Дістемелік кешені



бет89/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 17], 2. [1.7: 18], 3. [1.7: 19].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 13], 5. [1.7: 16].

9 БАОӨЖ тақырыбы: Сөздің морфемалық құрамы.


Тапсырмалар:
1-тапсырма. Үзіндіден негізгі морфема мен көмекші морфеманы ажыратып, қандай мағыналардан тұратынын айтыңыз.
Қырында киік жайлаған,
Суында балық ойнаған,
Оймауыттай тоғай егіннің
Ойына келген асын жейтұғын,
Жемде кеңес қылмадың,
Жемнен де елді көшірдің.
Ойыл деген ойынды,
Отын тапсаң тойынды,
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің (Бес ғасыр жырлайды).
2-тапсырма. Төмендегі синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің құрамындағы сөз тудырушы жұрнақтарды тауып, олардың қай сөз табының жұрнағы екенін ажыратып, омоним морфемаларға талдау жасаңыздар.
Белгілі, орынды, оқырман, бөлімше, жұмыскер, шыңғыру, байланыс, түндік, жабулы, төсек, тырнақ, белдеу, ойыншық, мекенде, білімді, балықшы, жатақхана, көрікті, дәулетті, жолаушы, өткірлік, ақылды, жағымды, қыстау, көктемгі, қонақ, бөлек, тапқыш, көргенді, бөлме, көрсетілу, көркемдік, бөлектену, көрме, көргіш, бөлектеу, көрініс, тапқыр, көрші, көзілдірік, тапсыру, көріс, көздеу, тапсырма, бөлшек, бөлім, көргенсіздік, тапқыштық, білім, көргіштік, бөлісу, көргенсіз, бөлгіш, көрім, бөліс, көрік, көрікті, көркем, көркемдік, көркемдену, жіасі, жібі, жіпсіз, жібіт, жаудыр, айтыс, жаулы, айтқыз, жауыз, жауын, айтулы, атты, суық, бақытты, дауылдата, бақытсыздық, желпі, басқарма, сана, бассыз, басқарушы, өрмек, киім, өрмекші, ботала.
3-тапсырма. Үзіндідегі әрбір туынды сөзді табыңыздар, қай сөз табынан қай сөз табына ауысқанын анықтаңыздар.
Бұл ауыл қазір Ойқұдықта. Осы қоныста Тәкежан, Абай, Ақберді, майбасар ауылдары да бар. Бар ауылдың бойдақ жылқысы бөлек жайылады. Одан бөлініп шыққан отаулар көп: Әзімбай және майбасар баласы Ахметжан, Ақберді баласы Мұстай тағы осындай бай балалары қазіргі күзде үлкен үйлерінен бөлініп,көп жылқыны бойдақтап алып, қасқабұлақ, Кіші Қасқабұлақ деген мол сулы қоныстарға көшкен. Ол қоныстар ойқұдықтан қашық емес, Сарадыр, Шолпан жоталарының қойнауында. Биыл жауын қалың боп, егін тегіс жақсы шыққан. Әсіресе осы Шолпан, Қасқабұлақтардың сыртында, Тайлақбай құдығының маңында өте қызықты боп қаулап шықты.
Мұнда жиыны алпыс үйдің жиырма жердей егіні бар. Биыл осы араға Базаралы, Абылғазылар да егін еккен. Егін енді орақты күтіп қалатын мезгіл тақау, тегіс сарғайған (М.Ә.).
4-тапсырма. а) Берілген жұрнақтар арқылы туынды түбірлер жасап, бұл жұрнақтардың ерекшелігін түсіндіріңіз.
-ат, -ай, -малы, -мақ, -ит, -қы, -сі, -ы, -ша, -сын, -ыл, -пыш.
ә) Төмендегі сөздерден түбірлес сөздер жасаңыздар, олардың әрқайсысының мағынасындағы өзгеріс пен ұқсастықты анықтаңыздар.
Бас, он, қақ, қыл, бер, көк, жи, біл, қара, ұш, ат.
б) Келтірілген туынды түбірлердің мағынасын өздері жасалған негізігі түбірлердің мағынасымен салыстырып, ерекшелігі мен ұқсастығын дәлелдеңіздер.
Арайлану, жылытқыш, жылдамдық, жоғарылау, байқағыштық, жекжаттық, жаңбырлы, жабағылы, ертеңгілік, жаңашылдық, дүниеқорлық, біркелкілік, жалғаулықты, беттегелі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет