Байланысты: Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019
1 сағат. 3-апта Дәріс тезисі: Адам сөйлеп тұрған кезде ауа қарқыны сөйлеу мүшелері арқылы толқындалып, бірнеше бөлікке түсіп айтылады. ¤йткені сөйлеу ырғақ-интонациялық тұрғыдан алғанда, дыбыстардың үздіксіз тізбегінен құралған бірлік немесе сөйлеу толқыны. Ол нақты бөліктерден, сөйлеудің бірліктерінен (фраза – такт – буын – жеке дыбыс) тұрады.
Физиологиялық жасалу тұрғысынан алғанда, буын дауысты дыбыстың ауа толқыны арқылы өзін қоршаған дауыссыз дыбыстардың тобын құрап, бөлшектеніп айтылады. Акустикасы (дыбысталуы) жағынан қарағанда, сөздің әрбір буындалған жеке бөлшектері алды-артындағы өзі сияқты дыбыстар тобынан бөлініп, сараланып естіледі. Сөйлеу толқынында сөздердің осылайша фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір (дауысты дыбыс) немесе бірнеше (дауысты және дауыссыз дыбыстар) дыбыс тобы түгелімен жіктеле айтылатын әрбір бөлшегі буын деп аталады. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Фонетикалық негізгі заңдар осы буынның төңірегінде өрбиді.
С.Мырзабеков: “Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар: ашық буын және тұйық буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді және есте сақтауға ыңғайлы”, – дейді.
1. Ашық буын әр уақытта сөз бастаушы буын болады. Жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталған буынды ашық буын дейді. Мұның дыбыстық құрамы:
А: а, ә, а-на, а-та, ба-ла, а-қы-лы, ө-ре, ұ-зақ, ү-кі, ы-дыс, і-рі, і-лім т.б.
БА: ба-ла-сы, бі-лі-мі, де, не, же-лі, та, те, да-ла т.б.
2. Тұйық буын дауыстыдан басталып дауыссыз дыбысқа аяқталады. Дыбыстық құрамы:
АБ: ат, ер, өр, ақ, ән-детті, үй, ақ-тар, әл-ден, өр т.б.
АББ: ант, өрт, ұлт, өрт-те, ыңқ-ыңқ, ырс-ырс т.б.
3. Бітеу буын деп дауыссыз дыбыстан басталып дауыссызға аяқталған буынды айтады. Дыбыстық құрамы мынадай болып келеді:
БАБ: құс, тіс, бас-тар, бас-тық, тас-тай, бұл-бұл-дар, тақ-тақ т.б.
БАББ: серт, қарт, төрт, сырт-сырт, жарқ-жарқ қант, бұлт т.б.
Қазақ тілінде дауыстылардың үндесуі сөз ішінде жуан дауысты дыбысы бар буыннан кейін, оған сәйкес жуан дауыстының келуі (ағаш-тар-ға, қобыз-дың), жіңішке дауысты дыбысы бар буыннан кейін соған орай жіңішке дауыстының келуі (еңбек-ке, өзен-дер) түрінде болады. Ал түбір сөздің соңындағы қатаң дауыссыздан кейін қосымшаның да қатаң дауыссыздан басталуы (тамақ-қа, сүт-тің) немесе ұяң дауыссыздан кейін қосымшаның да ұяң дауыссыздан басталуы (күз-ге, қаз-дар) дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесуі болып табылады. Дауыстылардың бір-бірімен өзара үндесуі сингармонизм деп, ал дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өзара үндесуі ассимиляция деп аталады.
Сөз құрамында немесе сөздердің аралығында көршілес келген дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі ассимиляция деп аталады. Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрде көрінеді: а) ілгерінді ықпал; ә) кейінді ықпал; б) тоғыспалы ықпал.