Дістемелік кешені



бет31/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

Түбір морфема сөздің лексикалық мағынасының негізі, ұйтқысы, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін негізгі морфема болып табылады. Қосымша морфемалар түбірге қосылып, оған үстеме лексикалық-грам­матикалық мағына жүктегені болмаса, жеке-дара қолданылмайды, себебі -оның дербес мағынасы жоқ.
Тілімізде қолданылып жүрген қосымша морфемалар түбір морфемаларға жалғанып түрлі қызметтер атқарып жүр. Осы қосымша морфемалардың сөз құрамында атқарып жүрген әр алуан қызметтеріне орай бір тобын жұрнақтар, екінші тобын жалғаулар деп атайды.
Жалаң сөздерге түбір немесе қосымшалы түбір жатады. Тіл білімінде түбір турасында мына секілді терминдер қолданылады: түбір, негізгі түбір, түбірлес сөздер, туынды түбір, өлі түбір (көнерген негіз), тірі түбір және көнеленген түбір. Әрине, мұның бәрі жалаң сөзді формаға жатады. Бұлардың бір-бірімен мына секілді айырмашылықтары болады.
Негізгі әдебиет:1. [1.7: 1], 2. [1.7: 17], 3. [1.7: 15], 4. [1.7: 18]
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 16]

8 дәріс тақырыбы: Грамматика, оның нысаны. Грамматикалық ұғымдар. Грамматикалық форма және грамматикалық категория туралы ұғым. Грамматиканың теориялық және практикалық мәні. Оның бастауыш сынып бағдарламасында алатын орны, маңызы. Грамматикалық категориялар және олардың сөз таптарымен қатынасы. Сөз таптары категориясы туралы жалпы түсінік. Қазақ тіліндегі сөздерді таптастыру принциптері. Сөз таптарының дербес сөздер, көмекші сөздер болып бөлінетіні.


1 сағат. 8-апта
Дәріс тезисі: Қазақ тіл білімі грамматикасы екі саладан тұрады: морфология және синтаксис.
Морфология сөз және оның түрлі формаларын зерттегенде, күнделікті қатынаста қолданылып жүрген сөздердің сөйлем құрамындағы бір-бірімен байланысу заңдылықтарын, лексикалық беретін табиғи мағыналарына байланысты, қызметтеріне орай топтастырып, олардың жалпы ортақ грамматикалық мағынасын анықтайды.
Морфология өзіне зерттеу обьекті етіп сөздің нақты формаларын алады. Форма деп отырғанымыз сөздің құрамдық бөліктері: негізгі, туынды түбірлері, біріккен, қысқарған, қосарланған т.б. түрлері, әр алуан қосымшалардың табиғатын анықтайды. Сонда формаға сөз, сөзден сөз тудыру, сөзбен сөзді байланыстыру тәсілдері, сонымен қатар грамматикалық мағына арқылы сөзге қосымша реңк үстейтін тәсілдер де жатады.
Грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына, форма, категория жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет