Зертханалық жұмыс №4. Vba-да массивтерді, процедуралар мен функцияларды ұйымдастыру



бет1/4
Дата28.08.2023
өлшемі60,12 Kb.
#105623
  1   2   3   4

Зертханалық жұмыс №4.
VBA-да массивтерді, процедуралар мен функцияларды ұйымдастыру.


Жұмыс мақсаты: Массивтердің ұйымдастырылуы, олармен әртүрлі амалдар орындау. Типтері әртүрлі мәліметтермен жұмыс жасау. Процедуралар мен функцияларды жариялау, шақыру.


1. Үш екі өлшемді массивтерді ұйымдастыратын бағдарлама құрыңыз. Бастапқы екі массив элементтері бағдарламада кодында анықталып берілсін. Ал үшінші А массиві В және С массивтерінің сәйкес мүшелерін қосындылау жолымен алынсын (16 сурет). Массивтерді ұйымдастыру нәтижелері Массив батырмасына шерткенде пішіндегі сәйкес таңғыға шығарылатын болсын.
1 мысалдың листингі
Private Sub CommandButton1_Click()
Dim B(1 To 2, 1 To 2) As Integer
Dim c(1 To 2, 1 To 2) As Integer
Dim A(1 To 2, 1 To 2) As Integer
B(1, 1) = 5 B(1, 2) = 4 B(2, 1) = 8 B(2, 2) = 10
c(1, 1) = 0 c(1, 2) = 1 c(2, 1) = 5 c(2, 2) = 10
For i = 1 To 2 For j = 1 To 2
A(i, j) = B(i, j) + c(i, j)
Next j Next i
Label1.Caption = «a(1,1)=» & A(1, 1) & « a(1,2)=» & A(1, 2)& « a(2,1)=» & A(2, 1) & « a(2,2)=» & A(2, 2) Label2.Caption = «b(1,1)=» & B(1, 1) & « b(1,2)=» & B(1, 2) & « b(2,1)=» & B(2, 1) & « b(2,2)=» & B(2, 2)
Label3.Caption = «c(1,1)=» & c(1, 1) & « c(1,2)=» & c(1, 2) & « c(2,1)=» & c(2, 1) & « c(2,2)=» & c(2, 2)
End Sub

16 сурет. Бағдарлама пішіні конструктор режимінде және жұмыс істеу күйінде


2. 2 екіөлшемді массивтерді құратын бағдарлама құрыңыз: 1 массив сәйкес мәтіндік өрістерге енгізілген сандық элементтерден тұрсын, 2 массив - фамилиялардан тұрсын (17 сурет). Нәтижесінде бірінші массивтің барлық элементтері 10ға артып формаға шығарылсын. Екінші жолдық массивтің элементтері келесі түрдегі сөйлем түрінде ұйымдастырылып формаға шығарылсын: работник фамилия Иванов, мұнда Иванов (мысалы) сәйкес мәтіндік өріске енгізілген жолдық массивтен алынады. Нәтижелердің барлығын қолданушының сұхбат терезесіндегі Шығару батырмасын басу арқылы көрінетін болсын.

17 сурет. Жұмыс кезіндегі 2мысал терезесі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет