік барлық сауда салаларын нарықты басқару мақсатында және олардың ережелерді дұрыс орындауы үшін - бұйрықтар және инструкциялар шығарады. Министрліктің құрылымдық бөлімдері: департаменттер басқармалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет