Дістемелік кешені



бет87/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 2], 2. [1.7: 10], 3. [1.7: 13].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 8], 2. [1.7: 9].

7 БАОӨЖ тақырыбы: Сөздердің қолданылу аясына қарай бөлінуі.


Тапсырмалар:
1-тапсырма. Неологизмдер мен тұрмыстық қарапайым сөздерді, және диалектілер мен термин, кәсіби сөздерді ажыратып беріңіздер.
Ғарыш айлағы, кітапхана, сапарнама, жолақы, төлемақы, ғарыш кемесі, аэропорт, тік ұшақ, саптама, баспахана, ойынхана, тасбақа, жолдама, сары қымыз, белдік, қорап, жағажай, әуежай, халықаралық, сипттама, сараптама, бұқара, сарқыт, барқыт, ұялы телефон, саяхатшы, балгер, ұялы байланыс, жанұя, омарта, интернет, кездеме, масақ, қасық, пәлек, қарағай, ұя, лексика, азан (мезгіл), бақыр (суға толып тұр), әңгелек, синус, плюс, түбір (сөз), түбір (жерге терең бойлапты), кәмек (қауын), ашық-машық, елгезер (болса, ұн таза болар еді), түбір (жақ сүйегіне мықтап бекіпті).
2-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден көнерген сөздерді тауып, олардың қазіргі кезде архаиз болатындарын бір бөлек, историзм болатындарын бір бөлек айырып жазыңыздар. Көнерген сөздердің қолданылу ерекшеліктеріне талдау жасап, мағынасын анықтаңыздар.
Өз әскерлерінің ішінде бүлік шығуынан қорыққан Жәңгір хан қазақ жүздіктерін линиядағы орыс қорғаныстарына жіберді де, олардың орнына солдаттар мен казактардан құралған жазалаушы отрядтар алып, жаңағы жазалаушы мен төлеңгіттерден аралас жүздіктер құрды. Жеке жасақтарын Жәңгір аға сұлтанға көмекке жіберді (Ә.Әлімжанов). Есен баласы – Қайыпқали сұлтан өзін жәңгірден жәбір көргендердің қорғанымын, қайыпберен қырық шілтен құтқарушысымын деп жар салды (Ә.Әлімжанов).
3-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден қазақ тіліне араб-парсы және орыс тілдерінен енген сөздерді теріп жазып, олардың тілдегі қандай мағыналық топтарға жататынын анықтаңыздар. Қазіргі қазақ әдеби тілінде қолданылмайтын сөздерді бөліп көрсетіп, қолданылмау себебін түсіндіріңіздер.
Тәңірберген оны оңаша алып отырып, қайын атасы мен екеуінің арасына делдал дәнекер болуын өтініп еді: анау құлшына кірісетін пейіл білдіріп, жүгініп отыра қалды (Ә.Н.). Ақбала басқа кісінің сөзіне шүбәланса да, Тәңірбергенге сенетін, әсіресе оның ісінде қателік болмасына кәміл сенуші еді (Ә.Н.).Бірі арбакеш, бірі көшір, бірі жүкші, бірі тағы бірдеңе болып қала қыстайды, мұндайлар өздерін «зимовщик» дейді (І.Ж.). Қыстақтың шетіндегі үйіне қарай жаяу аяңдап келеді. Бұл маңдағы тар, қисық көшелерге асфальт төселмеген (О.С.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет